Экономика • 15 Маусым, 2021
Салық түсімдері – экономика барометрі
2020 жылы Ақтөбе облыстық бюджетіне 123,7 млрд теңге түссе, осы жылдың бірінші тоқсанындағы түсім 47,9 млрд теңгені құрады. Былтырдан бастап заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы республикалық бюджеттен алынып, жергілікті бюджетке аударыла бастауы аймақтардағы салық базасының біршама кеңеюіне әкелді. Айта кету керек, табиғатты ластаушылардың төлейтін эмиссиясы жергілікті бюджет түсімінің 10%-ын, әкімшілік айыппұлдар 28,6%-ын құрайды.
Саясат • 14 Маусым, 2021
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халық алдында есеп берген Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдарында соңғы үш жылдан бері жүргізіліп жатқан ауқымды реформаның жай-жапсары туралы баяндады. Кездесу барысында ведомство басшысы ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды.
Қоғам • 09 Маусым, 2021
Жаза қатаңдағанымен, жағдай өзгерген жоқ
Күн сайын елімізде 70-ке жуық мас жүргізуші ұсталады екен. Соңғы 5 айда ішімдік ішіп алып, көлік айдаған 8,5 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бұл сан біршама азайғанымен, мас жүргізуші қашанда қылмыскер болып қала берері анық. Себебі әр жол-көлік апатының соңы сан соқтырар өкініш-қайғымен аяқталып жатады.
Қоғам • 27 Мамыр, 2021
Үшбуынды модель – адам құқығын қорғаудың жаңа үлгісі
«Қылмыстық істегі қателік адам тағдырын өзгертетінін естен шығармау керек». Бұл – заңдылық пен әділеттілікті толық қамтамасыз етуді тапсырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында басымдық берген мәселенің бірі.
Руханият • 26 Мамыр, 2021
«Бейбітшілік пен келісім жолы»: Елордада халықаралық фотокөрме ашылды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы алаңында әлемдегі ең көп таралған дін – христиан дініне арналған «Бейбітшілік пен келісім жолы» халықаралық фотокөрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2021
Төрт айда 4 мыңнан аса пәтер тоналған
Бейнебақылау камераларын көптеп орнатудың арқасында елімізде соңғы 5 жылда пәтер тонау қылмысы 67 пайызға кеміген. Мәселен, 2016 жылы 44 мың пәтер тонау дерегі тіркелсе, бұл сан былтыр 14 мыңға дейін азайған, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 26 Мамыр, 2021
Пара берумен проблема шешілмейді
Жыл басталғалы бері елімізде жемқорлық қылмысы үшін 300-ден астам адам заңды жазасын алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратына сүйенсек, олардың 78-і пара алғаны, ал 147-сі пара бергені үшін сотталған. Алаяқтық та азаймай тұр. Соңғы төрт айда бұл қылмыс түріне қатысты 40 дерек тіркелген.
Үкімет • 20 Мамыр, 2021
Павлодар облысындағы әкімдер дауы ушығып тұр. Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов «менің үстімнен заңсыз қызметтік тексеру жүргізді» және «берілген сөгіс негізсіз» деп өңір басшысы Әбілқайыр Сқақовтың үстінен сотқа арыз берген.
Қоғам • 20 Мамыр, 2021
Жалған ажырасу неге көбейіп барады?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек алу мақсатында отбасылардың арасында жалған ажырасу деректерінің жиілеп кеткені туралы мәселені көтерген болатын. Мемлекет басшысы бұл көмектің мұқтаж жандарға мемлекет тарапынан жасалған қолдау екенін ескертіп, Үкімет пен Президент әкімшілігіне мұндай алаяқтықты тоқтату үшін тез арада тиісті шара қабылдауды тапсырған еді.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2021
Astana LRT ісі: Кім қанша жылға сотталуы мүмкін?
Күні кеше атышулы Astana LRT ісі бойынша сот отырысы қайта жалғасты. Нұр-Сұлтанда өткен сот отырысы кезінде осы қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген айыпталушыға қатысты тергеудің аяқталғанын мәлімдеген прокурор оларды 7-ден 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.