Технология • 31 Қаңтар, 2023
Қазіргі таңда интернеттің адамзат үшін маңызы өлшеусіз. Қазақстанның телекоммуникация саласының маңызды міндеттерінің бірі – 5G ұялы байланысының бесінші буынын енгізу.
Үкімет • 31 Қаңтар, 2023
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында «Фостерлік отбасылар», «Ауыл Аманаты», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Жайлы мектеп», дуалды оқыту бағдарламаларын жүзеге асырудың барысымен танысты.
Экономика • 29 Қаңтар, 2023
Сырдың күріші – сыртқы нарықта
Былтыр Қазақстан экспорттаушылары «Экспорттық акселерация» бағдарламасы аясында 262 млн долларға тауарлар мен қызметтерді жеткізуге келісімшарт жасасты. Бұған экспортты мемлекеттік қолдау операторы «QazTrade» ықпал етті.
Қысқы спорт • 29 Қаңтар, 2023
Еліміздің тау шаңғысы курорттарына келген туристер саны 1,5 млн дейін өскен. Жыл сайынғы өсім 20 пайызды құрап отыр. Мәдениет және спорт министрлігі жұмыс істеп тұрған нысандарға түскен шамадан тыс жүктемені азайту үшін жаңа нысандарды ашуға бастамашы болмақ.
Туризм • 29 Қаңтар, 2023
Түсімнің көзі – туристік жарна
Биыл елімізде туристік жарна төлеу тетігі енгізілді. Қазақстанға келген әрбір шетелдік турист қонақүйдегі жатын орын ақсының 5 пайыздан аспайтын мөлшерінде ақша төлеуге тиіс. Жергілікті бюджетке түсетін бұл қаржы отандық туризмді дамытуға жұмсалатын көрінеді. Дұрыс-ақ. Алайда қоғамда «жарна шетелдік туристердің келуін шектейді» деген пікір де жиі айтылып жүр. «Жарна жинамас бұрын оларға жайлы қызмет, жақсы жағдай ұсынып алайық», дейді олар. Әуелі жарнаға лайық жағдай жаса дегені ғой. Мұнымен де келісуге болатындай.
Экономика • 27 Қаңтар, 2023
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 14,7 трлн теңге болды. Жыл қорытындысында Ұлттық банк пен инвестициялық портфельді басқарушылар қамтамасыз еткен инвестициялық кіріс шамамен 914,4 млрд теңгені құрады. Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,55 пайызға тең.
Экономика • 27 Қаңтар, 2023
Әлеуметтік желілер – өміріміздің ажырамас бөлігі. Бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, танымал тұлғалардың әлеуметтік желілердің ауылына әлдеқашан «қоныстанғаны» да сондықтан. Ел-жұртқа танылғысы келетіндердің бәрі дәл осы әлеуметтік желілерді төңіректейді. Мұны даңқ пен дақпыртыңды дүниеге жаяр сиқырлы күш десе де болғандай. Ал адамдар қанша уақытын әлеуметтік желілерге арнайды? Қандай желілер жаһан жұртына танымал? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Елорда • 27 Қаңтар, 2023
Астанада интернет сапасы жақсарады
Ауылды айтасыз, Астананың кейбір аудандарында интернет байланысы нашар. Әсіресе қаланың шеткері аумағында тұратындар осы бір мәселемен бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан әкімдік жағдайды реттеу үшін жүйелі жұмыс жүргізуге мүдделі.
Экономика • 24 Қаңтар, 2023
Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында ведомствоның 2022 жылғы жұмысының нәтижелері талқыланып, алдағы жоба-жоспарлар пысықталды. Елдің агроөнеркәсіптік кешені жыл қорытындысы бойынша оң серпін көрсетті. Мәселен, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемі 9,1 пайызға артып, 9,3 трлн теңгеге жетті.
Экономика • 24 Қаңтар, 2023
Кеңейген стартап бағдарламалары
Қазақстан Орталық Азиядағы Google for Startups жаһандық компаниясымен бірге акселератор жүргізетін алғашқы және жалғыз мемлекет мәртебесінде қала бермек. Silkway Accelerator бірлескен бағдарламасының өткен жылғы екі легінің тиімділігі мен өнімділігін ескере отырып, Google for Startups осы жылы Astana Hub-пен эксклюзивті серіктестігін жалғастыратын болады.