Экономика • 19 Наурыз, 2021
Әкімшілік модельден – сервистік модельге
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды 2030 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасы бекітілгені белгілі. Бұл құжат мемлекеттік басқару жүйесінің пайымы мен даму қағидаттарын белгілеп, 2030 жылға дейінгі оның негізгі бағыттарын жетілдіру тәсілдерін айқындайды, деп хабарлайды Еgemen.kz
Қоғам • 19 Наурыз, 2021
Ұлттық жоспар әл-ауқатты арттыруға бағытталады
Осы жылдың ақпанында Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының Ұлттық жоспары бекітілді. Бұл – еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясын және жалпыұлттық басымдықтарын іске асыру үшін әзірленген іргелі құжат. Ол коронадағдарыстың салдарын жоюға, жаңа жағдайға тұрақты және инклюзивті экономиканы дамытуға бағытталған.
Қазақстан • 17 Наурыз, 2021
Қазақстан жаңа индустрияландыру, өндірісті дамыту, шикізатқа тәуелділіктен арылу бағытында таңдаған жолынан жаңылмай, жоба-жоспарларды табысты жүзеге асырып келе жатыр. Еліміз 2010 жылдан осы уақытқа дейін Еуразиялық экономикалық одақ көлемінде өңдеу секторын оңтайлы дамытып отырған жалғыз мемлекет. Сондай-ақ өңдеу саласы ел өнеркәсібінің негізгі өсу драйверіне айналуда. Мұндай серпілістің негізі экономикаға елеулі өзгеріс әкелген индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларында жатыр.
Қоғам • 17 Наурыз, 2021
Цифрландыру мен пандемия еңбек нарығындағы өзгерістерді айтарлықтай жеделдетті. Сөйтіп бес жыл бұрын сұранысқа ие болған мамандықтардың маңызы барынша төмендеді. Ендігі жерде оларға төленетін жалақы да мардымсыз болмақ. FinReview.info сарапшылары жүргізген зерттеудің қорытындысы осындай байламға жетелеп отыр.
Қаржы • 16 Наурыз, 2021
Бизнесті жүргізу жеңілдігі индексі (2020 жыл) бойынша Қазақстан 190 мемлекеттің ішінде 25-орында тұр. Көп-көрім көрсеткіш, әрине. Бұл соңғы бірнеше жылдағы жүйелі жұмыстың жемісі екені анық. Алайда біздің елде бизнес жүргізу кей жандарға әлі де болса қиындық тудырып отырғаны белгілі.
Экономика • 14 Наурыз, 2021
Қарыз алушының «келбеті» қалай өзгерді?
Тұтас елдің тұрмысына түзету енгізген пандемия Қазақстандағы қарыз алушылардың «келбетіне» де өзгеріс әкелгендей. IDF Eurasia тобының зерттеуінен осыны аңғаруға болады.
Қоғам • 09 Наурыз, 2021
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігі жыл өткен сайын артып келеді. Былтыр аталған бағдарлама тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын дамыту бағыттары бойынша бірқатар мемлекеттік бағдарламамен біріктірілді. Мұндай қадамның негізгі мақсаты – «Нұрлы жердің» мүмкіндігін одан әрі кеңейту.
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Павлодарлық Наталья Сахарова кран жүргізуді армандамаған. Бұл салада жұмыс істеу жоспарында да болмапты. Алайда Жаратушы иенің жоспары бөлек қой. Нәп-нәзік қызды кранның басқару тетігіне әкеп отырғыза салған. Ал бәрін «бүлдірген» бәстесу болатын.
Қоғам • 04 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы – бизнестің қалауы
Пандемия жағдайында бизнес субъектілерінің жұмысын оңтайлы ұйымдастыруға арналған, халықтың қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік беретін Ashyq мобильді қосымшасын әзірлеуге бюджет қаржысы жұмсалған жоқ. Демек, ел аузында жүрген алып-қашпа әңгімелерге құлақ түрудің де қажеті шамалы.
Қоғам • 03 Наурыз, 2021
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Үлескерлік құрылыс саласындағы заңнаманы жиі бұзатын жауапсыз компаниялардың жыры жылдан-жылға жалғасып келеді. Мәселен, соңғы екі жылда дәл осындай 123 компания анықталған. Мұндай жауапсыз құрылыс салушылармен қалай күрескен дұрыс? Бұл ретте «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі тың шешімдер ұсынып отыр.