Білім • 11 Шілде, 2024
Жазғы каникул күндерінде Ақтөбе облысында қала сыртында 7,мектепішілік 574 лагерь жұмыс істеп, өңірдегі жүз мыңнан астам мектеп оқушысына қызықты демалыс сыйлайды. Облыстық білім басқармасы БАҚ өкілдері үшін баспасөз турын ұйымдастырып, үш лагерьдегі сауықтыру шараларымен таныс-тырды.
Аймақтар • 06 Шілде, 2024
Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева және депутаттар Жұлдыз Сүлейменова, Мақсат Толықбай, Қазыбек Әлішев су тасқынынан баспанасыз қалған 40 адам уақытша тұрып жатқан Ақтөбе қаласындағы эвакуациялық пункттердің бірін аралады.
Экология • 05 Шілде, 2024
Өзен жағасын ластағандар ескерту алды
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында облыстық полиция департаменті «Экопатруль» іс-шарасын ұйымдастырып, заңсыз қоқыс төгушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартуды қолға алды. Полиция қызметкерлері табиғатты бүлдірушілерге қолданылатын әкімшілік шаралар жөнінде көшелерде жадынама таратты.
Қоғам • 03 Шілде, 2024
Құқықтық нормалар түсіндірілді
Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева мен Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Ақтөбе облысының депутаттармен және әйелдер қауымымен кездесті. Отырыста соңғы заңнамалық өзгерістер талқыланды.
Қоғам • 03 Шілде, 2024
Көп жыл бұрын Қостанай қаласында тұратын үлкен кісі қоңырау шалды. Жасы сексенге келген, бала-шағасының ортасында бақытты ғұмыр кешіп жатқан қазақтың бір аяулы анасы. Сөзі өтімді, ширақ кісі екендігі телефонның дауысынан білініп тұрды.
Мирас • 03 Шілде, 2024
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде қолөнерші, шебер Айдос Мұратұлының қолынан шыққан асадал, киіз үйдің сықырлауық есігі, әртүрлі пішіндегі сандықтар мен қобдишалар, сүйекпен көмкерілген аттың ері тұр. Ол –ағаш, тері, сүйектен тамаша дүниелер жасаған қазақ қолөнершілер мектебінің ХХ ғасырдағы соңғы тұяқтарының бірі. 1933 жылы Қазақстанның Оқу ағарту комиссары болып тағайындалған Темірбек Жүргенов Айдос шеберді Алматыға Қазақ ұлттық опера және балет театрын безендіруге, сахналық қойылымдарға ұлттық бұйымдар жасауға шақыртады. Ұлттық театр алғаш шымылдығын 1934 жылдың қаңтарында М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» операсымен түргенін білеміз. Сахналық қойылымдардағы әртістердің киімінде, ғимараттың қабырғасындағы ою-өрнектерде 54 жастағы Айдос шебердің де қолтаңбасы қалды. Осы еңбегі үшін Айдос Мұратов 1945 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Қоғам • 03 Шілде, 2024
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиевтің Алға ауданы тұрғындарымен кездесуінде химия зауытының қалдықтарын жою, Елек өзенін тазарту жайы талқыланды. Елек өзенінің алты валентті хроммен ластануы – еліміздегі ең үлкен экологиялық мәселелердің бірі.
Өндіріс • 27 Маусым, 2024
Крафт-орауыш шығаратын кәсіпорын
Қазақ зағиптар қоғамының «Ақтөбе оқу-өндірістік комбинаты» ЖШС қоршаған ортаны ластамайтын қағаз орауыштар шығарумен 2019 жылдан бері айналысады. Бес жылдан бері сапалы да сәнді крафт-орауыш шығаруды жолға қойған серіктестік мамандары өнім түрлерін көбейтіп, сатылым арналарын кеңейтті.
Білім • 25 Маусым, 2024
Биылғы оқу жылында өңіріміздегі 321 мектептің 11-сыныбын 9 236 түлек аяқтаса, оның 480-і «Алтын белгіге», 663-і жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа ие болды. Ал Ақтөбе облысында ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру мерзімі 25 мамырдан 11 шілдеге дейін жалғасады.
Қоғам • 19 Маусым, 2024
Тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдер мен бала құқығын қорғауға қатысты мемлекеттік деңгейде жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қоғамдағы беті бүркемеленген мәселелер ашыла бастады. Соның ішінде ақыл тоқтатқан ересектердің жеңіл ақша табу жолына түсіп, алаяқтықпен айналысуы күрделі мәселеге айналып барады.