Қазақстан • 05 Наурыз, 2021
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Басқарушылық консалтинг саласында жұмыс істейтін халықаралық BCG және The Network компаниялары бірлесе жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша Канада әлем бойынша мигранттар үшін ең тартымды ел болып танылды. Зерттеу деректері бойынша пандемия азаматтардың шекара асып жұмыс істеу ынтасына кәдімгідей кері әсерін тигізген.
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын 17 орталық ашылады
«Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту шаралары мен құралдары» атты республикалық конференцияда баяндама жасаған ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселесіне тоқталды.
Қазақстан • 04 Наурыз, 2021
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазір елімізде ана мен балаға материалдық көмек көрсетуге бағытталған 6 жәрдемақы мен 2 төлем бар. 2020 жылы шамамен 1,9 млн адамға республикалық бюджеттен, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жалпы сомасы 635,3 млрд теңгеге қолдау көрсетілген. Бұл 2019 жылғы төлемдер сомасынан 71 пайызға (372 млрд. теңге) артық.
Қаржы • 04 Наурыз, 2021
Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?
Соңғы бірер күнде ұлттық валюта дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың орташа бағамынан 2,36 теңгеге құнсызданып 420,40-420,80 теңге аралығында саудаланған еді.
Медицина • 04 Наурыз, 2021
3 миллион қазақстандық медициналық сақтандырудан неліктен тыс қалды?
Отандық медицина саласына серпіліс әкеліп, азаматтардың ем қабылдауын әлдеқайда жеңілдетуі тиіс болған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі әлі 3 миллионнан астам адамды қамти алмай отыр.
Қоғам • 04 Наурыз, 2021
«COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы қандай көмек береді?
Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастар аясын кеңейтуге байланысты бірқатар бастама қолға алынып жатыр. соның бірі – «COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы. Азаматтар осы қосымшаны пайдалану арқылы, ЕАЭО елдері бойынша іскерлік және жеке сапарларға шыға алады.
Қоғам • 04 Наурыз, 2021
Полиция алаяқтардан сақтануды ескертті
Соңғы уақытта қоғамда интернет арқылы жасалатын алаяқ әрекеттер тым көбейіп бара жатыр. Алдап-арбаудың түрлі әдістері мен сызбаларын жетік меңгеріп алған теріс пиғылдылар көп жағдайда төлем картасындағы қаржыны ұрлауды қолай көреді екен. Нұр-Сұлтан қаласы полициясы төмендегідей жағдайлар кезінде алданбай, мейлінше сауаттылық танытуға шақырады.
Технология • 04 Наурыз, 2021
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы QR-код көмегімен төлемдерді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтер тізімін кеңейткенін жариялады. Енді қазақстандықтар бұрын сағаттап уақыт алатын қызметтерге санаулы секунд ішінде төлем жасай алады.
Қоғам • 03 Наурыз, 2021
Аударымның сомасы – 218,6 млн теңге
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына азаматтардан зейнетақы портфелін басқарушыға аударуға байланысты 87 өтініш келіп түскен. Аударымның жалпы сомасы 218,6 млн теңгеден асады екен.
Экономика • 02 Наурыз, 2021
Қор нарығынан пайда табуға болады
Инвестиция салып пайда табу қарапайым болып барады. Бұрын тек ірі кәсіпкерлер ғана инвестор бола алады деп ойлайтынбыз, ал қазір сіз де, біз де шетелдік компания акцияларын иемденіп, дивиденд ретінде табыс таба аламыз.