Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ
Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
732 материал табылды

Қазақстан • 30 Тамыз, 2021

Төрағалықты түйіндеген форум

Нұр-Сұлтан қаласында «Интернет дәуірі: құқық үстемдігі, адам құндылықтары, мемлекеттік тәуелсіздік» тақырыбында халықаралық симпозиум өтті. ШараТәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Конституция күніне орай ұйымдастырылды.

Экономика • 29 Тамыз, 2021

Сұранысқа ие бағдарлама

2010 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие жоба саналады. Бағдарлама бизнеске қаржылай әрі қаржылай емес қолдау көрсетіп келеді.

Қазақстан • 25 Тамыз, 2021

Халықтық жобаға айналған бастама

Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауында жүктелген тапсырмалар өз ретімен, кезеңімен һәм кезегімен орындала беретіні белгілі. Бұған көп жағдайда бұқараның бәрі бірдей аса қызғушылық танытпайтыны және рас. Тек оң өзгерістерді байқаған кезде ғана Жолдау жүктеген міндеттердің нәтиже бергенін түсінеді. 

Экономика • 25 Тамыз, 2021

Автонарықтың аяқ алысы қалай?

Қазақстанның автобизнес қауымдастығы­ның мәліметіне сүйенсек, осы жылдың 7 айында ел аумағында жалпы құны 371,4 млрд теңге­г­е 47 176 техника өндірілген. Бұл – 2020 жыл­дың қаңтар-шілдесіндегі көрсеткіштен 23,8 па­йызға жоғары.

Экономика • 24 Тамыз, 2021

Өрлеудің жолы – өңдеу

Ел билігі индустрияландыру бағ­дар­ламасын дер кезінде қабылдамағанда, Қазақстан экономикасының соңғы он жылда орын алған дағдарыстар мен дүрбелеңдерге төтеп беруі неғайбыл еді. Өңдеу өнеркәсібіне ден қойып, индустриялық саясатты дұрыс қалыптастыра білгеннің нәтижесінде әлемдік экономика айдынындағы кемеміз шайқалмай, еркін жүзіп келеді.

Экономика • 22 Тамыз, 2021

Ұн экспортынан ұтылғалы тұрмыз ба?

Биылғы астықтың қамба­ға құйылар шағында шет­ін бір жағдай шекені қыздырғалы тұр. Мәселе ұн экс­порты туралы. Өздері­­ңіз білетіндей, біздегі ұн­­ның жартысынан көбі Ауған­стан­ға экспортталады. Ал бұл елдегі қазіргі ахуал тым күрделі. «Боламыз ба, жоқ әлде бордай тозамыз ба?» деп өткелде тұр­ған Ауғанстанмен арадағы ал­ыс-берістің жайы не бол­мақ? Біздегі диқандар мен экспорттаушыларды алаң­­да­тып отырған да осы жайт.

Экономика • 20 Тамыз, 2021

Тарифті тежеу – тұтынушыларды демеу

Жыл басында 106 табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға арналған тарифтерді 63 пайызға көтеруді жоспарлаған еді. Алайда бұл іске Табиғи монополияларды реттеу комитеті араласып, тарифтердің өсуі айтарлықтай тежелді.

Бизнес • 18 Тамыз, 2021

Бастаған бизнесі тұралап қалғандарға көмек көрсетіледі

Пандемия кезінде жүрі­сінен жаңылып, табы­сы­нан айырылған кәсіп­кер­лер көп болды. Қолға алған жобасын пышыратып алғандар қатарында «Бастау Бизнес» жобасы­ның түлектері де жоқ емес. Кәсіпкерлік негіздерін енді-енді меңгеріп, ел қатарлы табыс табуға кіріскен жоба түлектері күтпеген жерден қиындыққа тап бол­ға­ны белгілі. Мемлекет қол­­дауының игілігін көр­ген оларға тағы да бір мүмкіндік беріліп отыр. Қыс­қасы, індет қысқан күрделі кезеңде зардап шеккен жоба түлектері төмен пайызбен несие рәсімдей алады.

Қоғам • 18 Тамыз, 2021

Ауыл тұрғындарының қолын ұзартты

«Қазпошта» шетелдік және отандық электронды сауда алаң­­дарымен серіктестікті белсенді дамытуда. Енді қазақ­стандықтар OZON интернет-дүкеніне берген тапсырыстарын өздеріне ыңғайлы пошта бөлімшелерінен ала алады. «Қаз­пошта» шетелдік ірі маркетплейспен ел аумағына интернет-тапсырыстарды жеткізу бағытында тиісті келісімге қол қойды.

Экономика • 17 Тамыз, 2021

Автосақтандырудың құны әрқалай

Қазақстанда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру құны әртүрлі. Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының зерттеуіне сүйенсек, Алматы мен Шымкент қалаларында автосақтандыру құны өзге өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда қымбат екен.