Аймақтар • 21 Маусым, 2021
Осы жылдың 1 шілдесінен бастап аяқ киімдерді міндетті цифрлы таңбалау жоспарланған. Жаңа жүйе енгізілген соң, өндірушілер мен импорттаушылардың барлығы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне тіркелуі керек. Таңбалау кодтарын әзiрлеу үшін жүйеге өндірілген және импортталатын өнім туралы ақпаратты енгізу қажет. Мұндай бір кодтың құны 2,68 теңгені құрайды.
Аймақтар • 21 Маусым, 2021
Өңір экономикасының даму әлеуеті жоғары
Павлодар облысы қарақұмық дақылдарын егу көрсеткіші бойынша республикада көш бастады. Бұл туралы облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Қазақстан • 17 Маусым, 2021
Ақсу ферроқорытпа зауытының мамандары инновациялық экзоскелеттерді киіп, сынақтан өткізу үстінде. Әзірше ерекше костюмді кәсіпорындағы жөндеу бөлімшелерінің мамандары киіп жүр. Инновациялық экзоскелет зауыт қызметкерлеріне қара күшті қажет ететін жұмыстарды орындауға септеседі. Яғни олардың жұмысын ыңғайлы әрі қауіпсіз етпек.
Қазақстан • 17 Маусым, 2021
Билет – қымбат, вагондар – ескі
Демалыс маусымы басталысымен, пойыз билеттерінің бағасы шарықтап шыға келеді. Өкініштісі, бұл жағдай жылда қайталанады. Алыпсатарлардың араны ашылатын шақ та осы кез. Вагондары ескірген, билеттері қымбат темір жолдың бағасы көрсетілетін қызмет сапасына сай емес.
Қазақстан • 16 Маусым, 2021
Министрлік «көлеңкелі экономикамен» қалай күреспек?
Қазақстандағы «көлеңкелі» экономиканың үлесін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының деңгейіне дейін төмендету керек. Бұл дегеніміз – ішкі жалпы өнімнің 15 пайызы. Қаржы министрлігі қызметінің негізгі бағыттарының бірі осыған бағытталған.
Аймақтар • 16 Маусым, 2021
Солтүстік Қазақстан облысындағы «МолПродукт» зауытында сүт өнімдеріне цифрлы таңбалау жүйесін енгізу жобасы сынақтан өткізілді. Жобаны отандық QR Trace компаниясы Ауыл шаруашылығы министрлігімен және «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырды.
Экономика • 14 Маусым, 2021
Азық-түлік бағасы аспандап тұр. Дүкен жағалаған жұртшылық осылай деп дабыл қағуда. Әсіресе күнделікті тұтынатын картоп, сәбіз, күнбағыс майы секілді өнімдердің бағасы қымбаттап барады. Бұлардың өз елімізде өндірілетінін ескерсек, халықтың дүрлігуі заңдылық.
Оқиға • 10 Маусым, 2021
Шаруаларға жасалған жеңілдік көп
Кеше Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров халық алдында есеп берді. Ведомство басшысы өткен жылдың қорытындысын жариялап, биылғы мақсат-міндеттерге кеңінен тоқталды.
Тәуелсіздік • 08 Маусым, 2021
Былтыр пандемияны пысқырмаған саланың бірі – машина жасау. Экономиканың өзге секторлары шетінен сетінеп жатқанда, дәл осы сала ғана айрықша өсім көрсетті. Әрі бұл кездейсоқтық емес. Бұл – тәуелсіздік алғалы бері салаға төгілген тер мен теңгенің жемісі. Бұл – дағдарысқа бас имейтін қуатты кешен құрылғандығының айғағы.
Экономика • 08 Маусым, 2021
Нидерланд инвесторларын агросектор қызықтырады
Нидерланд инвесторлары Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде құны 200 млн доллар болатын жаңа жобаларды жүзеге асыруда. Олар бұл көрсеткішті одан әрі арттыруға бейілді.