Экономика • 27 Қаңтар, 2021
2015 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі атанды. Іргелі ұйымның табалдырығын аттаған 162-ші мемлекет ретінде тарихқа енді. ДСҰ талаптарына сәйкес, жаңадан қабылданған мүше мемлекеттерге бес жылдық өтпелі кезең беріледі. Бұл елдердің етек-жеңін жинап, дайындығын пысықтауы үшін қажет. 2020 жылдың соңында Қазақстанға берілген өтпелі кезеңнің уақыты аяқталды. 2021 жылдың келуімен біздің ел алыс-беріс пен барыс-келістің жаңа кезеңіне қадам басты.
Қаржы • 26 Қаңтар, 2021
Былтыр «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялары 37 пайызға қымбаттап, жыл соңында бір акцияның құны 7 150 теңгеге жетті. Бұл 2020 жылдың қорытындысы бойынша KASE индексінде тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш.
Саясат • 26 Қаңтар, 2021
Өнеркәсіпке өріс ашқан құрылым
«Қазақстанның даму банкі» АҚ былтыр еліміздің өңдеу өнеркәсібіне және инфрақұрылымына 506,2 млрд теңге инвестиция құйды. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызы зор 34 ірі жобаны қаржыландырды.
Экономика • 22 Қаңтар, 2021
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылғы желтоқсанда халықпен тікелей жұмыс істейтін қаржы және өзге де ұйымдардың жарнама қызметіне жүргізілген мониторингтің қорытындысын жариялады.
Экономика • 20 Қаңтар, 2021
Қайта өңделген алюминийге мұқтаж
Жер бетінде ең көп таралған металл саналатын алюминий – өнеркәсіпке қажетті негізгі шикізат. Бұл металл бокситтен алынады. Ал Қазақстан боксит қоры бойынша әлемде 12-орынға ие. Оның біздегі қоры шамамен 365 млн тоннаға тең. Сөйте тұра, Қазақстан жоғары деңгейде қайта өңделген алюминийге мұқтаж.
Экономика • 20 Қаңтар, 2021
Ескі техникадан құтылудың жолы
2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап тозығы жеткен ауыл шаруашылығы техникаларын утилизацияға қабылдау басталды. Жыл соңына дейін 2 380 аграрлық техника кәдеге жаратылады деп күтілуде.
Экономика • 19 Қаңтар, 2021
Күрделі кезеңде күш алған сала
Экономиканың бірқатар секторына салқынын тигізген коронавирус пандемиясы отандық автомобиль өнеркәсібіне оң әсер етті. Қаржы секторындағы тұрақсыздықтан туындаған әлемдік дағдарыс саланы жүрісінен жаңылдырған жоқ. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның автоөнеркәсібі өндіріс пен сатылым бойынша айтарлықтай өсім көрсетті.
Спорт • 18 Қаңтар, 2021
Мәлім де беймәлім Байсуфиновтер
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін отандасымыз Талғат Байсуфиновтің ұстағаны белгілі. Кпшілік оны футболдың қыр-сырын жетік білетін білікті бапкер, тік жүріп, тура сөйлейтін атпал азамат, намысты нанға сатпайтын өр қазақ ретінде жақсы біледі. Алайда оның былайғы жұртқа беймәлім тағы бір сыры бар.
Қаржы • 18 Қаңтар, 2021
Қаперге алмаған қатерге ұрынады
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, криптовалюталардың әлемдік нарығы 220 млрд АҚШ долларына құлдыраған. Бұған биткоиннің 27 сағат ішінде 10 мың АҚШ долларына дейін құнсызданғаны себеп. Демек криптовалютаны тәуекелі жоғары инвестициялық құрал деп айтуға әбден болады.
Қаржы • 14 Қаңтар, 2021
Кедендік реттеу кодексінде не өзгерді?
2020 жылы «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» кодекске 119 түзету енгізілді. Оның 111-ін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынды. Ұсыныстар негізінен тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін әрі кедендік тексеру жүргізу рәсімін жетілдіру, кеден ісі саласында мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау секілді бағыттарды қамтиды.