Пікір • 05 Сәуір, 2024
Әйгілі француз жазушысы Анатоль Франс: «Заңдар әділ болған кезде адамдар да әділ болады» деген екен. Пайымдап қарасақ, егер қолданыстағы заңнамада ел Конституциясында кепілдік берілген адам құқықтарына қайшы келетін нормалар белең алса, онда сол нормаларға сүйеніп қабылданған сот шешімдерінде де қиғаштықтарға жол берілмей тұрмайтындығы анық. Бұл адамдардың әділдікке деген сенімін жоғалтып қана қоймай, оларды тура жолдан тайдырып, өз мақсаттарын заңсыз іс-әрекеттермен жүзеге асыруы мүмкін.
Халық • 02 Сәуір, 2024
Қилы заманда дүние жүзіне тарыдай шашылып кеткен қандастарымыздың атажұртына бет бұрған ұлы көшін Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында шоғырлана өмір сүріп жатқан ағайындар бастаған болатын. Олардың алғашқы легі кеңес одағының күйреуі қарсаңында Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасында жасалған Еңбек шартына сәйкес 1991 жылғы көктемде атамекенге қиқулап қайтқан жыл құсымен қатар қуана думандатып келген еді.
Пікір • 01 Сәуір, 2024
Бүгінде бұқаралық коммуникация құралдарында жиі көтерілетін тақырыптың бірі – мемлекеттік тіліміздің жай-күйі. Қоғамды толғандыратын осы мәселеге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырыстарында ұдайы назар аударып, өз пайымын ашық айтып келеді.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2024
Жаңару күні табиғаттың түрленуіне ғана емес, елдегі саяси өзгерістерге де қатысты. Бұдан бес жыл бұрын бүгінгі барлық экономикалық-саяси реформаға тың серпін берген маңызды шешім қабылданды, ел билігі ауысты. Ал 2023 жылдың 19 наурызында кезектен тыс Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті. 2022 жылғы референдум қорытындысы бойынша Конституцияға енгізілген өзгерістерден кейін Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім бойынша, 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланды.
Мереке • 19 Наурыз, 2024
Көне тарихымызға үңілсек, 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні һәм төл Жаңа жылымыз екеніне көз жеткіземіз. Алайда коммунистік идеологияны ту етіп ұстанған кеңес өкіметі Наурыз мейрамын «діни мейрам» деп санап, оған 1926 жылы ресми түрде тыйым салған болатын. Бірақ ата салт-дәстүріне берік халқымыз Ұлыстың ұлы күнін ешқашан жадынан шығармай, әсіресе ауылды жердегі ағайын көрші-қолаңын қонаққа шақырып, наурызкөжеден дәм татқызып, ұлық мерекені атаусыз қалдырмауға тырысқан.
Мирас • 15 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы былтырғы 7 қарашада Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңір жұртшылығымен кездесуінде: «Қазақтың Адай жылқысын Маңғыстаудың бірегей байлығы деуге болады. Бұл арғымақтар шөлге ерекше шыдамды, алыс жолға төзімді. Маңғыстау тұлпарлары алысқа шабатын халықаралық марафондарда әрдайым бәйге алып жүр. Адай жылқысын әлемге таныта алсақ, бұл біздің тағы бір тамаша брендімізге айналады. Сондықтан Үкіметке оны ғылыми түрде асыл тұқымды мал ретінде тану және көбейту үшін тиісті жұмыстарды жедел қолға алуды тапсырамын», деген еді.
Білім • 11 Наурыз, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында білім сапасын, әсіресе орта білімнің деңгейін арттыру үшін батыл шешім қабылдау қажеттігін жайдан-жай айтқан жоқ.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2024
«Елге ел қосылса – құт» деген екен қазекем. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, Қазақстан халқының саны өткен жылы 266 739 адамға көбейіп, 20,03 млн адамға жетті. Былтыр республикамызға 25 399 адам көшіп келсе, 16 055 адам көшіп кетіп, көші-қон сальдосы көп жылдан кейін алғаш рет оң (+9344 адам) болды.
Пікір • 26 Ақпан, 2024
Ысырапшылдықты тыюдың батыл қадамы
Ұлы Абай осыдан бір жарым ғасырдай бұрын өскелең ұрпаққа өсиет ретінде сақтандыра айтып кеткен бес дұшпанның бірі – бекер малшашпақ һәм ысырапшылдықтан әлі күнге арыла алмай келе жатырмыз. Осы мәселеге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та ұдайы назар аударып, халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру міндетін алға қойып отыр.
Жемқорлық • 22 Ақпан, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында қоғамды жайлаған сыбайлас жемқорлықпен күресу міндетін әділдікке әкелетін басымдықтардың бірі ретінде алға қойып: «Біз жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күресеміз. Жемқорлық мемлекет пен қоғамның іргесін сөгіп, ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді, мемлекеттің дамуына тосқауыл қояды», деген болатын.