Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ
Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
655 материал табылды

Экономика • 02 Ақпан, 2022

Бір жылдағы өсім – 1 пайыз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың алдын ала қорытындыларын жариялады. Ресми дерекке сүйенсек, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қор салымшыларының шотында 13,1 трлн теңге жинақталған. Көрсеткіш бір жыл ішінде 156,6 млрд теңгеге ұлғайған. Бұл дегеніміз – 1 пайыз.

Сұхбат • 01 Ақпан, 2022

Абыл Кекілбаев: Қазақстанда азаматтық авиацияның даму стратегиясы атымен жоқ

Абыл КЕКІЛБАЕВ – ICAO, яғни Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Орталық хатшылығында жұмыс істеген алғашқы және әзірге жалғыз қазақ. Тегінен танып тұрғандарыңыздай, азаматтық авиация саласында 15 жылдық тәжірибесі бар білікті маман – аты аңызға айналған абыз қаламгер Әбіш Кекілбаевтың немересі. Отандық авиация саласын дамытуға қатысты ой-пікірін ашық айтып жүрген ол редакциямызға арнайы келіп, сұрақтарымызға бүкпесіз жауап берді.

Экономика • 01 Ақпан, 2022

Қордағы қаражат көбейді ме?

2022 жылдың 1 қаң­тарын­дағы жағдай бойын­ша инвестициялық бас­қару­дағы зейнетақы актив­терінің жалпы көлемі 13,1 трлн теңгені құрады. Оның 13 трлн 46,57 млрд теңгесі Ұлттық банкке сенім­герлік басқаруға беріл­ген қаржы. Ал инвести­циялық портфельді басқару­шылар­дың үлесіндегі актив шамамен 7,5 млрд теңгеге жетті. Инвестициялық қызмет­тің нәтижесінде, 2021 жылы есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 1,4 трлн теңгені құрады.

Қаржы • 31 Қаңтар, 2022

Зейнетақы активтері: кірістілігі һәм инфляция

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Ұлттық банкке берілген зейнетақы активтерінің кірістілігі былтыр 11,13 пайызды құрады.

Бизнес • 28 Қаңтар, 2022

Ұлттық палата ұтқырлық танытты

«Қаңтар қасіреті» деп аталып кеткен елдегі төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлік саласы көп шығынға ұшырады. Теріс пиғылды топтар бизнес нысандарын қиратып, өртеп, тонады. Міне, дәл осындай алмағайып шақта мыңдаған кәсіпкердің басын біріктіріп отыр­ған «Атамекен» ұлттық кәсіп­кер­лер палатасы едел-жедел қи­мыл­дап, зардап шеккен бизнес өкіл­деріне қолдау көрсетті. Әрі-сәрі күй кешкен кәсіпкерлерге барынша демеу болды.

Қоғам • 26 Қаңтар, 2022

Карантинді жеңілдету жауапкершілікті азайтпайды

Елдегі эпидемиялық жағдайға қарамастан, инфекциямен күресудің екі жылдық тәжірибесін ескере отырып карантиндік шараларды жеңілдетудің үш тәсілі әзірленді. Бұл білім беру ұйымдарына, карантин мерзіміне және бизнес қызметіне байланысты.

Спорт • 18 Қаңтар, 2022

Чемпионды күтіп алды

Кеше шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны жанкүйер қауым елорда әуежайынан сый-құрмет көрсетіп күтіп алды. Жаһандық жарыста жасындай жарқылдаған жер­лесіміздің жеңісіне ортақтасқан дүйім жұртшылық спортшыға ізгі тілектерін жолдады.

Қазақстан • 17 Қаңтар, 2022

2 миллион монтаждалған анод өндірді

Павлодардағы Қазақстан электролиз зауыты 2 миллион мон­таж­далған анод өндірді. Анод – алюминий өндірісіндегі негізгі шикізаттың бірі. Бұл кәсіпорынның электрод өндіру цехында 14 жыл бойы тұрақты түрде монтаждалып келеді.

Қазақстан • 17 Қаңтар, 2022

Азаматтық авиация: Өткен жылы не өзгерді?

Пандемияның зардабын тартқан саланың бірі – азаматтық авиация. Ұшу-қону үлкен проблемаға айналғанын ескерсек, қазір саладағы әрбір өзгеріске жұртшылық елең ете қалатын болды. Пандемия салдарынан әлі толық айыға қоймаған азаматтық авиацияда көңіл көншітерлік көрсеткіштер барын да ұмытпаған абзал.

Экономика • 12 Қаңтар, 2022

Субсидия: Біреуге бар, біреуге зар

Субсидия сарсаңға салып тұр. Шаруаларды да, шенділерді де. Ортақ үйлесім болмаған соң істің соңы да сұйылып кеткен. Біреуге бар, біреуге зар бұл субсидияның соңғы жылдары өте өзекті мәселеге айналғаны да сондықтан. Ел Президентінің аталған мәселеге дүркін-дүркін орала беруі де тегін емес.