Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1014 материал табылды

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2023

Озаттар марапатталған күн

Шығыс Қазақстанда Еңбек күні кең көлемде аталып өтті. «Ертіс концерт» залында өткен марапаттау рәсіміне облыс әкімі Ермек Көшербаев қатысып, еңбегі сіңген азаматтарға алғысын айтты.

Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2023

Қымыз бен бал мейрамы

Шығыста өшкеніміз қайта жан­ған­дай мәре-сәре күйдеміз. Осыдан он шақты жыл бұ­рын дүркіреп өтіп тұратын «Туған жер – алтын бесігім» жобасы қайта қолға алынды. Бұл жолы Өске­менде Өр Алтайдың өнерпаздары әннен шашу шашып, ауыл­шаруашылық өнімдері жәрмеңке сөрелеріне қойылды.

Қоғам • 25 Қыркүйек, 2023

Өтемақы қашан төленеді?

Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасауды тапсырғаны белгілі. Артынша арнайы заң қабылданды. Құжатта қылмысы жеңіл азаматтарды жауапкершіліктен босату, ал ауыр қылмыс жасағандардың жа­засын жеңілдету мәселесі қамтылды. Соның нәтижесінде, біраз азамат қамаудан боса­тылды, бірқатарының жазалау мерзімі қыс­қарды.

Құрылыс • 21 Қыркүйек, 2023

Қаңтарылған құрылыс қашан қозғалады?

Басталуы басталғанымен, аяқсыз қалған құрылыс көп шығыста. Оған елдің еті әбден үйреніп кетті ме, елей бермейтін болған. Құрылысқа, жолға бөлінген қаржының қайда, қалай жұмсалғанын қадағалау әлсіз. Әйтеуір, басы – дардай істің аяғы – қылдай. Жуықта Марқакөл ауылындағы спорттық нысанның құрылысы да тұралап қалғанын айтып, жергілікті жұрт редакциямызға хабарласқан.

Мектеп • 21 Қыркүйек, 2023

«Шаңырақтан» – жайлы мектепке

Риддерде 16 мектеп бар болса, біреуі ғана қазақ тілінде білім береді. Ол – «Шаңырақ» мектеп гимназиясы. Қос корпусты мектеп ғимаратының бірі 1960 жылы бой көтерсе, енді бірі сонау қуғын-сүргін жылдары салынған. Заман озған, қос ғимарат тозған. Бүгінде «Шаңырақ» мектеп-гимназиясы ғимараттарында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, оқушылар уақытша басқа мектепке білім алуға көшірілген.

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2023

Сапасыз құрылыс сарсаңы

Жауапсыздық па, салғырттық па кім білсін, әйтеуір Шы­ғыс Қазақстанда жаңадан салынған сапасыз тұрғын үй көп. Өт­кен айда Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіне жұмыс са­парымен барған облыс әкімі Ермек Көшербаевқа жар­қы­рап тұрған 40 пәтерлі үйді емес, жертөлесі лай суға толып кет­кен Нұржау көшесіндегі жап-жаңа қос үйді көрсету керек еді.

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023

Берекелі жәрмеңке

Облыс орталығында аудандардың мәдени күндерін өткізу дәстүрі қайта жанданды. Әр аудан аптаның әр сенбісі сайын жәрмеңке ұйымдастырып, өскемендіктерге өз өнімдерін ұсынады, өнерлерін ортаға салады. Бұл жолы ат арытып келген Зайсан ауданы еді.

Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2023

Өнегелі іс-шара

Шығыс тұмса табиғатқа оранып отырған облыс болғандықтан шығар, халқы қоршаған ортаны қорғаумен байланысты іс-шараларға білек сыбана кіріседі. Кеше ел көлемінде басталған «Kieli tabigat» экологиялық акциясына да бір кісідей атсалысты.

Спорт • 05 Қыркүйек, 2023

Өскеменде БАҚ өкілдері арасында футболдан сайыс өтті

Өткен аптада шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында Өскемен қаласы әкімінің кубогіне республикалық турнир өтті. Қала күніне орай ұйымдастырылған футболда салауатты өмір салтын насихаттап жүрген әр өңірдің журналистері бас қосты.

Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2023

Иесіз жер болмайды

Мал басын көбейтіп, нәпақа таба қояйын деген жұрттың жерден таршылық көріп отырғанын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білген соң да иесіз және пайдаланылмай жатқан жайылым мен шабындықты мемлекет меншігіне қайтару керектігін айтты. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында 160 мыңнан аса гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.