Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
983 материал табылды

Алматы • 25 Қыркүйек, 2024

Алматыда газ инфрақұрылымының құрылысы аяқталды

24 қыркүйекте «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбыры екінші тармағының құрылысы аяқталды. Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ ҰӘҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі Талғат Малыбаев және «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қатысты.

Экономика • 17 Қыркүйек, 2024

«Салықтың артуы компания табысының өскенін айғақтайды»

Өндіріс үдерісіне үлес қосып жатқан компанияның бірі – өнер­кә­сіп­тік сүз­гі­лер­ді шығарумен айналысатын «Asiafilter». Бас дирек­­тор Индира Нұрланның ай­туынша, компания сапа, сервис тұр­ғы­сынан шетелдік бәсекелестерден еш кем түспейді. Осы орай­да кәсіпорын басшысымен сұхбат құрып, компанияның ғана емес, осы кәсіптің нарықтағы қазіргі ахуалын зерделеп көр­дік.

Өндіріс • 13 Қыркүйек, 2024

Полиэтилен өндірісінің өрісі кеңейеді

Отандық өндірістің әлеуетін арттырып, шығарылған өнімге қатысты экспорттық бағдарлауды күшейту – жергілікті өнеркәсіптің алдындағы маңызды міндет болып тұр. Әсіресе мұнай-газ саласында игерілмей жатқан мүмкіндіктер қаншама. Соның бірі де бірегейі біраздан бері айтылып жүрген полиэтилен өндірісі болатын. Биыл 11 қыркүйекте Атырау облысындағы «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында жылына 1,25 млн тонна қуаттылыққа ие полиэтилен өндіретін зауыттың бастапқы құрылыс жұмыстары басталды. Жобаның инвестициялық құны – 7,4 млрд доллар.

Қоғам • 11 Қыркүйек, 2024

Декларацияны «eGov» арқылы тапсыруға болады

Апта соңында кірістер мен мүлік туралы электрондық декларация­ларды тапсыру мерзімі аяқталады. Мемлекеттік қыз­метшілер, оларға теңестірілген қызметкерлер, бюд­жеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұ­байы­ның кірісі мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 н.) «eGov.kz» порталының көмегімен ұсынуға мүмкіндік бар.

Құқық • 10 Қыркүйек, 2024

Тұтынушы құқын қорғау тәртібі өзгереді

Сауда және интеграция министрлігі «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заң жобасын дайындап жатыр. Министр Арман Шаққалиевтің айтуынша, бұл құжат нарықтағы жағдайды түбегейлі жақсартуға, әрбір азаматтың құқығын жан-жақты қорғауға бағытталған.

Сұхбат • 06 Қыркүйек, 2024

Рустам Қарағойшин: «Экономикалық лифт» кәсіпкерлерге серпін береді деп сенеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда шағын және орта бизнесті қолдау және агросалаға инвестиция тарту бойынша негізгі түйткілдерді айтып берді. Тиісінше, Мемлекет басшысы шешу жолдарын да ұсынды. Әрине, оны іліп алып кетіп, тиімді бастамаларға ұластыру – құзіретті мекемелердің міндеті. Осы орайда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин «Egemen Qazaqstan» тілшісі сұрақтарына жауап берді.

Экономика • 03 Қыркүйек, 2024

Орта дәлізді дамытатын 10 басымдық

Еліміз үшін Транскаспий дәлізінің дәл қазір пайдасы айтарлықтай көп емес. Бірақ бізге келешектегі мүмкіндігі маңызды. Қазірдің өзінде күн санап кеме саны өсіп, ай санап айлақтар іске қосылып жатыр. Осының өзі олжа. Дүниежүзілік банк таяуда жариялаған баяндамасында 2030 жылға таман Транскаспий дәлізі арқылы сауда айналымын 3 есе арттырудың тәсілін тізбелепті. Бізге қатысты болған соң, оқырманмен бөлісуді жөн деп таптық.

Сұхбат • 30 Тамыз, 2024

Арман Шаққалиев: Отандық сауда-саттық әлеуетін арттыру шаралары тиімді бола түсті

Еліміздегі өндіріс деңгейі шарықтап кетпесе де, азық-түлік тауарларын өндіру ісі біршама ілгеріледі. Экспорттық әлеует те соңғы жылдары арта бастады. Әрине, түйткілдер де жоқ емес. Отандық өндірушілердің сауда желілеріне өнімімізді орналастыра алмаймыз деген жанайқайын талай естідік. Таяуда Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевпен сұхбаттасудың сәті түсіп, сауда саласының сан қатпарына қатысты сауалдарымызды қойдық.

Экспорт • 30 Тамыз, 2024

Экспорттық әлеуеттің бес үрдісі

Экономикалық зерттеулер институты биылғы бірінші жартыжылдықтағы ТОП-5 үрдісті тізбелеп шығыпты. Өңірдегі ахуалдың әлі тұрақтала алмай тұрғаны біздің де экспорттық саясатымызға дүркін-дүркін әсерін тигізіп жатыр.

Банк • 30 Тамыз, 2024

Бизнестің банктерге сенімі артып келеді

2024 жылдың маусым айының соңындағы жағдай ­бойынша ел банктеріндегі бизнестің салымы 15,8 трлн тең­геге жетті. Бұл өткен аймен салыстырғанда 4,5%-ға артық.