Білім • 20 Қыркүйек, 2022
«Қазақстан халқына» қоры қамқорлығындағы тірек мектептер
«Қазақстан халқына» қоры Ақмола облысының Қатаркөл ауылындағы Досов атындағы орта мектепті қажетті материалдық-техникалық жабдықпен қамтамасыз етті. Бұл орта мектеп – қордың «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасына қатысушы 17 тірек мектептің алғашқысы.
Елорда • 19 Қыркүйек, 2022
Вакансиялар жәрмеңкесі – мүмкіндіктер алаңы
Елордада 28-29 қыркүйекте Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында ІТ-вакансиялар жәрмеңкесі өтеді. EXPO көрме орталығының алаңында халықаралық және қазақстандық ІТ-компаниялар жұмыс іздеушілерге ақпараттық технологиялар, Data science, blockchain саласы бойынша 500-дей вакансия ұсынады.
Медицина • 15 Қыркүйек, 2022
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы ел өңірлерін сәтімен аралап келеді. Жылжымалы құрам 2022 жылдың 11 қыркүйегінде Қостанай облысына барды. Онда өңірдің 9 шалғай ауылының тұрғындары жоғары білікті мамандардан кеңес алады.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2022
Абай мен домбыраны құрметтеп...
Дүниеде тек Құдай мұңсыз. Тәңірінің құдіретін көрем десең тауға бар. Жалғыздық Құдайға жарасар. Таңғы нәсіп – Тәңірден. Жыртық үйдің Құдайы бар. Құдайсыз қурай сынбайды. Осылай жалғаса беретін қазақтың Құдай туралы сөзінің қашан, қай ғасырда қолданысқа енгенін нақты білмесек те, әзелден жаратылыстың сыры мен сипатын тереңінен тануға құштар екенін көреміз. Халқымыздың қанындағы толеранттылықтың тамыры табиғатпен етене туған жаратылыс тілін жүрекпен түсінуде болар, бәлкім.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2022
Тұран жолбарысы: ескі де жаңа мекеніндегі ауқымды жұмыстар
Жуырда Ресей Федерациясының Владивосток қаласында жолбарыс аңын сақтап қалуға арналған екінші халықаралық форум өтті. Осы жиында Қазақстан түз тағысын қалпына келтіру бағдарламасын ұсынды.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2022
Әйелдердің зейнеткерлік жасына қатысты мәселелер түсіндірілді
Жуырда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі орналасқан әкімшілік ғимаратта аталған ведомство басшысы Т.Дүйсенова мен Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Д.Нұржігіт, Л.Рамазанова, А.Жамалов, Д.Закиеваның қатысуымен «Әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендету үшін Қазақстан әйелдері қозғалысының» белсенділерімен кезекті кездесуі өтті.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2022
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде инвестициялық штабтың кезекті отырысын өткізді, онда негізгі капиталға және тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша нысаналы индикаторларды орындау қарқыны, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселе қаралды.
Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2022
Ана тілінің абыройын көтергендер марапатталды
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы қорытындыланды.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2022
100 шаршы метрден баспана береді
Қостанай облысындағы өрттің салдарынан баспанасынан айырылған тұрғындар үшін жаңа тұрғын үйлер салынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев айтты.
Экономика • 06 Қыркүйек, 2022
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік тәжірибесі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2030 жылға қарай электр қуатының жетіспеушілігі орын алатынын, аталған мәселені шешуді қазірден бастап ойластыру керегін айта келе елімізде атом электр стансасының құрылысын салуға қатысты мәселелерді зерделеуді тапсырғаны белгілі. Бұл ретте Мемлекет басшысы халықтың мүддесі мен пікірі назарға алынатынын да айтқан болатын. Қазіргі уақытта қоғам тарапынан аталған жобаның жай-жапсары жан-жақты және ашық талқыланып жатыр. Отандық мамандар шет мемлекеттердің осы саладағы іс-тәжірибелерін кеңінен зерделеу үстінде.