Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ
Фархат ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
655 материал табылды

Спорт • 23 Қараша, 2020

Өзтүріктің шәкірті

Ол алақандай ауылдан алып Алматыға аттанды. Суретші болу үшін. Бірақ таңдаған бағытының басқа арнаға бұрылатынын білген жоқ. Тағдыр оны Мұстафа Өзтүрікпен жолықтырған болатын.

Экономика • 20 Қараша, 2020

Үш өңірде геологиялық барлау жүргізеді

«Тау-кен Самұрық» ұлттық кен компаниясы еліміздің үш облысында геоло­гиялық барлау жұмыстарын бастамақ. Акционерлік қоғам бұл шаруаны «Discovery Ventures Kazakhstan» ЖШС-мен бірлесіп жүргізбек.

Экономика • 20 Қараша, 2020

«Алайғыр» қашан ашылады?

Қарағанды өңірінде «Алайғыр» кен байыту комбинаты салынатын болды. «Алайғыр» бірлескен кәсіпорны» ЖШС аталған жоба бойынша тиісті келісімшартқа қол қойды.

Қаржы • 20 Қараша, 2020

Агенттік атой салғалы тұр

Үкімет пен Ұлттық банк әу бастан «ауа жайылып», бақылаусыз кеткен микроқаржы ұйымдарына қатысты талаптарды күшейтуде. Әсіресе соңғы жылдары бұл бағыттағы жұмыстар жандана түсті. Соның бір дәлелі – келер жылдан бастап микроқаржы ұйымдарына қатысты бірнеше талап заңды күшіне енбек.

Экономика • 16 Қараша, 2020

Көміріміз көп экспортталатын елдер

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан тас көмір экспорттаушылардың үздік ондығына енді. Әлемдік экспорттың 1,7 пайызы біздің елге тиесілі екен. Ал қоңыр көмір (лигнит) экспорты бойынша үздік үштіктің қатарындамыз. Бұл ретте Қазақстан әлемдік экспорттың 2,6 пайызын өтеп отыр.

Қаржы • 16 Қараша, 2020

Сыртқы қарыз несімен қауіпті?

Мемлекеттің сыртқы қарызы сөз болған жерде әңгімеге араласпайтын адам аз. Жасы да, жасамысы да қызу талқының ортасынан табылады әйтеуір. Олар үшін «қарыз» деген сөз «қорқыныш, қа­тер» болып естілетін секілді. Ал эко­номистер мен қаржыгерлер шетел­ден қарыз алуды қалыпты дүние санайды. Оған әлемдік тәжі­рибе деп қарайды. Неліктен бұлай? Шынында да, сыртқы қарыз несімен қауіпті?

Экономика • 12 Қараша, 2020

Бюджеттің бүйірін бұлтитқандар елдегі ең ірі 50 салық төлеуші анықталды

FinReview.info сарапшылары мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін мұқият зерттеп, Қазақстандағы ірі 50 салық төлеушіні анықтады. 50 компания 2020 жылдың он айында ел қазынасына 2,9 трлн теңге аударған. Бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдер жиынтығының 50 пайызына тең.

Экология • 03 Қараша, 2020

Келер жылы да су жіберіледі

Кеше редакциямызға Павлодар облысының Құрметті азаматы Әбілхақ Түгелбаев хабарласып, сүйінші сұрады. Осы жылдың қыркүйек айында «Egemen Qazaqstan» газеті көтерген мәселе жартылай болса да шешімін тауыпты. Ол газет ұжымына, осы іске атсалысқан халық қалаулыларына өңір халқының атынан алғыс айтты.

Қоғам • 03 Қараша, 2020

Несие тарихын қалай түзейміз?

Банкке бара қалсаңыз, менеджерлер несие тарихын бұзып алмауды қадағалап тапсырады. Ал бұзылса не болмақ? Несие тарихын түзеп, қалпына келтірудің жолы бар ма?

Экономика • 02 Қараша, 2020

Биткоин бағасы күрт өсті

Биткоинның бағасы 14 000 дол­лардан асып түсті. Мұндай жағ­дай 2018 жылдың қаңтарынан бері алғаш рет тір­келіп отыр.