Қазақстан • 22 Қазан, 2021
Елімізде алкогольсіз сусындардың түпнұсқалығын тексеруге арналған қоғамдық бақылау құралы сынақтан өтуде. Қазақстанда тұтынушыларға сатып алынатын су мен құрамында қант бар сусындардың түпнұсқалығына цифрлы таңбалауды енгізу арқылы кепілдік беру жоспарлануда. Қазір қанатқақты жоба жүріп жатыр. Оған қапталған суды өндіретін бірқатар компания қосылған.
Қаржы • 19 Қазан, 2021
1 доллар = 500 теңге: Валюта бағамы өзгеруі мүмкін бе?
Белгілі экономист Айдархан Құсайыновтың болжамынша, доллар бағамы 500 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Facebook-тегі жеке парақшасында пікірімен бөліскен экономист теңге «жасанды» қолдауды есепке алғанның өзінде асыра бағаланып, Ұлттық банктің қаржы-несие саясаты инфляцияға жол ашып отыр деп есептейді.
Қоғам • 17 Қазан, 2021
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, Атырау мұнай өңдеу зауыты және «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» серіктестігі Қазақстанда сутегі бастамаларын дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумды бекітті. Бұл көміртегі бейтараптығына қол жеткізу аясында жүзеге асты.
Қоғам • 17 Қазан, 2021
Ұлттық жобалардың ұтымды тұсы көп
Президент 7 қазанда Ұлттық жобалар тізбесін бекіткені мәлім. Соның бірі – «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу». Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген бұл жобаға Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика, Сауда және интеграция, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері атсалысқан.
Экономика • 14 Қазан, 2021
ПИК-тен – МИБ-ке: Бүгінге дейін не өзгерді?
Пәтер иелері кооперативтерін (ПИК) мүлік иелері бірлестіктеріне (МИБ) немесе жеке серіктестіктерге ауыстыру жұмысы басталғалы біршама уақыт өтті. Содан бері не өзгерді? Тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына өту қалай жүзеге асырылып жатыр? Шолу жасап көрдік.
Бизнес • 13 Қазан, 2021
Әйелдер кәсіпкерлігі әлдене түспек
Бүгінде Қазақстандағы шағын және орта бизнестің 43 пайызын әйелдер кәсіпкерлігі құрап отыр. Ал MsKinsey зерттеулеріне сүйенсек, нәзік жандардың экономикаға қосар үлесі алдағы уақытта еселеп өсе түспек.
Қоғам • 12 Қазан, 2021
Осы аптада Отбасы банк жаңа өнімін таныстырды. Ол Baspana market деп аталады. Бұл – қазақстандықтардың тұрғын үйді таңдауға мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға, сондай-ақ қайталама нарықтан пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін еліміздегі бірегей портал. Бұдан бөлек, Baspana market арқылы Отбасы банкінің меншікті бағдарламалары аясында құрылыс салушылардан оңтайлы баспана таңдауға мүмкіндік бар.
Елорда • 11 Қазан, 2021
KIOGE көрмесі – мүмкіндіктер алаңы
Елордада халықаралық KIOGE-2021 көрмесі өтіп жатыр. Мұнай және газ саласын қамтитын іс-шараға Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысып, мұнай-газ және сервистік компаниялардың өнімдерімен, әзірлемелерімен танысты.
Экономика • 07 Қазан, 2021
Осы жылдың соңына дейін «Қаламқас» және «Хазар» кен орындарын игерудің тұжырымдамасы әзірленеді. Ал 2028 жылдан бастап аталған аумақтарда кен игеру жоспарланып отыр.
Коронавирус • 07 Қазан, 2021
Бұл екеуінің арасында қандай байланыс бар деп отырсыз ба? Байланыс бар. Одан да зорын айтайық, әлемді жайлаған дағдарысқа дәл осы екеуі тікелей себепші болды.