Инфографика • 13 Ақпан, 2023
Президент бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғаны белгілі. Оқушының сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасайтын жоба аясында алдағы үш жылда 401 жаңа мектеп салынбақ. Мұндағы «Жайлы мектеп» қандай мектеп? Оның қазіргі қолданыстағы білім ордаларынан қандай айырмашылығы бар?
Қылмыс • 09 Ақпан, 2023
Digital Almaty 2023 форумы аясында Ұлттық банктің төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы, Binance Kazakhstan Technologies Ltd, Astana Hub халықаралық технопаркі және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы төртжақты келісімге қол қойды.
Экономика • 08 Ақпан, 2023
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы цифрлық серіктестерімен бірлесіп, Digital Almaty 2023 форумында жаңа блокчейн-өнімін таныстырды. Енді қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен нотариусқа жүгінбей-ақ, жылжымайтын мүлікті онлайн платформада сатып ала алады.
Инвестиция • 08 Ақпан, 2023
2022 жылдың қаңтар-қараша айларында кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласында негізгі капиталға салынған инвестиция 45,5 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 14,7 пайызға аз. Нақты көлем индексіне (81,1 пайыз) қарасақ, нақты мәнде төмендеу 18,9 пайызды құрады. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
Технология • 05 Ақпан, 2023
Виктор Брус бастаған физиктер тобы өнімділігі жоғары және радиацияға төзімді жаңа фотодиод жасап шықты. Қазақ топырағында жасалған зерттеу нәтижелері туралы мақала халықаралық Advanced Optical Materials журналына жарияланды. Тіпті сүйінші хабар беделді басылымның мұқабасынан басталған. Біле білсек, бұл – үлкен жетістік, зор мақтаныш.
Университет • 05 Ақпан, 2023
Ұлыбритания университетінің Ақтөбедегі филиалы
Еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігі, Heriot-Watt университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Министр Саясат Нұрбектің Ұлыбританияға жасаған сапары барысында бекітілген құжаттың берекесін көрер күн де алыс емес.
Технология • 03 Ақпан, 2023
Түркі тілдерін танитын технология
Жүре берсең, көре бересің деген рас екен. Nazarbayev University-нің ғалымдары түркі тілдерін танитын технология ойлап тауыпты. Тың технология адамдардың қай тілде сөйлесіп отырғанын әп-сәтте-ақ анықтап береді. Қазақшадан бөлек, тағы 9 түркі тілін танитыны қандай тамаша?!
Қоғам • 02 Ақпан, 2023
Enbek.kz қосымшасы іске қосылғалы бері 12 мыңнан аса адам оны жүктеп алған. Enbek.kz порталының мобильді қосымшасы Электронды еңбек биржасындағы қызметтерді смартфонның көмегімен алуға мүмкіндік береді.
Қоғам • 01 Ақпан, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Ядролық технологиялар паркі радиациялық оқшаулау қабаты бар кәбілдердің алғашқы отандық өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Ғалымдар тың дүниені өндірушілермен бірлесіп жүзеге асырмақ ниетте.
Сұхбат • 01 Ақпан, 2023
Тариф және инвестиция: тығырықтан шығар жол
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу керегін айтты. Соның есебінен желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайту қажеттігін де тапсырды. Президенттің осы бір тапсырмасы қалай орындалып жатыр? Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан БОЛАТБАЕВТАН сұрап білдік.