Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ
Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
732 материал табылды

Коронавирус • 07 Қазан, 2021

Пандемия һәм микросхема

Бұл екеуінің арасында қандай байланыс бар деп отырсыз ба? Байланыс бар. Одан да зорын айтайық, әлемді жайлаған дағдарысқа дәл осы екеуі тікелей себепші болды. 

Қоғам • 05 Қазан, 2021

Маман тапшы, материал қымбат

Жыл сайын елімізде 144 мың түлек мамандық алып шығады. Соның 8 700-і ғана құрылыс саласына тиесілі. Яғни түлектердің тек 6 пайызы құрылыс­тың қыр-сырын меңгереді. Бұл аз, әрине. Оның үстіне мемлекет даярла­ған 8 700 кадрдың бәрі бірдей құрылыста жұмыс істемейді. Cол себепті бүгінде саладағы кадр тапшылығы 242 мың маманды құрап отыр. Тиісінше шығын да қомақты. Өзімізде жоқ кадрды сырттан алдыру үшін шамамен 468 млрд теңге жұмсалады.

Технология • 04 Қазан, 2021

Халің қалай, химия?

Елордада Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібі апталығы аясында «Химиялық өнеркәсіптің жай-күйі және даму перспективалары» тақырыбында конференция өтті. Оны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ұйымдастырды.   

Әлем • 04 Қазан, 2021

Ұлтты танытатын ұлттық павильон

Бірнеше күн бұрын дүниежүзілік ЕХРО-2020 DUBAI көрмесі салтанатты түрде ашылып, Қазақстанның ұлттық павильоны өз жұмысын бастады. Біздің павильон аз ғана уақыттың ішінде туристер жиі тоқайласатын танымал орынға айналып үлгерді.

Спорт • 03 Қазан, 2021

«Түркі кубогы» сарапқа салынды

3 қазан – Түркі ынтымақтастығы күніне орай Халықаралық Түркі академиясы мен Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен шағын футболдан «Түркі кубогы» турнирі өтті. Доп додасы бірқатар түркі мемлекеттері тәуелсіздіктерінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Әлем • 01 Қазан, 2021

ЕХРО-2020 DUBAI: Ұлттық павильонды көрмеден кейін не істемекші?

QazExpoCongress ұлттық компаниясының басқарма төрағасы, ЕХРО-2020 көрмесіндегі Қазақстан секциясының бас комиссары Аллен Шайжүнісов ұлттық павильонның көрмеден кейінгі жағдайы не болатынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 01 Қазан, 2021

ЕХРО-2020 DUBAI: Қазақстан павильонының құны қанша?

ЕХРО-2020 DUBAI көрмесіндегі Қазақстан ұлттық павильонының құрылысына шамамен 8 млрд теңге жұмсалды. Бұл туралы QazExpoCongress ұлттық компаниясының басқарма төрағасы, ЕХРО-2020 көрмесіндегі Қазақстан секциясының бас комиссары Аллен Шайжүнісов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 01 Қазан, 2021

ЕХРО-2020 DUBAI: Ұлттық павильон жайлы шетелдіктер қандай пікірде?

Бүгін ЕХРО-2020 DUBAI көрмесінде салтанатты түрде ашылған Қазақстанның ұлттық павильонын тамашалаған шетелдіктердің пікірін сұрап көрдік, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 01 Қазан, 2021

ЕХРО-2020 DUBAI Қазақстанның абыройын көтереді – турист

Дубайдағы дүниежүзілік көрмеге арнайы барып, Қазақстанның ұлттық павильонын алғашқылардың бірі болып аралаған алматылық зейнеткер Сара Смажанова мұндай шараларға қатысу еліміздің әлемдік деңгейдегі абырой-беделін өсіреріне сенімді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 01 Қазан, 2021

ЕХРО-2020 DUBAI: Қазақстан павильоны салтанатты түрде ашылды

Дүниежүзілік ЕХРО-2020 DUBAI көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильоны өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.