Қоғам • 01 Қаңтар, 2021
2021 жылдан бастап елімізде қандай салық өзгерістері болады?
2020 жылы салық саласында да бірқатар өзгеріс болды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов былтыр қыркүйек айында жаңа жылдан бастап салық төлемдерінің біразы қысқаратынын мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Қаңтар, 2021
Банкроттық туралы заң қабылдана ма?
Қазақстан халқының банк алдындағы берешегі артып бара жатыр. Бұл ретте тұтынушылық несиені меңзеп отырмыз. Жеке тұлғалардың қарызы шамамен 4 трлн теңгеден асады. Халықтың 27 пайызы – банк алдында борышкер. Жеке азаматтардың несиесін кешіру Үкімет үшін де, экономика үшін де тиімсіз деген түйінді экономистер айтып жүр. Егер олай істесе мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындай алмай қалуы мүмкін. Амнистияның тиімсіздігін айғақтайтын басқа да себептер баршылық. Бұл орайда елімізде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдануы керек деген ой айтыла бастады.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2020
Алматы қаласында кәсіпкерлердің саны артты
2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Алматы қаласында 196 549 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. 2019 жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда бұл 3,5 пайызға өсім болғанын көрсетеді. Мұндай деректі арнайы брифинг өткізген қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтты.
Қаржы • 30 Желтоқсан, 2020
Екінші деңгейдегі банктердің есебі түгел
Коронавирус көп саланы тұралатып кетті. Алайда еліміздегі банктер сондай бір салқындықты сезе қоймаған секілді. Оған ресми дерек көздері жария еткен статистика мен сарапшылар сөзі дәлел. Жыл санап мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қордың асыранды баласына айналып бара жатқан екінші деңгейлі банктер биыл телегей табыс тапқан жоқ, әрине. Тиісінше қиналып та қалмады.
Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2020
Қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы ақшасына пластикалық операция да жасата алады
Ел тұрғындары 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дағы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге пайдалану бойынша алу үшін онлайн түрде өтініш бере алады. Осы орайда денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы Гүлнар Сәрсенбаева қазақстандықтардың қандай медициналық қызметті тұтына алатындарын айтып берді.
Экономика • 24 Желтоқсан, 2020
Ұлттық банк 2021 жылға болжам жасады
Биыл Brent маркалы мұнай бағасы жиі құбылумен болды. Негізінен барреліне 35-40 доллар аралығында өзгеріп тұрды. Соған байланысты валюта нарығында да тұрақсыздық орнады. Жыл соңына қарай азық-түліктің қымбаттауы қатты байқалды. Мұның әрқайсында пандемияның «үлесі» зор. Осы орайда, Ұлттық банк (ҰБ) келер жылға арналған макро экономикалық болжамын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2020
Еңбек нарығында көптеген қызметтің цифрлануы біршама мамандық иелерінің жұмыссыз қалуына әсер етіп жатыр. Бұл үрдіс соңғы жылдары тіпті қарқынды жүре бастады. «Қазақстанның жаңа мамандықтар мен қызметтер атласы» қандай мамандықтардың сұранысқа ие болып, қандай мамандықтардың нарықтан ығысатынына қатысты болжам жасаған.
Экономика • 21 Желтоқсан, 2020
Интернет-бизнестің жаңа кезеңі
Алдағы жылдары елімізде бөлшек саудадағы интернеттің үлесі 40 млрд долларға дейін артуы мүмкін. Қазақстанда соңғы жылдары онлайн-төлем, онлайн-жеткізу сервисі белсенді дамып келеді.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2020
Алматыда Халықаралық валюта қорының орталығы ашылады
Алматы қаласында Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы жұмыс істейді. Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалиана Георгиева мен Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев Кавказ, Орталық Азия және Моңғолияның потенциалын дамыту өңірлік орталығын қолдау бойынша келісімге келіп, осындай байламға уағдаласқан. Бұл жайлы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабардарлады, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 19 Желтоқсан, 2020
2020 жыл сақтандыру нарығы үшін қолайлы болды ма?
Ойда-жоқта өмірімізге енген коронавирус пандемиясы әр саладағы сан мен сапаның ауытқуына елеулі әсерін тигізді. Қай жағдайды да біржақты бағалауға келмейді. Таяқтың екі ұшы қашаннан да бар. Мәселен, 2020 жыл – сақтандыру нарығы үшін біршама берекелі болған сияқты.