Жадыра МҮСІЛІМ
Жадыра МҮСІЛІМ«Egemen Qazaqstan»
75 материал табылды

Үкімет • 14 Наурыз, 2024

Құқықтық мәселелер талқыға түсті

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, күн тәртібінде бірнеше заң жобасы талқыланды. Оның ішінде әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелеріне қатысты заң жобалары бар. Сондай-ақ палата отырысында еліміздің оңтүстік аумақтарындағы суару маусымына дайындық барысы қаралды. Бұдан кейін депутаттар тиісті мекемелерге кезек күттірмей шешілуге тиіс түйткілдерді жіпке тізіп, сауалдарын жолдады.

Қоғам • 13 Наурыз, 2024

Ұлы кобзарь рухы асқақтады

Украин халқының ұлы перзенті, ақын, ғалым әрі суретші Тарас Шевченко өз елінің ғана емес, қазақ мәдениеті мен әдебиетінде де есімі ерекше аталатын тұлға ретінде тарихта қалды. Небәрі 47 жасында өмірден озған ақын әлем әдебиетінің алтын қорына мол туындыларын қалдырып, адамзат руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Қоғам • 13 Наурыз, 2024

Жүгенсіз жүргізушілер көп

Былтыр жол-көлік оқиғаларында 2,5 мыңнан астам адам қаза тауып, 20 мыңға жуық адам жарақат алған. Сондықтан жол қауіпсіздігі Ішкі істер министрлігінің күн тәртібінен түскен емес. Қазір министрлік тарапынан алаңдатарлық мәселеге қатысты бірқатар шара қолға алынып, жолдағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ жол апатының алдын алу бойынша жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр.

Отбасы • 08 Наурыз, 2024

Шаңырақ шуағы

Әсілінде әйелдің заты нәзік, жүрегі жұмсақ дейміз. Әйткенмен ықылым заманнан бері ел басына қатер төнгенде ерлермен қатар жауға қарсы тұрып, ауыр жұмыстарды атқарған аналар аз емес. Адамзаттың осы бір әдемі жаратылысы ежелден-ақ өздерінің батыл әрекеттерімен әлемге әсер етіп, тарихтың бағытын өзгертуге қауқары жеткен.

Саясат • 07 Наурыз, 2024

Моника Иверсен: Екіжақты келісімнің жемісі мол

Елімізде неміс этносының 226 мың өкілі тұрса, Германияда Қазақстаннан қоныс аударған 1 миллионнан аса бұрынғы жерлестеріміз тұрады. Олар жергілікті халықпен қоян-қолтық араласып, екі елдің арасында алтын көпірге айналды. Бүгінде Қазақстан – Германияның Орталық Азиядағы негізгі экономикалық әріптесі. Неміс мемлекетінің Орталық Азия елдерімен алыс-берісінің 83 пайызы біздің елге тиесілі. Ендігі мақсат пен мүдде де айқын. Бұл – жоғары деңгейде қалыптасқан саяси диалог аясында түрлі саладағы өзара тиімді қарым-қатынастың қарқынын дамыту. Осы орайда екі халықты жақындатуда еңбек сіңіріп жүрген Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Моника Иверсен таяуда газетімізге арнайы сұхбат берген еді.

Құқық • 06 Наурыз, 2024

Кәсіподақ: Еңбеккер құқы ескерілсе игі

Нәсіпке ортақ болғанымен, еңбеккерлердің құқығын қорғауға келгенде енжарлық танытатын кәсіподақ жұмысының көлеңкелі тұсы көп. Бұлай деуіміздің себебі де жоқ емес. Өйткені еңбек ұжымдарында болған наразылықтар мен жалақысы жылдар бойы көтерілмеген мекемелер бар. Кейінгі жылдары талай жұмысшы қайғылы оқиғаға ұшырап, жазым болды.Алайда тағдыры тәлкекке түскен осындай сәттерде олар құқығымды қорғайды деген кәсіподақты неге таппай қалады?

Жемқорлық • 26 Ақпан, 2024

Жемқорлыққа қарсы күрес санадан басталады

Жемқорларға жазаны арттырып, айыппұл мөлшерін өсір­ге­німізбен, елдің қаржысын қал­таға басатындардың са­ны азайған жоқ. Керісінше, шенді-шекпенділердің әдеті қол ­астындағы қызметкерлерге жұқты ма, осы күні түйені түгімен жұта­тын­­дардың есебі естен тандыратын күнге жетті. Қоғамдық сана­дағы қауіпті құбылысты жауап­кер­шілікпен жүгендеу мүмкін емес­тігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Руханият • 25 Ақпан, 2024

«Өзге» ұғымындағы өркениеттер қақтығысы

Астанада түркиялық ғалым, Түркияның мемлекет және қоғам қай­­рат­­кері Ибраһим Калынның қазақ тілінде жарық көрген «Мен, өзге және өзгесі» кітабының таныстырылымы өтті. Автор өз ең­бе­гінде шы­ғыс пен батыс әлемінің қарым-қатынасына шолу жа­­­сап, бір-біріне ықпал етуші екі өркениетте қалыптасқан көз­қа­­рас­­тарды сараптайды.

Құқық • 21 Ақпан, 2024

Жеке детектив қызметі қажет пе?

Елдегі сүрленген құжаттың бірі – «Жеке детектив қызметі» туралы заң жобасы. Жиырма жылдан аса жыр болған заң жобасы талай сарапшының алдын көрсе де, түрлі себеппен заң шығарушы органнан өтпей қалған.

Қоғам • 18 Ақпан, 2024

Бердібек Сапарбаев тағылымы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бердібек Сапарбаев тұлғасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Жиында Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр­дің орынбасары Тамара Дүйсенова, Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов, сондай-ақ басқа да қайраткерлер, ғалымдар, қызметтес серіктері мен шәкірттері баяндама жасады.