Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ
Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
732 материал табылды

Жастар • 19 Сәуір, 2023

Жастардың алқалы жиыны

Астанада «Meta MEET» XIХ республикалық студенттер слеті өтіп жатыр. Үш күндік іс-шараны Қазақстан студент­терінің альянсы ұйымдастырды. Дәстүрлі жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен 1 мыңға жуық қыз-жігіт жиналған.

Үкімет • 13 Сәуір, 2023

Мемлекет ғылымның дамуына мүдделі

Орталық коммуникациялар қызметінде Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда отандық ғылымды одан әрі дамыту жайы талқыланды. Ғалымдар әлемдік ғылымның көшбасшы елдерінің мысалында ғылыми үрдістер мен перспективалар жайын сөз етті.

Қазақстан • 13 Сәуір, 2023

Цифрлық нотариат

Енді ел тұрғындары сенімхаттарды «eGov Mobile» арқылы онлайн форматта рәсімдей алады. Әділет министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, азаматтарға нотариаттық қызметтер алуды айтарлықтай жеңілдететін «Цифрлық нотариат» жобасын таныстырды.

Саясат • 12 Сәуір, 2023

«Microsoft» мульти аймақтық хаб ашады

«Microsoft» корпорациясымен Қазақстан аума­ғында орналасатын мультиаймақтық хаб ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл Цифр­лық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігі мен еліміздің Сан-Фран­циско қаласындағы (АҚШ) бас консулдығының бірлескен жұмысының нәтижесі.

Субсидия • 12 Сәуір, 2023

Ақпараттық жүйенің ахуалы

Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесіне (gosagro.kz) қатысты жағдайлар қызу талқыланып жатыр. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев түсініктеме берді.

Қазақстан • 12 Сәуір, 2023

Ғарышпен байланыс – ғаламға пайдалы іс

Тәуелсіздік елдің егемендігімен ғана өлшенбесе керек. Мемлекет әр салада үстемдік құрып, бәсекеге қабілетті болғанда ғана тәуелсіздіктің төрт құбыласы теңеледі. Шетелге телміруді шектеген сайын тәуелсіздіктің де тамыры тереңдейді. Біз бағыт алған «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы дәл осындай мақсатпен құрылған болатын.

Спорт • 11 Сәуір, 2023

Ұлттық мектеп лигасы

Он спорт түрінен Ұлттық мектеп лигасы өтіп жатыр. Биыл лига ойындары баскетбол, футзал, волейбол, гандбол, футбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, бес асық, асық ату, жеңіл­атлетикалық кросс спорт түрлерін қамтыды.

Білім • 11 Сәуір, 2023

Наурыз айындағы ҰБТ қорытындысы

Наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сынағын 111 мыңға жуық оқушы тапсырды. Оның ішінде түлектердің 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайы­зы орыс тілінде, 141 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Пікір • 09 Сәуір, 2023

Ғалым қыздың өнегесі

Бізде өрескел түсінік қалыптасқан. Қазақша білмейтін, жатпен жұп құраған адамды ұлттың жауы, адамның соры санаймыз. Жуырда өзіміз куә болған бір оқиға әлгі түсініктің тас-талқанын шығарғандай болды.

Қоғам • 09 Сәуір, 2023

Цифрлық картаның жемісі

Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 75 мыңнан аса адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданған. Бұл ретте өтініш бермей-ақ жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 5,8 мың адам пайдаланған.