Экономика • 22 Қараша, 2021
Банк секторы бәсекеге түскен үш онжылдық
Тәуелсіздік алған соң Қазақстан дербес банк жүйесіне көңіл бөлді. Ел – егемен, төл валюта – теңгемен, енді бәрін де жаңадан бастау керек еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл қолдауы, сын сағаттарда Ұлттық қордан триллиондаған қаржы бөліп, банк секторын аман сақтап қана қалмай, артық табыс табуға жол ашып беруінің арқасында отандық банк секторы еңсесін тіктеді. Қазір біздің банк жүйесін халықаралық агенттіктер тәуір бағалайды. Активтері де жыл санап өсіп жатыр. Жаппай цифрлану олардың қызметін бұрынғыдан да қолайлы ете түсті. 2008-2009 жылғы дүниежүзілік дағдарыс сәтінде мемлекет қаншама банкті тікелей жетелеп, сауықтырды. Кейін оларға қатаң талап қойып сілкілеп те алды. Қазіргі банк жүйесін талай сын-қатерлерді көріп пісіп-шыныққан, алды-артын бажайлай алатын, клиент үшін тиімді саясат ұстануға құштар қаржы институттары құрап тұр.
Қоғам • 21 Қараша, 2021
Елордада алғаш рет шаруалар құрылтайы өтті. Shopan ata ұлттық мал өсірушілер қауымдастығы ұйымдастырған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен мал шаруашылығын кәсіп еткен азаматтар қатысты. Әрқайсысының соңында аманат айтқан ел, соған орай құшақ-құшақ шағымы бар.
Экономика • 15 Қараша, 2021
Биыл экономикалық белсенділіктің қалпына келуіне банктердегі депозиттік базалардың 3,5 трлн теңгеге дейін өсім көрсетуі де әсер еткен. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының хабарлауынша, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 14,9 трлн теңге жаңа займ берілген. Бұл былтырмен салыстырғанда 4,7 трлн теңгеге көп.
Қоғам • 09 Қараша, 2021
Сақтанғысы келетіндердің саны артты
Биыл қыркүйекте сақтандыру ұйымдарының активтері былтырмен салыстырғанда 19 пайызға көбейіп, 1,7 трлн теңгеге жеткен. Бұл сома – ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 2,31 пайызы. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, сақтандыру сыйлықақы (клиенттің өзін сақтандыру үшін компанияға берген қаржысының көлемі) көлемінің өсуі және олардың құнды қағазға белсенді инвестициялануы активтер өсіміне елеулі әсерін тигізген.
Қоғам • 09 Қараша, 2021
Көрші елдің көлігін мінгендердің мұңы
Тәуір көлік алғысы келген қазақтардың Ресейге қарай құйысқаны көтерілгені қашан. Алайын десе қазақстандық тіркеудегі көліктер бағасы ыршып тұр. Амалсыз тәуекелге басып, көрші елден тасуға көшкен-ді. «Әр кемелге – бір зауал» дегендей, енді міне жол полициясы Ресей нөмірін таққан көліктерді жаппай тексеруге көшкен. Полиция тарапынан қысымның күшеюі елордада көлік жүргізушілерін көшеге алып шықты.
Экономика • 08 Қараша, 2021
Қазірдің өзінде әлем экономикасы қалпына келіп жатыр дегенді естиміз. Дегенмен жаһан экономикасын кібіртіктетіп тұрған тәуекелдер әлі де бар. Осының бәрін ескере отырып, Экономиканы қолданбалы зерттеу орталығы (AERC) кезекті макроэкономикалық болжамын жария еткен.
Қазақстан • 08 Қараша, 2021
Ресейлік көлік иелерінің талабы қандай?
Тәуір көлік алғысы келген қазақтардың Ресейге қарай құйысқаны көтерілгелі қашан. Алайын десе қазақстандық тіркеудегі көліктер бағасы ыршып тұр. Амалсыз тәуекелге басып, көрші елден тасуға көшкен-ді. «Әр кемелге – бір зауал» дегендей, енді міне жол полициясы Ресей нөмірін таққан көліктерді жаппай тексеруге көшкен. Полиция тарапынан қысымның күшеюі елордада көлік жүргізушілерін көшеге алып шықты.
Экономика • 08 Қараша, 2021
IDF Eurasia (Solva бренді) қаржы-техникалық компаниясының зерттеуінше, қазақстандықтардың тұтынушылық несиесінің орташа сомасы 560 мың теңгені құраған. Биыл займдардың айтарлықтай өскеніне қарамастан, қазақстандықтар шектен тыс ауырлық сезініп отырған жоқ деп хабарлайды компания.
Экономика • 07 Қараша, 2021
Мемлекеттік қарыздың шектен аспағаны жөн
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ұсынған дерегі бойынша биыл тоғыз айда мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуге және өтеуге жұмсалған шығын 2 трлн теңгеден асқан.
Қазақстан • 03 Қараша, 2021
Жаңа ақылы жолдар пайда болады
Қазақстанда автожолдардың жеті учаскесі ақылы болмақ. Жоба «Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүзеге асырылмақ.