Экономика • 18 Тамыз, 2022
Тауар тасымалы: Табыстан гөрі тұрақтылық маңызды
Ресей Сауда өнеркәсіп министрі Денис Мантуровтың хабарлауынша, 2022 жылдың мамыр айынан бері Ресей параллельді импорт бағдарламасы аясында 6,5 млрд доллардың тауарын импорттаған. Жыл соңына дейін мұндай сауда көлемі 16 млрд долларға жетуі мүмкін. Бұл сауда-саттықта Қазақстанның да үлесі бар.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2022
2022 жылдың басынан бері пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссияның шешімімен 1 млн 119 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылған.
Қаржы • 17 Тамыз, 2022
Екінші деңгейлі банктердің жиынтық қарыз портфелі бір айда 3,2 пайыз немесе 656,2 млрд теңгеге көбейген. 2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша қарыз портфелінің көлемі – 21,3 трлн теңге. Соның 20,1 трлн теңгесі – ТОП-10 банктің еншісінде. Үздік ондықтағы қарыз портфелінің айлық өсімі 3,5 пайыз немесе 673,8 млрд теңгені құраған.
Қаржы • 16 Тамыз, 2022
Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы 2022 жылдың тамыз айында қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалдамасының нәтижелерін ұсынды. Онда 6 негізгі аспекті бойынша болжамдар жарияланған.
Қаржы • 16 Тамыз, 2022
Еуразиялық даму банкі 6 қатысушы-мемлекетке қатысты кезекті макроэкономикалық шолуын жариялады. Онда елдердің даму бағытына қысқа мерзімді перспектива аясында баға берілген.
Экономика • 15 Тамыз, 2022
Орталық және Оңтүстік Азия интеграциясы Еуропаға жол ашады
Қазақстан сауда тасымалдарын нығайту жолында Орталық Азия елдерімен кең тынысты қарым-қатынас орната бастады. Алдағы бес жыл – Орталық Азияның транзиттік мүмкіндіктерінің кеңейе түсіп, бес елдің бір-біріне шынымен қолғабыс тигізер сәті. Осы бес жылдықта қолға алынған бастамалар сәтті болса, онда одан әрі қарай сауда байланыстарындағы оңтүстік дәліздің басымдығы біржола артып, шын мәніндегі азиялық интеграция көрініс бермек.
Қаржы • 15 Тамыз, 2022
Сақтандыру нарығында қандай өзгерістер болады?
Автополис бағасын есептеуде өңірдегі жол апатының деңгейі ескерілсе, ерлі-зайыптылардың ажырасуы зейнетақы аннуитетін пайдалануға кедергі болмайды. Жақында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева сақтандыру саласында болатын осындай жаңашылдықтарды хабарлаған еді.
Экономика • 12 Тамыз, 2022
Сақтандыру нарығында көрсеткіштер өскен
Жылдың бірінші жартысында өмірді сақтандыру нарығының негізгі көрсеткіштері өсе түскен. Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, өмірді сақтандыру компанияларының активтері 833,1 млрд теңгеге жетті және бүкіл сақтандыру нарығының жиынтық активтерінің 42,3%-ын құрады.
Экономика • 11 Тамыз, 2022
Агрохимия кешенінің ахуалы: Шетелдік тыңайтқышқа қашанғы тәуелді боламыз?
Агрохимия – ауыл шаруашылығындағы маңызды сала. Өсімдіктердің қорегін, тыңайтқышы мен химиялық заттарды дұрыс қолдану жүйесін зерттейтін бұл ғылым бізде өркен жайып тұр деуге келмейді. Қазақстан жыл сайын 600 мың тоннадан астам минералды тыңайтқышты басқа елдерден сатып алып отыр. Ал отандық агрохимия секторында 84 кәсіпорын жұмыс істейді.
Экономика • 11 Тамыз, 2022
Қазақстан бақылауына өтуі мүмкін
Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің қатысуымен құрылған Еуразиялық даму банкінің бақылау пакетінен Ресей бас тартып, бұл мандат Қазақстанға берілуі мүмкін. Bloomberg ақпараты бойынша, банктің 65,97 пайыз акциясына иелік ететін Ресей санкциялық тәуекелге байланысты Белоруссиямен бірге өз үлесін қысқартқысы келеді.