Тұлға • 14 Қараша, 2023
Ел мүддесін қара басының қамынан жоғары қойып, шырқыраған шындық пен аяққа басылған әділдікті қызғыштай қорғап, қолындағы қаламын қару етіп ұстанып өткен әріптестеріміз аз емес. Олардың ішінде, әсіресе көзі тірі болса бүгін 80 жасқа келетін ақмылтық журналист Мәлік Мұқановтың орны тым ойсырап тұрғаны анық.
Қоғам • 06 Қараша, 2023
Ұлы миссиямыз – ұлттық мемлекет орнату
Ұлттық статистика бюросы жақында жариялаған 2021 жылғы Ұлттық санақтың қорытындысы бойынша еліміздегі қазақтардың саны 13,4 млн адамды құрап, республика халқының 70,4 пайызына жеткен. «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданған 1990 жылы ұлтымыздың саны 6 млн 534 мың ғана, ал ел халқының құрамындағы үлесі небәрі 39,69 пайыз болғанын ескерсек, бөркімізді аспанға атып қуанарлықтай жайымыз бар.
Жемқорлық • 02 Қараша, 2023
Еліміздің тәуелсіздігі жылдарында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының біразы жаңартылып, бүгінде халық игілігіне жаратылып отыр. Алайда облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың көпшілігі ұзақ жылдар бойы ешқандай жөндеу көрмей, әбден тозып, жеңіл көліктің жүруіне жарамсыз болып қалғандықтан, өңірлер тұрғындарының, әсіресе ауылдағы ағайынның ең басты мұқтаждығының біріне айналды.
Денсаулық • 02 Қараша, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілгенімен, оның жағдайы әлі де мәз емес екенін сынай келіп: «Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен. Тіпті сақтандыру моделі тұрақсыз әрі жүйесіз дамуда. Бұл – үлкен олқылық», деген еді.
Қазақстан • 24 Қазан, 2023
Еліміздің Жоғарғы Кеңесі іргесі шайқалып, күйреудің алдында тұрған кеңес одағы құрамындағы республикалардың «егемендік шеруіне» ілесіп, 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ ССР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияны қабылдағанда халқымыздың кеудесінде ұлттық намысы өшпеген саналы азаматтарының бөркін аспанға атып қуанбағаны жоқ шығар.
Мәселе • 19 Қазан, 2023
Ауыл деңгейіндегі қалалар мәртебесі қашан өзгертіледі?
Биыл жолымыз түсіп, Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданының орталығы – Сергеевка қаласындағы қазақ орта мектебінің ұжымымен жолыққан едік. Кездесу барысында мұғалімдер өздері тұрып жатқан шағын шаһардың мәртебесін өзгерту мәселесі көптен сөз болып келе жатқанымен, нақты қашан шешілетіндігі әлі беймәлім екенін қынжыла айтты.
Қоғам • 18 Қазан, 2023
Бұдан біраз жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысының әкімімен бірге шалғайдағы Уәлиханов ауданы әкімінің аудан орталығы – Кішкенекөл ауылында өткен тұрғындар алдындағы есебін тыңдауға бардық. Аудан басшысы жасаған баяндамадан кейін сұрақ-жауап рәсімі басталған кезде бір әйел залда орнатылған микрофонға келіп, төрде отырған облыс әкіміне қарап: «Сіз осы ауылдың біз тұратын көшесіндегі үйлердің сиырларын жайылымға шығарып бағатын бақташы тауып беріңізші...», деп өтінді.
Энергетика • 16 Қазан, 2023
KEGOC: Электрмонтерлер шеберліктерін шыңдады
Отандық электр энергетикасы саласындағы басты компания – «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» акционерлік қоғамы жақын күндері электрмонтерлердің кәсіби шеберлігін шыңдауға арналған байқау өткізді.
Қазақстан • 13 Қазан, 2023
Қоғамдық бақылау – халық билігінің қуатты құралы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың Түркістандағы отырысында: «Әділетті Қазақстанды құру – министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес. Оған бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керек. Ал түпкі мақсатымызға жету үшін саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажет. Халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс. Әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер. Бір сөзбен айтсақ, пиғыл өзгермесе, ештеңе де өзгермейді», деген пайымы кімді болсын ойландыруға тиіс.
Дін • 10 Қазан, 2023
Исламның мызғымас бес шарты һәм мұсылман адамның бес парызы – Кәлима-и шәһадат айту, яғни Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне және Хазірет Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік ету, күн сайын бес уақыт намаз оқу, жыл сайын ораза ұстау, зекет беру және жағдайы барлардың қажылық жасауы болып саналады. Ал тарихқа үңілсек, басқа мәселелер бойынша дінімізде қатып қалған қағида жоқтығына көз жеткізетін мысал аз емес.