Экономика • 06 Тамыз, 2021
Энергоблок қалпына келтірілуде
Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 стансасының қуаттылығы 500 МВт болатын №1 энергоблогы қалпына келтірілуде. Бүгінде бөлшектеу жұмыстары толық аяқталып, жаңа технологиялық жабдықтарды орнату басталды.
Қазақстан • 04 Тамыз, 2021
Қазақстан халқының саны 19 миллионнан асты! Бұл – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген тарихи оқиға. Қуанышты хабарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter арқылы хабарлағанын газетіміздің кешегі санында жаздық.
Экономика • 04 Тамыз, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі агроөнеркәсіптік блоктың еншілес компанияларын қайта ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл ретте қолға алынған жұмыстар шаруалар үшін қаржыландыруға деген қолжетімділікті қиындатпауы тиіс. Холдингтің осы бағытта жүргізіп отырған жұмысы туралы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Мұрат Дәрібаевтан сұрап білген едік.
Экономика • 02 Тамыз, 2021
Электронды сауда – экономикаға серпін
Пандемияның ел іргесіне жоламағаны керек. Алайда дәл қазір тұтас әлем осы бір пәлекетпен бетпе-бет келіп отыр. Дегенмен пандемияның шырмауына шыландық екен деп жүрісінен жаңылған мемлекет шамалы. Әр ел қиындықтан мүмкіндік іздеуде. Біздің елдің де бұл бағыттағы қадамы нәтижесіз емес. Мәселен, пандемия басталғалы бері Қазақстанда электронды сауда ерекше қарқын алды.
Экономика • 01 Тамыз, 2021
Отандық тауарлар мен қызметтердің экспорттық желісін кеңейту, экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдау – кез келген дамушы ел үшін маңызды міндет. Өйткені жақын болашақта қызметтік сектор әлемдік табыстың жартысынан көбін иеленуі мүмкін.
Экономика • 29 Шілде, 2021
Контейнерлік тасымалдағы кедергілер
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Қазақстан үшін контейнерлік тасымалдың маңызы жоғары. Алайда бұл салада шешімін таппаған мәселелер жетерлік. Мәселен, Қытаймен арадағы байланыстың жайы жағдайды қиындатып отыр.
Экономика • 28 Шілде, 2021
Бикеш Құрманғалиева: Цифрлық таңбалау бағаны қымбаттатпайды
Елімізде тауарларды міндетті цифрлық таңбалау ісінің басталғанына біршама жыл болды. Жүйелі жұмыстардың, жан-жақты шаралардың қолға алынғанына куәміз. Содан бері не өзгерді? Алда қандай өзгерістер болмақ? Біз бұл жайлы цифрлық таңбалаудың Қазақстандағы бірыңғай операторы – «Қазақтелеком» АҚ Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиевадан сұрап білдік.
Қазақстан • 27 Шілде, 2021
Металды терең өңдеуге бет алды
Қазақстан металының көп бөлігі шикізат күйінде шетелге экспортталатыны белгілі. Дегенмен, қолға алынған индустрияландыру бағдарламаларының нәтижесінде, елімізде металдан дайын өнімдер алуға ерекше басымдық берілуде. Әсіресе алюминий өндірісінде жақсы қадамдар жасалғанына жұрт куә.
Экономика • 22 Шілде, 2021
Осыдан 23 жыл бұрын астанамыз Нұр-Сұлтанда 326,9 мың адам тұрған екен. Содан бері бұл цифр бірнеше есе ұлғайды. Астана ірі мегаполиске, Еуразияның жүрегіне айналды. Осы аралықта бас қаланың экономикасы да өрлеу кезеңдерінен өтті. Бүгінде елорда қуатты экономикалық орталық ретінде де әйгілі.
Технология • 15 Шілде, 2021
Astana Hub технопаркінің цифрлық нұсқасы пайда болды. Оны әзірлеуге 55 млн теңге жұмсалған.