• 29 Қыркүйек, 2017
«Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім» дейді Мағжан Жұмабаев. Бір ғасыр бұрынғы бағаның бәсіресі биік. Задында, отарлық түнектен жарыққа ұмтылған сол кездегі қазақ қоғамы серкелерінің мұғалім болмағаны, бала оқытпағаны, оқулық жазбағаны жоқ.
• 15 Тамыз, 2017
Елімізде оқу гранттарының иегерлері белгілі болды. Әрине, қай заманда болса да оқыған – білгір, оқымаған – ділгір. Бәрі білгір болғысы келеді, бәріне бірдей болмақ қайда? Зейін мен зерденің зәуде озатын тұсы – осы. Сондықтан оқу грантына іліге алмаған жас түлектің жабырқаған жанын ет жақындары жұбатып жатады. Бірақ өмір жұбата ма?..
• 05 Шілде, 2017
Елдің есінен 1992 жылдың күзінде Алматыда өткен Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы қалай ұмытылсын! Сол жиында алғаш рет 11 қандасымызға Қазақстан азаматтығы беріліп, төлқұжат тапсырылса, бұл күнде атажұртына 1 миллионға жуық қандасымыз оралған екен. Тек биылғы алғашқы тоқсанда-ақ шет мемлекеттерден көшіп келген 2601 отбасы, 4860 қазақ азаматы қоныстанды.
• 28 Маусым, 2017
Білім – шамшырақ. Алдағы жол андыздап көрінеді. Сүрінбейсіз, жортақтауыңыз, желе жортуыңыз, бауырыңызды кең жазған шабысыңыз жиған білімге байланысты. Білім – ырыстың тізгіні. Ырысты тал бесіктен жер бесікке дейін іздейтін уақыт туды. Өйткені, білгірге ділгірлік бар. Тестілеу қортындысы бойынша жоғары оқу орындарына құжат тапсыратын талапкердің өмірлік мақсат-мұратын айқындауы – ел болашағына қосар үлесін айқындауы. Сондықтан мамандық таңдауға бейжай қарауға болмайды.
• 15 Маусым, 2017
«Тыныш құлақ, сау бас, бас сауында аулақ қаш» дегендей, заманның әлпеті ауырмаудың жолын нұсқайды. Бірақ «басы аманның малы түгел» деген қамсыздық тағы бар.
• 01 Маусым, 2017
Темекіні тастау – жаңа өмір бастау
Бала кезде өрісте жылқы тезегін газетке орап әуестенетін, бозбалалық бұлаң күндерде көше тәрбиесімен езуге қыстыратын, сыбай-салтаң студенттік немесе сарт-сұрт әскери өмірде жора-жолдастармен жұп жазбаудың шегінде шегетін шылым кейін келе көңілдің кіл тұнығын торлап, өз әмірін жүргізетін жетекшіл күшке айналып шыға келгенін көпшілігі білмей қалатыны рас. Әу баста таңсық болған темекі бірте-бірте тәніңіздің тамыршысындай қалаулы, санаңыздың сақшысындай санаулы серігіңізге – күнделікті дағдыңызға айналады. Содан соң «серігіңізді» орта жолда қалдырып көріңіз...
• 13 Сәуір, 2017
Қазақ «Аманат аман сақтайды» дейді. Басты байлыққа баланатын денсаулық – жаратылыстың сыйы ғана емес, аманаты. Сондықтан, он екі мүшенің қадірін білген абзал. Яғни, мейлінше деннің саулығына жағдай жасаған жөн.
• 29 Наурыз, 2017
«Судың да сұрауы бар». Алақанның уысына сыятын аз сумен бойын тазалайтын пайғамбар үмбеті де, телегей-теңіз суды ластауға жол беретін де адамзат баласы.
• 25 Қаңтар, 2017
Елордаға келгенше ел ішінде еңбек еттік. Елдің еңсесін көтеретін де, қабаққа кірбің түсіретін де дүниесі бар. Жақсысы жан семіртеді. Жете алмай жатқаны жабырқатады. Екі қолға бір күрек, бір құрық ұстамай жүрген азаматтардың масыл күйін көргенде көңіл құрғыр еріксіз пәсейіп қалады.