
Экономика • 05 Ақпан, 2021
Отандық компаниялардың ғұмыры неге қысқа?
Күн сайын деп өтірікші болмайық, кемі аптасына екі-үш мәрте әлдебір жаңадан ашылған, тұсауы кесілген кәсіпорындар жайлы жаңалық оқимыз. Тұсаукесеріне әлдебір лауазым иесі барып қатысып жатады. Сосын компания басшысы «негізгі мақсатымыз – әлемдік нарық» дейді. Сөйткен уәденің көбі орындалмайды. Орындалса экономикамыз дәл бұлай шатқаяқтап тұрмас еді.
Экономика • 04 Ақпан, 2021
Тұтынушы құқығы тапталған: Банктер қандай заң бұзушылықтар жасап жүр?
Қаржы ұйымдары клиенттердің мүддесі мен тұтынушылық құқығын аяқ асты етіп, бірқатар заң бұзушылық әрекеттерге жол берген. Нәтижесінде қаржы нарығын қадағалау және дамыту агенттігі тәртіпке бағынбағаны үшін қаржы ұйымдарына 127,3 млн теңгеге айыппұл салыпты.
Экономика • 04 Ақпан, 2021
Банктер халық талабын ескере бастады
Отандық екінші деңгейлі банктердегі депозит жинағы 2020 жылы 3,6 трлн теңгеге жетіп, рекордтық көрсеткіш орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 04 Ақпан, 2021
Алматы тиімді саланың алтын бесігі бола ала ма?
Алматыға 2020 жылы 1,2 млн, 2025 жылы 1,6 млн, он жылдан соң 2,2 млн турист келуі тиіс. Қалалық әкімдік бір жыл бұрын дәл осылай болжам жасаған. Біз қайта одан кейінгі жылдарды айтып отырған жоқпыз. Айтар болсақ, шаһар басшылығы 2050 жылы 7 млн турист келеді деп даму стратегиясына белгі соққан. Жеті млн-ға жетеміз бе, жоқ па, қайдам, 2020 жылы 1 млн-ға да жете алмадық. Миллионды былай қойып, 100 мыңнан әрең асады.
Қоғам • 03 Ақпан, 2021
Зейнетақы қаржысы (Оны пайдалану баспана бағасын қымбаттата ма?)
Ел азаматтары жаппай зейнетақы қорындағы жиған-тергенін тексеріп, кәдеге жаратуға жете ме, жоқ па деп «бас қатырып» жатыр. Ипотека қарызын өтеп, жер мен үй алып қалуды көздейді. Бірақ оған бәрінің бірдей қаражаты жетпейді. Осынау мүмкіндікті пайдаланатын адам саны 800 мыңға жетер-жетпес.
Білім • 02 Ақпан, 2021
Қандастар гранттан қағылып отыр
Шетелде тұратын қазақ жастары Қазақстанға келіп білім ала алмай, пұшайман болып жүр. Отаныма келіп оқысам деген жастардың алдынан түрлі кедергілер шығады. Бұл кедергіні жасап жүрген өзіміздің беделді жоғары оқу орындары. Осылай деп шағымданған белсенділер Алматыда арнайы бас қосу өткізіп, ойларын ортаға салды.
Оқиға • 01 Ақпан, 2021
Қазақстандықтар денсаулығын құрту үшін қанша ақша жұмсайды?
Жыл сайын темекі бағасының қымбаттап жатқанына қарамастан қазақстандықтар осынау өнімді сатып алуды тоқтатпай отыр. Керісінше, темекі сатылымы арта түскен. Бір жылға жетпес уақыттың ішінде ел азаматтары темекіге 35 мың теңге жұмсаған, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 01 Ақпан, 2021
Қазақстан әйелдерге басшылық қызметті қаншалықты сеніп тапсырады?
Еліміздегі басқарушы компаниялардағы әйелдер үлесі 30 пайыздан аспайды. Әсіресе, ірі компаниялардың көрсеткіш небәрі 18 пайызды құраған, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 01 Ақпан, 2021
Қазақстандағы адам бостандығының деңгейі қандай?
Адам бостандығын анықтау бойынша халықаралық рейтинг жарияланған. Онда Қазақстан 162 елдің ішінен 75-орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 29 Қаңтар, 2021
Қазақстан кедейлік құрсауына түсе ме?
Қазақстан экономикасы 2021 жылы 2,5 пайызға дейін жоғарылап, одан әрі қарай прогрессивті өсім қарқынын көрсетуі мүмкін. Әлемдік қаржы нарығындағы жоғары қарыздық тәуекелдер және әлемдік экономиканың қайта қалпына келу процесіндегі теңсіздік әсерінен жағдайдың нашарлап кетуін ешкім жоққа шығармайды. Бұл туралы дүниежүзілік банктің «COVID-19» дағдарысынан кейінгі баяу қалпына келу» атты Қазақстан туралы баяндамасында айтылған.