Қоғам • 13 Маусым, 2023
«Coursera»-ның қазақша дәрістері
«Coursera» қазақ тілінде» жобасы аясында әлем профессорларының курстарын қазақ тіліне аудару басталды. Бұл туралы «Coursera» компаниясының бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальдамен болған кездесуде мәлім болды.
Қоғам • 11 Маусым, 2023
Мақсат – Smart инвесторлар табу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 35-пленарлық отырысы аясында «Astana Hub» халықаралық технопаркінің қатысушылары өздерінің IT-жобаларын таныстырды.
Ғылым • 07 Маусым, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында дамыған елдердегі кәсіпорындардың жартысынан көбі бесінші технологиялық деңгейге, сондай-ақ 5 пайызы алтыншы деңгейге жеткенін айтып, елімізді үздіктердің қатарына қосу үшін ғалымдарға айрықша міндет жүктеген болатын. Озық технологиялармен біте қайнасып жатқан бұл заманда кез келген кәсіпті ақылмен басқармасаң, ұпай түгендеу қиын. Бірақ бабын таба білсең, табыс сыры ғылымда жатыр. Елімізде ғылым мен өнеркәсіптің тығыз байланысы әсіресе жол құрылысында аса өзекті. Осы тұста Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты Жол құрылыс материалдары мен жаңа технологиялар бөлімінің басшысы, химия ғылымдарының PhD Салтанат ӘШІМОВАНЫ әңгімеге тартқан едік.
Технология • 06 Маусым, 2023
Ғарыштық технология стартаптары
Алматыдағы «Central Eurasian Venture Forum» аясында ұйымдастырылған «Space Tech Battle» стартаптар жарысында ғарыштық технологияларды дамытуға бағытталған үздік 10 IT-жоба бақ сынасты. Осы саладағы сарапшылар мен инвесторлардан құралған қазылар алқасы 10 жобаның ішінен үш жеңімпазды анықтады.
Елорда • 02 Маусым, 2023
Ортақ әліпби туыстықты тереңдетеді
Түркі академиясы Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) хатшылығының, Түрік тілі қоғамының және Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих бас мекемесінің қолдауымен Астана қаласында Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының бірінші отырысын өткізді. Жиынға комиссия мүшелері, түркі елдеріндегі тіл білімі ғылыми зерттеу институттарының қызметкерлері, осы салада жұмыс істейтін өзге де мамандар қатысты.
Қазақстан • 01 Маусым, 2023
Интернет жылдамдығы: Біздің ел көш бастап тұр
Қазақстан Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында интернеттің жылдамдығы бойынша көш бастап тұр. Осы жылдың сәуір айының қорытындысында интернет жылдамдығы рейтингінде еліміз 11 сатыға көтеріліп, 72-ші орынға тұрақтады. Бізбен іргелес һәм одақтас елдер ішінде Армения – 80-ші, Қырғызстан – 83-ші, Ресей – 89-шы, Өзбекстан – 104-ші, Беларусь –126-шы, Тәжікстан129-шы орынды иеленген.
Инфографика • 01 Маусым, 2023
Сонымен кезекті оқу жылы да аяқталды. Кеше оқушылар мектептегі соңғы сабақтарын өткізді. Ал бүгін білім ошақтарында соңғы қоңырау соғылады. Алда – 90 күндік демалыс.
Үкімет • 29 Мамыр, 2023
Сараптама нарығын алаңдатқан құжат
Биыл сәуір айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс жобаларын сараптау нарығына қатысты бұйрығының жобасы шыққан-ды. Бұл құжатта Ғимараттар мен құрылыс нысандарын техникалық және технологиялық жағынан күрделі нысанға жатқызу ережесіне өзгеріс енгізу қарастырылған. Іле-шала «Сараптама ұйымдары палатасы» аккредиттелген сараптамалық ұйымдардың кәсіби бірлестігі аталған құжаттың теріс әсері болатынын айтып, қарсылық танытты.
Әлем • 23 Мамыр, 2023
Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Моңғолиядан келген 15 стартап Кремний алқабында бес апталық «Hero Training» бағдарламасы бойынша оқуды бастады. Олар «Astana Hub» және «Draper University» халықаралық технопаркінің «My Ventures»-пен серіктестікте бірлескен преакселерациялық бағдарламасының нәтижелері бойынша іріктеліп алынған.
Білім • 23 Мамыр, 2023
18 мамырда негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу басталғанын хабарлаған едік. Ол 5 шілдеге дейін жалғасады. 166 мың талапкер екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мың өтініш берген. Оның ішінде тапсырушылардың 75 пайызы – қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде, 243 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдіріпті.