Қымбат ТОҚТАМҰРАТ
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
129 материал табылды

Экономика • 27 Мамыр, 2021

Оңай ақша опындырмасын

Ұлттық валютамыздың дизайны арагідік өзгеріп отыратыны белгілі. Бұл – жалған ақша жасаушылардың жолын кесу мақ­са­тын­да да енгізілетін тәсіл. Бүгінге дейін төл теңгеміздің сыртқы безен­дірілуі төрт рет өзгеріпті. Сонда да алаяқтар қол­дан ақша жасау­ды қоймай келеді. 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ұлт­тық банк пен екінші деңгейдегі банктер бар­лығы 760 950 сома­дағы 237 жалған ақша белгісін (236 банкнот және 1 монета) анық­та­ған. Ал былтыр осы кезеңде 226 банкнот табылған болатын.

Экология • 27 Мамыр, 2021

«Жасыл экономикаға» көшудің тұжырымдамасы талқыланды

2013 жылдың 30 мамырында елімізде мемлекеттің инновациялық іскерлігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы» бекітілгені белгілі. Осыған байланысты Елбасы кітапханасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл экономика бойынша іс-әрекеттер серіктестігі» (PAGE) атты БҰҰ бағдарламасымен бірлесіп, «Жасыл экономика – Қазақстанның инновациялық және тұрақты дамуының парадигмасы» дөңгелек үстел жиынын өткізді.

Қазақстан • 26 Мамыр, 2021

Aitu қосымшасын да пайдалануға болады

Қазақстанда бизнес нысандарына еркін кіру үшін қолданылатын Ashyq қосымшасына балама ретінде Aitu қосымшасы ұсынылды. Егер техникалық ақауға байланысты Ashyq қосымшасы жұмыс істемей қалса, онда Aitu-ды пайдалануға болады.

Қоғам • 18 Мамыр, 2021

«Atameken CUP» республикалық турнирінің жеңімпаздары анықталды

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті бірлесе ұйымдастырған «Atameken CUP» республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 18 Мамыр, 2021

Ақылы автожол көбейді

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде 11 мың шақырым автожол ақылы болады. Оның ішінде жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырымды құрайтын 18 учаске ағымдағы жылдың маусым айынан бастап пайдалануға беріледі.

Қоғам • 06 Мамыр, 2021

Кері кеткендер

Әсілінде «дені дұрыс» кезек алға жылжиды. Бірақ жұртшылық балабақша орындарын әділ үлестіреді деп сенген indigo24.kz балабақша кезегі кері кетіп тұр.

Экономика • 28 Сәуір, 2021

Сарсаңға салған көлік салығы

«Ережені бұзған адам айып­пұл төлейді, ал ере­жеге бағынған адам салық төлейді» деген Лоуренс Питердің сөзі бар. Сол айт­қандай, заңға бағы­на­тын әр азамат салықты уа­қ­тылы төлеуге міндетті. Қазақстанда 12 түрлі салық пен міндетті төлем бар десек, соның ішінде көлік салығы – жыл сайын дау болатын төлемдердің бірі. Азаматтардың көбі баяғыда сатылып кеткен көлігінің салығы өз атына келетініне наразы. Тіпті өмірі көлік айдамағандардың атына да салық байланғаны жиі айтылады.

Руханият • 23 Сәуір, 2021

Құнды қазына орталығы

2017 жылы елордада Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ашылған еді. Аты да айтып тұрғандай, бұл орталықта рухани қазынамыздың құнды жәдігері саналатын, бағзы заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен, еш жерде кездесе бермейтін сирек жазбалар сақталған. Қазір орталықтың қорында 11 мыңға жуық сирек кітап болса, оның 316-сы – XIX-XX ғасырларға тиесілі бағалы еңбектер. Орталық қорында көне Құран кітабынан бастап, хадистер жинағы, ертедегі хандарымыздың жазған хаттары, бұйрықтары, біртуар тұлғалардың қолтаңбасы қалған туындылар, ежелдегі Ислам құқына қатысты кітаптар, әл-Фараби заманынан бергі жазбалар бар.

Қоғам • 22 Сәуір, 2021

Қазақ кітабының күні қажет

Ертең, яғни 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күн. Осы атаулы күні әлемнің көптеген елі кітапқа, кітап оқуды ынталандыруға байланысты жалпыхалықтық сипаттағы мерекелер өткізіп жатады. Ал Қазақстандағы іс-шаралар тек кітапханалар деңгейінен аспайды.

Экология • 16 Сәуір, 2021

Түтін тұмшалаған қала

Бас шаһар түтінге тұншығып тұр. Әсіресе таңертеңгілік және кешкі мезгіл­де мұржалардан шығатын қою көк түтін астана аспанын торлап, иісі қолқаны қабады. Әдетте қаламыздың аяғын жерге тигізбей мақтаймыз. Бірақ көк түтінге келгенде, үніміз шықпай тұр. Былтыр «Қазгидромет» РМК дерегіне сәйкес, Нұр-Сұлтан елдегі ең лас қалалардың қатарына қосылған еді. 2019 жылы елор­да­­да атмосфераға 108 мың тонна лас­тау­­шы зат таралыпты. Оның 33,5%-ы (59 мың тоннасы) – жылу-электр орта­лық­тарына, 29%-ы – жеке секторға, 32,5%-ы ескі көліктерге тиесілі болған.