Экономика • 06 Қыркүйек, 2022
Алқап пен түлікті сақтандыру арзандады
Жылдан-жылға жетіліп келе жатқан агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру жүйесіне шаруалардың қызығушылығы артып келеді. 2020 жылы ерікті механизмге ауысқан жүйе егіншілікпен қатар, мал шаруашылығы саласын да қамтиды. Бұрын мемлекет сақтандыру сыйақысының 50%-ын субсидия түрінде төлесе, 2022 жылғы 5 қыркүйектен бастап сақтандыру сыйақысын субсидиялау 80%-ға дейін артты. Осылайша, шаруалар сақтандыру құнының бестен бір бөлігін ғана төлейді.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2022
Әділетті Қазақстан инклюзивті институттардан басталады
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам». Инклюзивті сипатты айқындайтын ізгі ұғымдар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауының атауы мен мазмұнынан адам арманын іске асыруға жетелейтін осы асыл мұратты көрдік. Бұл – қоғамды қуантатын қағидаттар.
Экология • 04 Қыркүйек, 2022
Су ресурстарын қорғауды көздейді
Қазақстан Республикасының Су кодексі жобасы тұжырымдамасы жобасының жаңа редакциясы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тұжырымдамасының жобасы бойынша қоғамдық талқылау өтті.
Экология • 04 Қыркүйек, 2022
Кіші Талдыкөлді әлі де құтқаруға болады
Жуырда Қазақстан Халық партиясы Кіші Талдыкөлдің мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізді. Аталған көлдің қазаншұңқыры арнайы техникалар арқылы құрғатылып, маңайына көпқабатты тұрғын үй кешендері бой көтеріп жатқанына байланысты экологтер мен тұрғындар табиғи ортаны сақтау туралы мәселені ұдайы көтеріп келе жатқаны белгілі. Олардың айтуынша, табиғи саябақ құруға сұранып тұрған бұл аумақтағы құрғату жұмыстары қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіреді. Осы орайда белсенділер «Қала дерті 6» нүктелі құрылыс мәселелері туралы онлайн-эфирінің кезекті шығарылымын Кіші Талдыкөл мәселесіне арнады.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2022
Әлеуетті көтеретін әлеуметтік бастамалар
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова вице-министрлер, министрліктің құрылымдық бөлімшелері, еншілес ұйымдары мен аумақтық департаменттерінің басшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2022
Өңделген мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы санаққа 19186015 адам қатысты. Осылайша, 2009 жылғы халық санағынан бері ел халқы 20%-ға немесе 3,2 млн адамға өсті. Бұған халықтың табиғи өсімі мен Қазақстан аумағына көші-қон ағыны ықпал етті.
Қоғам • 31 Тамыз, 2022
Семей полигонының ардагерлеріне көмек
Жыл сайын жергілікті атқарушы органдар Семей сынақ полигонының ардагерлеріне атаулы күндерге немесе мереке күндеріне, оның ішінде Жеңіс күніне, Отан қорғаушылар күніне, Семей полигонының жабылу күніне немесе Тәуелсіздік күніне әлеуметтік көмек көрсетеді. Биыл Семей сынақ полигонының 7,6 мың қазақстандық ардагері біржолғы материалдық көмек алды.
Медицина • 31 Тамыз, 2022
Медициналық қызметке шағым көбейіп тұр
Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында айтылғандай, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 1406 Бірыңғай байланыс орталығы алғашқы жартыжылдықта халықтан денсаулық сақтау мәселелері бойынша 400 мыңнан аса арыз-шағым қабылдады. Бұл орайда ТМККК мен МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметке қатысты шағым 1,7 есе – 6,5 мыңнан 11,1 мыңға дейін өскен.
Қоғам • 29 Тамыз, 2022
Электронды еңбек биржасы бір айда 87 мың бос жұмыс орнын жариялады
2022 жылғы шілдеде Электронды еңбек биржасында 87 мың бос жұмыс орны және 70,6 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 30%-ға төмендеді, ал өзекті түйіндемелер саны 18%-ға артты. Сондай-ақ еңбек нарығының маусымдық ерекшеліктері есебінен біліктілігі төмен кадрларға сұраныс қысқаруда.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2022
Бюджетке 8 трлн теңге салық түсімдері түсті
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе немесе 2 557,1 млрд теңгеге салықтық түсімдердің өскені байқалады. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.