Қазақстан • 22 Сәуір, 2021
Тариф тұрғындарды тығырыққа тіремеуі тиіс
Бүгінгідей қиын кезеңде монополистердің тарифті көтеруіне жол жоқ. Ел Үкіметі осыған ерекше назар аударып отыр. Монополистердің қызметін Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті реттейді. Комитет төрағасының орынбасары Асхат Жапсарбайдың айтуынша, мұндай бизнестің қызметіне мемлекеттің араласуы қалыпты дүние.
Пікір • 22 Сәуір, 2021
Криптофермалардың қарасы көбейіп келеді
Ұлттық банк криптовалюта нарығын дамытуға мүдделі болмаса да, еліміз әлемдік трендтен қалыс қалған жоқ. Бұған республика аумағында жұмыс істейтін 14 цифрлы ферманы мысалға алсақ та жеткілікті.
Технология • 20 Сәуір, 2021
Осыдан екі жыл бұрын «Алтыналмас АК» акционерлік қоғамы «Цифрлы кеніш» жобасының жүзеге асырылатынын хабарлады. Кейін оны Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі іске қосты. Бұл тау-кен өндірісіне жасанды интеллектіні әкелген алғашқы жобалардың бірі болатын.
Сұхбат • 19 Сәуір, 2021
Осы жылдың 6 сәуірінде газетімізде Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рамазан Тоқтаров туралы «Жоқтаушысы жоқ жазушы» атты мақала жарияланды. Аталған материал жиырма жыл бойы сіресіп жатқан сеңді бұзбаса да, қоғамның назарын біз көтерген мәселеге аударта алды. Нәтижесінде, ескерусіз қалған Ертістің ерен перзентін ұлықтау ісі жаңаша бағыт алғандай болып отыр. Бұл ретте қаламгердің Алматыда тұратын жұбайы Гүлмәшкен Мұқанқызы мен қызы Бақытты іздеп тауып, арнайы дидарласып қайттық.
Қазақстан • 18 Сәуір, 2021
Қазақстанға агробанк қажет пе?
Дәл осы сауал төңірегіндегі «тартыстың» жүріп жатқанына талай жыл. Бірі ауыл шаруашылығына ғана маманданған арнайы банк қажет десе, енді бірінің пікір-ұстанымы бұған мүлдем кереғар. Олар «саланы қолдайтын құрылымдар онсыз да көп» деген уәжді алға тартады. Біз осы тақырыпқа тағы бір оралып соққанды жөн көрдік.
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тәуелсіздік туы көтерілген 30 жылдың ішінде еліміз құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында үлкен табыстарға қол жеткізді. 1991 жылдан бері қарай 170 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үйдің салынуы, 1,6 млн-нан астам адамның баспанамен қамтылуы – соның айғағы. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламалардың бергені мол. Оның ішінде «Нұрлы жердің» шоқтығы биік тұр.
Экономика • 14 Сәуір, 2021
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты кәсіпорын іске қосылғаннан бері жұмыс істеп тұрған цехтарды жаңартпақ. Бұл жұмысты 2022 жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.
Экономика • 13 Сәуір, 2021
Үшінші бесжылдық: Меже мен міндет
Былтыр еліміздегі индустрияландырудың үшінші бесжылдығы басталды. Ол бұған дейінгі екі бесжылдықтың заңды жалғасы екені анық. Индустрияландырудың үшінші кезеңі өңдеу өнеркәсібінің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін ынталандыруға бағытталмақ.
Экономика • 09 Сәуір, 2021
Осы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа редакцияда қабылданған «Техникалық реттеу туралы» заң күшіне енеді. Аталған заңды іске асыру үшін Сауда және интеграция министрлігі 52 нормативтік-құқықтық актіні әзірлеуі тиіс.
Технология • 06 Сәуір, 2021
Ілеспе жүкқұжат электронды түрде ресімделеді
Мемлекеттік қызметтер мен құжат айналымын цифрландыру мақсатында тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттары енгізілуде. Бұл көлеңкелі экономика айналымының жолын кесу үшін жасалған қадам.