Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ
Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
732 материал табылды

Қоғам • 10 Қаңтар, 2023

McDonald’s Қазақстаннан неге кетті?

Соңғы бірнеше күнде McDonald’s-тің Қазақстан нарығынан кетуі қоғамда көп талқыланды. Әлбетте, жейтін ауызға дәмді бургер қашанда табылады ғой. Бірақ McDonald’s секілді әлемдік брендтің біздің нарықтан жылыстауы шетел инвестициясына иек артып отырған еліміздің беделіне нұқсан келтірері анық. Дегенмен аталған жағдайға қатысты құзырлы мекемелердің де айтар уәжі бар екен.

Экономика • 09 Қаңтар, 2023

Дайындықтың дер шағы

Отандық шаруалар алғаш рет көктемгі егіске дайындық қаражатын ерте алып отыр. 2023 жылдың егін егу жұмыстарын жүргізуге Аграрлық несие корпорациясы 23 млрд теңге бөлді. Енді шаруашылықтар көктемге ерте қамданатын болады.

Экономика • 06 Қаңтар, 2023

Декларация тапсыруды ұмытпаңыз!

Биылдан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайы салық органдарына кірісі мен мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті. Яғни осы жылы жалпыға бірдей декларациялау бюджет қызметкерлеріне – мұғалімдерге, дәрігерлерге, спорт және мәдениет өкілдеріне, сондай-ақ ква­зимемлекеттік және ұлттық компаниялардың қызметкер­леріне қатысты болады. Мәлі­меттерді уақтылы ұсынбағандарға әкімшілік айыппұл салынады.

Қоғам • 06 Қаңтар, 2023

Tech Orda тәлімі

Елімізде 49 жекеменшік IT-мектеп Tech Orda бағдарламасы бойынша IT-мамандарды даярлауды бастады. Бұл бағдарлама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген болатын. Дәлірек айтсақ, Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың IT-маман даярлау міндетін жүктеген еді.

Қоғам • 06 Қаңтар, 2023

Бакудің бас жүлдесі – бізде!

Әзербайжан астанасы Бакуде өткен SAF-2022 роботтехника фес­тивалінде Қазақстан оқушылары жеңіс тұғырынан көрін­ді. Сүйінші хабарды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жеткізді.

Экономика • 04 Қаңтар, 2023

Қай көлікке сұраныс жоғары?

Отандық автонарықтағы 2021 жылғы тенденция былтыр да сақталды. 2022 жылы да сатып алушылар тарапынан Chevrolet, Hyundai, KIA, Toyota және LADA автомобильдеріне сұраныс көп болды. Жалпы, еліміз бойынша сатылған автомобильдердің 76 пайызы осы маркаларға тиесілі. Әсіресе Chevrolet Cobalt, Chevrolet Nexia және Hyundai Tucson модельдеріне сұраныс жоғары. Сондай-ақ былтыр Toyota Camry автомобильдері Қазақстанда көп сатылған 10 модельдің қатарынан шығып қалды.

Саясат • 01 Қаңтар, 2023

Бақтықожа Ізмұхамбетов: Әкім атқарушы емес, бастамашы болуы керек

Мемлекет және қоғам қайраткері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің есімі мен еңбегі жалпақ жұртқа жақсы таныс. Әр жылдары Батыс Қазақстан және Атырау облыстарын басқарған, еліміздің Энергетика министрлігіне жетекшілік еткен, екі мәрте Парламент Мәжілісінің депутаты әрі Мәжіліс төрағасы болған ол, қазір республикалық Ардагерлер ұйымын ұйыстырып отыр. Тәжірибесі таудай қайраткер тұлғаның айтары да көп. Көргені көп болған соң көшелі сөз айтатын Бақтықожа Ізмұхамбетовпен әңгімелескен едік.

Экономика • 30 Желтоқсан, 2022

Газ саласы – экономиканың жаңа драйвері

QazaqGaz: жыл қорытындысы, жаһандық трендтер және газ саласының бағындырар белестері туралы Әлемдік және отандық газ саласы үшін 2022 жыл үлкен өзгерістерге толы болды. Осы ретте «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар ЖАРКЕШОВПЕН 2022 жылы жаһандық газ нарығындағы айтулы өзгерістер және оның Қазақстанға әсері, стратегиялық және тактикалық шешімдер, жақын арада болатын газ саласындағы реформалардың нәтижелілігі мен міндеттері туралы әңгімелескен едік.

Экономика • 30 Желтоқсан, 2022

Тың жоба, лайықты бастама

Биыл елімізде тамақ, жеңіл және химия өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтика, мұнай өңдеу секілді салаларда жаңа кәсіпорындар ашылды. Экономиканың нақты секторын нығайту басқа салаларға мультипликативті әсер беретінін ескерсек, жүзеге асырылған жобалар жаңа жұмыс орындарының ашылуына және азаматтардың әл-ауқатының артуына арқау болды.

Қоғам • 30 Желтоқсан, 2022

Алпауыттар ағылған жыл

Елге шетел инвестициясын тарту – Үкімет жұмысындағы негізгі басымдықтың бірі. Бұл іске әкімдер мен министрлердің үлкен жауапкершілікпен қарайтыны да сондықтан. Осы орайда Қазақстан сыртқы қолайсыз жағдайларға қарамастан шетелдік инвесторлар үшін тұрақты инвестициялық ахуал қалыптастырып келеді. Геосаяси жағдайға байланысты Ресей нарығынан жылыстаған ірі компаниялардың Қазақстанға қоныс тебуі – соның дәлелі.