Бану ӘДІЛЖАН
Бану ӘДІЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
368 материал табылды

Қоғам • 14 Тамыз, 2022

Тас жолдағы трагедия азаймай тұр

Ауыр статистика – елімізде жыл басынан бері 1 200-ге жуық адам жол апатынан көз жұмған. Ал 10 мыңнан астамы ауыр жарақат алып, аурухана төсегіне таңылған. Мәселен, бір ғана Батыс Қазақстан облысында соңғы 7 айда 170-ке жуық жол-көлік апаты тіркелсе, соның салдарынан 56 адам қаза тауып, 200-ден астам жолаушы жарақат алған.

Сұхбат • 07 Шілде, 2022

Құрбан айт – қуанышқа бөлейтін мейрам

Исі мұсылманның ұлық мейрамы – Құрбан айтты халқымыз «мейірім мерекесі» деп те атайды. Құрбан айт мерекесінің бірінші күні биыл 9 шілдеге сәйкес келіп тұр. Жүректерге нұр, қарым-қатынастарға мейі­рім мен махаббат сыйлай­тын айт күні қарсаңында Қазақ­стан мұсылмандары діни бас­қар­ма­сының төрағасы, Бас мүфти­ Нау­рызбай қажы ТАҒАН­ҰЛЫНА бірер сауал қойған едік.

Қазақстан • 03 Шілде, 2022

Жаңарған Конституция: Не? Қашан? Қалай?

Жаңарған Конституцияның құқық қорғау әлеуеті қандай? Қабылданып жатқан шаралар құқық қорғау институттарын нығайтуға қалай ықпал етеді? Жаңартылған Конституция бойынша Бас прокуратура, Жоғары сот кеңесінің қызметтері қаншалықты өзгереді?

Қазақстан • 30 Маусым, 2022

«Қасіретті қаңтар»: Сот процесінде келісім институты кеңінен қолданылуда

Қазіргі таңда арнайы проку­рорлар жаппай тәртіпсіздік бойынша – 58, терроризм актілеріне қатысты 8 қылмыс­тық істің ақ-қарасын анықтауда. Ал ішкі істер органдарының тергеушілері 516 қылмыстық істі қарап жатыр. Бұл жөнінде Орталық коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов пен ІІМ Тергеу департаменті­нің басшысы Санжар Әділов мәлімдеді.

Қазақстан • 30 Маусым, 2022

Қос жобаны қайта қарау қажет

Ауылдық жерлерде жұмыс орындарын ашып қана қоймай, жас мамандарды тарту үшін сапалы материалдық-техникалық база, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым құрылуы тиіс. «Ауыл – ел бесігі» және «Дипломмен – ауылға!» жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланған Amanat партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысында осындай ұсыныс айтылды.

Сұхбат • 29 Маусым, 2022

Саладағы реформалар жүйелілік пен сапаны талап етеді

Конституцияның барлық нормаларына сәйкес келетін, қоғам әділ және теңгерімді деп таныған, сот төрелігінің тиімді іске асырылуын қамтамасыз ететін сот жүйесін құрудың жолы қандай? Сот реформасының бүгінгі шындығы неде? Даму перспективаларының алғышарттары қалай белгіленуі қажет? Елімізде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформаларға қатысты осы сұрақтарға «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьялары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірсерік Қожабаев жауап берді.

Қазақстан • 29 Маусым, 2022

Ашық қоғамның айқын көрінісі

Ұлттық құрылтайдың жаңа замандағы рөлі қандай? Мақсат-мұраты неде? Оның Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінен айырмашылығы қан­дай? Amanat партия­сы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөнін­дегі Miras республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысына жиналғандар дәл осы сұрақтар төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Қазақстан • 27 Маусым, 2022

Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты

«Біз біртүрлі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Соғыс жаңа кеңістікке көшті. БАҚ ұрыс алаңына айналды және бұл жаңа қақтығыста жақсы мен жаманды ажыратып алу қиын. Кімнің мейірімді және кімнің қатыгез екенін түсіну де күрделі. Сол үшін арнаны ауыстыру керек. Себебі қарсыластар орындарын жиі алмастырып жатыр». Француз публицисі Фредерик Бегбедердің бұл пікірімен келіспеуге болмайды. Себебі ХХІ ғасыр ақпараттың шекара таңдамайтынын, адамзаттың күн санап «құбылып», әлемдік прогрестің бір орында тұрмайтынын сәт са­йын сезіндіріп жүр. «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында Мемлекет басшысы тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса, қоғамды одан әрі демократия­ландыру мүмкін емес екенін айтқан еді. Осыған орай Президент мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысы мен медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарауды тапсырған болатын. Алайда бүгінгі БАҚ «тәуелсіздік» дегенді қалай түсініп жүр? Журналистердің жауапкершілігі немен өлшенеді? Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру үшін не қажет? Қазіргі медиаконтентті кімдер жасап жүр? Жалпы, Жаңа Қа­зақстанның журналис­тикасы қандай болуы керек? Біз қоғамның көкейінде жүрген осы сұрақтарды отандық медиасаланың бірнеше сарапшысына қойған едік.

Қазақстан • 27 Маусым, 2022

«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Үйлестіру кеңесінде әскери қызметтің қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіп мәселелері қаралды.

Парламент • 26 Маусым, 2022

Қазақстан – Қырғызстан: Парламентаралық байланыс

Мәулен Әшімбаев Қазақ­станға ресми сапар­мен келген Қырғыз Рес­пуб­ликасы Жогорку Кене­шінің төрағасы Нұр­лан­бек Шакиевпен кездес­ті. Сұхбат барысында парламентаралық ын­ты­мақтастықты одан әрі ны­ғайту және елдер арасын­дағы серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.