Қазақстан • 11 Мамыр, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел билігінің тізгінін өз қолына алысымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынып, қарапайым адамдарды толғандырған талай көкейкесті мәселенің оң шешілуіне ұйытқы болып келеді. Бұл Мемлекет басшысының өз қызметін, Конституциямызда жазылғанындай, «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген басты қағидатқа сүйене атқарып отырғанын айғақтайды.
Қоғам • 20 Сәуір, 2022
Қазіргі кезде әлеуметтік желіні ашып қарасаңыз, көзіңізге петиция түспей қоймайды. Әртүрлі ұсынысты жақтаушылар мен жақтамаушылар өзара жарысқа түскендей әсер қалдырады. Алайда олар «Онлайн петиция деген не өзі? Оны әзірлеу және қарау тәртібі қалай? Жалпы, осы әрекетімізден нендей нәтиже шығады?..», деген сауалға аса бас қатырып жатқан жоқ сияқты.
Экономика • 17 Сәуір, 2022
Субсидия кімнің «сауын сиыры»?..
«Шөлмек мың күн сынбайды, бір күні сынады» демекші, ауыл шаруашылығы саласына құзыреті жүріп тұрған шенеуніктердің «майшелпегіне» айналған субсидияны жымқырушы жемқорлардың бірсыпырасы әшкереленіп, жауапқа тартылып жатыр.
Қазақстан • 14 Сәуір, 2022
Еске алу күні – Аза тұту күні емес пе?
Жыл сайын 31 мамырда елімізде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Шын мәнінде, оның Аза тұту күні екенін ата-бабалары репрессияға ұшыраған адамдар болмаса, басқалар онша сезінбейтін сияқты. Бар болғаны – басшыларымыз бастап, басқаларымыз қостап, нәубет құрбандарына арналған ескерткіштер мен мемориалдық тақталарға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіз тұрып қайтатынымыз рас.
ANTIKOR • 13 Сәуір, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасында мемлекеттігіміздің мықты іргетасы – әділдік, ал оған әкелетін маңызды басымдықтардың бірі – жемқорлықты түп-тамырымен жою екенін мәлімдеген болатын. Осы бағытта Мемлекет басшысының бастамасымен бірқатар пәрменді шара қабылданып, қоғамдық өмірдің қай саласына болсын дендеп енген қылмысты құбылыстан құтылуға күш салынып отыр.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2022
Орал әуежайының жаңа терминалы
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниясы Орал қаласындағы халықаралық әуежайдың жаңа терминалы 2022 жылғы 7 сәуірде пайдалануға берілгенін хабарлады. Ал биылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі Орал халықаралық әуежайына Батыс Қазақстан облысының тумасы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы қаулыға қол қойған болатын.
Қазақстан • 10 Сәуір, 2022
Басым міндет – газдың ресурстық базасын ұлғайту
«QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының жуырда тағайындалған төрағасы Санжар Жаркешов компаниялар тобының өндірістік объектілері орналасқан өңірлерге жұмыс сапарларын бастады. Негізгі мақсат – еліміздің газ тасымалдау жүйесі мен магистралдық газ құбырларының жағдайымен танысу.
Қазақстан • 06 Сәуір, 2022
Қоныс аударушылардың баспана «жыры»
Қазіргі алмағайып заманда көршілес алпауыт елдің кең-байтақ жеріміздің солтүстік бөлігіне көз алартқан кейбір саясаткерсымақтарының «сандырақтарын» естіген сайын теріскей жақтан ызғар ескендей ытырынып, қазекемнің баяғыда-ақ сақтық қыла айтқан «Бос жатқан жер жау шақырады» деген нақыл сөзі еріксіз еске түседі.
Қоғам • 03 Сәуір, 2022
Қоғамдық кеңестердің қадірін кетірмейік
«Сын түзелмей, мін түзелмейді» дейді қазекем. Сол сынды түзеуші – жұртшылық пен мемлекеттік органдар арасындағы «алтын көпір» рөлін атқарады деген ниетпен құрылған қоғамдық кеңестер болуға тиіс. 2015 жылы қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң, міне, осы мақсатты көздейді. Содан бергі уақытта осы қоғамдық институт өзіне жүктелген маңызды міндетті ойдағыдай атқарып, көпшілік көңілінен шыға алды ма?
Қазақстан • 28 Наурыз, 2022
«ҚазМұнайГаз» және америкалық компания Атырауда жаңа зертхана ашты
Жыл басы – Наурыз «мұнайлы астанаға» жағымды жаңалығымен келді. Өткен жұма күні Атырауда мұнай өнімдері өндірісінде қолданылатын катализаторларды тестілеуден өткізетін Қазақстандағы алғашқы арнайы зертхана ашылды.