Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
399 материал табылды

Аймақтар • 22 Қазан, 2020

Хромтау ауданында жұмыссыздар кәсіп ашты

Соңғы жылдары кәсіпкерлік негіздеріне оқып, мемлекеттен қайтарымсыз грант пен арзандатылған несие алған бірнеше хромтаулық тұрғын өз кәсіптерін кеңейтіп, бірнеше  жұмыс орындарын ашып үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 20 Қазан, 2020

Ақтөбеде карантиндік стационарлар қайта ашылды

Ақтөбе қаласында өткен тәулікте коронавируспен ауырған бір науқас тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 20 Қазан, 2020

Мөлдірбұлақтың көзін ашты

Демалыс күні қала әкімдігінің бір топ қызметкері мен велоспортшылар Ақтөбе қаласының іргесіндегі Ескі сүт зауыты аумағындағы көміліп қалған бұлақтың көзін ашып, осы төңіректі қоқыстан тазартты.

Аймақтар • 16 Қазан, 2020

Үнемделген қаржы газ жүргізу мен көпбалалы отбасыларға үй салуға жұмсалады

Жыл соңында үнемделген облыстық бюджет қаржысы  Ырғыз ауданының Ақши, Құрылыс, Шеңбертал ауылдарына газ құбырын жүргізуге, аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін  үй салуға, қан ауруына шалдыққан балаларды  емдейтін стационар құрылысына жұмсалатын болды.  Бұл  туралы  облыстық мәслихаттың  кезектен тыс 46-шы сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды  Egemen.kz

Қоғам • 16 Қазан, 2020

Жоқ іздеген жастар

Биылғы Волонтер жылында осы қозғалыстың «Birgemiz» тұжы­рымдамасы негізінде 43 тармақтан тұратын жұмыс жос­пары бекітілгені белгілі. Соның бір тармағы – қайырымдылық шараларына бағытталған «Umit» жобасы. Осы жоба негізінде 30 ақтөбелік волонтер «Зелло. Іздеу» командасымен бірлесе жоғалған адамдарды іздестірумен айналысты.

Өнер • 15 Қазан, 2020

Батырдың кестеленген бейнесі

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық музейінде «Әлия – қаһармандық дастаны» атты кәсіпқой суретшілер мен қолөнер шеберлері арасындағы байқау қорытындысы жарияланды. Қазылар алқасы кескіндеме, графика, қолөнер бағыты бойынша Алматы қаласы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау облыстарынан келіп түскен 23 жұмысты қарап, соның ішінен жеті жұмысты үздік деп таныды.

Қоғам • 14 Қазан, 2020

Қоғам жастардың қолдауын сезінді

Қатарына екі мың жасты біріктірген Ақтөбе өңіріндегі волонтерлік топтар пандемия кезінде, тазалық акциясын өткізуде, қиын балалармен жұмыс істеуде және ата-анасы жоқ балаларға қамқорлық танытуда ерекше көзге түсті. Сондай-ақ жоғалған адамдарды іздестіріп табуда полиция қызметкерлеріне көмегін тигізді. Аз уақыт ішінде біраз тәжірибе жинақтаған белсенді жастар жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды деп отыр.

Аймақтар • 12 Қазан, 2020

Ауласында қарасора өсірген тұрғын ұсталды

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің  есірткіге қарсы  күрес басқармасы қызметкерлері  Мәртөк ауданындағы Аққайың ауылындағы бір тұрғын үйдің ауласынан он түп қарасора өсімдігі мен осы үйдің сарайынан  2 килограмм 300 грамм марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 12 Қазан, 2020

Мәншүктің мүсіні орнатылды

М.Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі оқу ғимаратының алдына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың мүсіні орнатылды.

Руханият • 12 Қазан, 2020

Темірдің жұлдызы әлі жанған жоқ

ХІХ-ХХ ғасырдың аласапыран оқиғалары көшесінде таңбасын қалдырған Темір қаласында көзге түсетін бірсыпыра құрылыс бар. Бұлар – қаланың айбарын асырып тұрған Қазан үлгісімен салынған ескі мешіт, онымен құрдас православ шіркеуі, 1894 жылы тұрғызылған уезд бастығының екі қабатты еңселі үйі. Кезінде қаланың сәулетін айшықтаған «Зингер» тігін машиналарын сататын дүкен, ағайынды көпес Демидовтардың сауда үйін, жәрмеңке дүкендерінің орындарын бүгінде таппайсыз.