Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
420 материал табылды

Ауыл • 18 Тамыз, 2023

Ауылды түлететін нық қадам

Өткен жылдың соңында Ақтөбе облысында басталған «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар қатары күн санап көбейіп келеді. Жылдық пайызы өте төмен мөлшерде несие алып кәсіп бастаушылардың қатарына тауарлы несие алғандар да қосылды. Осылайша, елімізде ең бірінші болып кепілдік мүлкі жоқ, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды тауарлы несиелеу жобасы­ қолға алынды.

Білім • 03 Тамыз, 2023

Маман даярлауға грант бөлінді

Биыл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандар даярлауға Ақтөбе облы­сында жергілікті бюджет есебінен 80 грант бөлінді. 38 орын бакалавриатқа тү­сушілерге, 42 орын магис­тратура мен резидентурада білімін жалғастырушылар үшін қарастырылды.

Ғылым • 01 Тамыз, 2023

Жапон ғалымын қызықтырған тары

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары ақ тары өсіруден әлемдік рекорд орнатқан Шығанақ Бер­сиевтің туған жері Ойыл ауданына Осака Гакуин университетінің профессоры, этноботаник Эмико Такеи келді. Қазақтың тарысын 40 жыл зерттеп келе жатқан жапон ғалымының ұзақ жылдан бергі арманы Шығанақтың елін көру екен.

Медицина • 25 Шілде, 2023

Балалар дәрігерінің орны

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті бастамасымен «Педиатр қоғамы» қайта құрылды. Құрамына облыстық денсаулық сақтау басқармасының Ана және бала денсаулығын қорғау бөлімі мамандары, қалалық емхана меңгерушілері, балалар және жалпы тәжірибедегі дәрігерлер мен зейнетке шыққан медицина қызметкерлері кірген қоғамдастықтың 76 мүшесі балалар сырқатымен күресуді қолға алды.

Қоғам • 21 Шілде, 2023

Мұғалімдерге – шипажай жолдамасы

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық филиалы 51 мұғалімге еліміздің шипажайларына жолдама берді. Олардың қатарында арнайы түзетілім орталықтарының қызметкерлері, ауыл мектептерінде ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі ұстаздар бар.

Тарих • 10 Шілде, 2023

Қобда бойындағы ғұн қонысы

Ә.Марғұлан атындағы Археология институты мен Ақтөбе облыс­­тық тарихи-өлкетану музейі археологтері Қобда ауда­нындағы ғұндар қорымында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Партия • 10 Шілде, 2023

Өнім өткізу нарығы алаңдатады

Мәжіліс депутаттары, «Amanat» фракциясының мүшелері Ғалымжан Елеуов, Қазыбек Әлішев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында «Айс плюс» ЖШС ұжымымен кездесіп, сүт өңдеу зауытын жаңғырту барысымен танысты.

Қоғам • 28 Маусым, 2023

Майталман

«Egemen Qazaqstan» газетінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет атқарған Сатыбалды Сәуірбайұлының ұлттық журналистиканың дамуына қосқан үлесі зор. Өңір тынысын басылым беттерінде зерделеген баспасөз майталманының өмір жолы кейінгі буынға өнеге.

Қоғам • 27 Маусым, 2023

Судан келер қатер көп

Облыстық төтенше жағ­дайлар департаменті мен полиция қызметкерлері су­ға шомылу маусымында тұр­ғындардан сақтық шараларын сақтауды қан­ша ескертсе де Ақтөбе өңі­рінде бір айдың ішінде кә­мелет жасына жетпеген же­ті бала мен екі ересек адам суға кетіп қайтыс бол­­ды.

Қоғам • 20 Маусым, 2023

Күн қуатымен жүретін көліктер

Ақтөбеде күннен қуат алып жүретін көліктер көрмесі болды. Төбесіне күн батареялары орнатылған сегіз көлік 11 маусым күні Оралдан шыққан. Алайда жолда екеуі бұзылып қалып кері қайтқан. Аптап ыстықта, күн қатты қызған уақытта ғана жүретін қолдан құрастырылған көліктерімен Орал мен Ақтөбе арасындағы 800 шақырымды бір аптада жүруінің себебін күн қызуының аздығы мен желдің күштілігінен қажетті жылдамдықты ала алмағандықтарымен түсіндірді. Олар бір жағынан елімізді саяхаттап, екіншіден қолдан құрастырылған көліктерін сынауды жоспарлаған. Жігіттер еліміздің оңтүстік белдеуін басып өтіп, Алматыға дейін бармақшы. Алда оларды 2 мың шақырым жол күтіп тұр.