Экономика • 29 Мамыр, 2023
Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының дерегінше, елімізде сақтандыру сыйлықақыларының ішкі жалпы өнімге (ІЖӨ) қатынасы орташа әлемдік деңгейден төрт есе төмен. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, сақтандыру компанияларының (СК) активтері 6,5%-ға, 2 200,9 млрд-қа дейін өсті. Бұған бағалы қағаздар (+3,0%), ақша мен салымдар (+22,4%) және қайта сақтандыру бойынша активтер (+33,1%) көлемінің ұлғаюы әсер етті.
Саясат • 28 Мамыр, 2023
Геосаяси тәуекелдер Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынасты бұрынғыдан да берік нығайтуға негіз болды. Соңғы дерек бойынша, Еуроодақтан ел экономикасына тікелей инвестициялар көлемі шамамен 23%-ға өсіп, 1 12,5 млрд долларды құрады.
Инвестиция • 26 Мамыр, 2023
Экономикамыздағы Қытай инвестициясының үлесі
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында Шыңжаңның бірқатар автономиялық аудандарының (Боро-Тала-Моңғол АО, Іле Қазақ АО Алтай қаласы мен Шәуешек қаласы) басшылығымен, сондай-ақ ШҰАА өндірістік-құрылыс корпусының өкілдерімен келіссөздер жүргізген еді. Сапар барысында мәлім болғандай, Қытай тарапынан біздің ет, дәнді және майлы дақылдар, жемшөп импортына қызығушылық жоғары екен. Өз кезегінде министр Қазақстанның сапалы жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алуға мүдделі екенін айтты.
Қоғам • 25 Мамыр, 2023
Конструктор-көлік заңдастырылады
2023 жылдың 22 мамырынан бастап елімізде конструктор-автокөліктерді заңдастыру басталды. Бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ел аумағына кіргізілген шетелдік тіркеудегі көліктерді заңдастыруға (арзан бағамен) рұқсат етілген еді. Ал бұған дейін елге қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген көлік иелері ресми тіркеу құжаттарының жоқтығынан қиындықтарға тап болып келген.
Алматы • 24 Мамыр, 2023
Алматы әуежайында жолаушылар екі есе артады
Қазір Алматы әуежайында жаңа нысанның құрылысы қызу жүріп жатыр. Жаңа терминал тек халықаралық рейстерге қызмет көрсетеді. Соның арқасында әуежайдың өткізу қабілеті 14 миллионға дейін (қазір 7 миллион) артады деп көзделіп отыр. Жақында Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) ұйымдастырған пресс-тур аясында құрылыс жүріп жатқан терминал аумағына барып, әуежай басшыларымен кішігірім сұхбат құрған едік.
Алматы • 23 Мамыр, 2023
Үлкен Алматы автожолы пайдалануға беріледі
Салынуы жайлы 15 жыл бұрын айтылып, биыл ғана аяқталғалы отырған Алматыдағы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (БАКАД) 2023 жылдың маусым айында пайдалануға берілмек. Бұл туралы «БАКАД инвестиция және операциялар» мекемесінің басшысы Айман Жанұзақова хабарлады. Айтуынша, жобаның жалпы құны – 743 млн доллар. Оның 78 пайызы – займ қаржысы болса, 22 пайызы – жеке қаражат. Жобаны үш қаржы мекемесі – Еуропа қайта құру және даму банкі, Еуразия даму банкі және Ислам даму банкі қаржыландырған. Ал құрылысты түркиялық Alarko Holding және Makyol, кореялық SK ecoplant және Korea Expressway Corporation компанияларынан құралған консорциум жүзеге асырып жатыр. Автожол мемлекет меншігіндегі мүлік болып саналады.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2023
Қайталама санкцияның қаупі қандай?
Жақында Reuters Еуропалық одақтың Қазақстан компанияларына қарсы санкция салуы ықтимал екенін хабарлады. Аталған болжам ақпарат ЕО-ның антиресейлік санкциялардың жаңа пакетін талқылауына байланысты тарап отыр. Жаңа пакет Мәскеумен ынтымақтастықтағы компанияларды ғана емес, Қытай, Иран, Өзбекстан және Қазақстан компанияларын да жанап өтуі мүмкін екен.
Инвестиция • 16 Мамыр, 2023
Инвестиция тартудан Орталық Азияда көшбасшымыз
Әлемнің 40-тан астам елінен келген ірі инвесторлар инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция тарту мәселесін, бұл бағыттағы Орталық Азия мен Қазақстанның мүмкіндіктерін Азия және Тынық мұхит аймақтық даму институттарының қауымдастығы (ADFIAP) мүшелерінің 46-кездесуінде талқыға салды. Өңірдегі ауқымды жобалардың атқарушысы – Еуразия Даму Банкі (ЕАДБ) қабылдаушы ұйым ретінде жұмыс істеді. Халықаралық конференция Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысөзімен ашылды.
Бизнес • 15 Мамыр, 2023
Астанада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Қазақстан машина жасаушылар одағының ұйымдастыруымен ONDEU EXPO өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесі ашылды. Көрмеге Аустрия, Германия, Израиль, Италия, Канада, Қытай, Түркия, Франция және Швейцарияны қоса алғанда әлемнің 17 елінен 250-ден аса делегат қатысты.
Үкімет • 12 Мамыр, 2023
Машина жасау саласы: Жаңа технологиясыз жаңару қиын
Біздегі машина жасау кәсіпорындарының тең жартысынан астамы өткен ғасырдың 1960-1970 жылдары орнатылған ескі құрылғылармен жұмыс істеп келеді. Мұндай жағдайда бәсекеге қабілетті өнім шығару, ішкі нарықты қамтамасыз ету, экспорттық тауар дайындау туралы айтудың да қисыны жоқ. Сондықтан отандық кәсіпорындарға сапалы модернизация жасалып, жаңа инновациялар енгізілуге тиіс. Түйткілдер қатарында кәсіпорындарымызды шикізатпен қамтамасыз ету де бар. Осы және өзге де мәселелер Қазақстан машина жасаушыларының XI форумында айтылып талқыланды.