Қоғам • 15 Қазан, 2019
Медициналық сақтандыру мәртебесін анықтайды
Медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесі туралы халықтың жан-жақты ақпарат алуы үшін, сондай-ақ олардың МӘМС жүйесінде өзінің сақтандыру мәртебесін білуге мүмкіндік беретін құрал жасақтады.
Руханият • 11 Қазан, 2019
«Айтсам, тілім күйеді, айтпасам, ділім күйеді» дегендей, мемлекеттік тіл маңындағы мәселелерге тоқталсақ, жарасы жазылмаған жануардай хәлден әлі арыла алмай келе жатқан жұрт екенімізді аңдаймыз. Тілімізден емес, мінімізден көретін келеңсіз-ақ жайт.
Аймақтар • 10 Қазан, 2019
Айына 600 литр сүт тапсыратын ана
Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы Арбузинка ауылының атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғыны ірі қара өсіреді.
Қазақстан • 08 Қазан, 2019
Құм көшкінін сексеуіл тоқтатады
«Тілсіз жауға жаланған, төтеп беріп кеште бұл. Жолды сақтап бораннан, қалды қалың сексеуіл» деген Сырбай Мәуленовтің ғажап жырына арқау болған сексеуіл әзелден құм суырған даладағы жолдың сорабын сақтауға қызмет етіп келе жатқан қайсар өсімдік. Кейінгі кезде пайдалануға берілген «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолының да құм түтіп жейтін шөлейтті учаскелеріне Аралды құтқару қорымен бірге осы бір өсімтал ағашты егу жоспарланып отыр екен. Бұл асфальт жабындысын күннің ыстығы мен тұзды шаң-тозаңның қонуынан, құм көшінен сақтайтын көрінеді.
Қоғам • 04 Қазан, 2019
Ата-ана араздығы бала мүддесін аяқасты етпеуі керек
Отбасындағы әлімжеттік, балаға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бүгінге дейін тек құқық қорғау органдары мен қиындыққа тап болған шаңырақ иелерінің мәселесі сияқты қабылданып келді. Шынтуайтында, отбасы мәселесі – ел мәселесі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр ҚОЖАХМЕТПЕН әңгіме барысында осындай ой түйдік.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019
Оқу – мәдениеттің төресі. Осы уақытта оқығанның беті жарық, оқымағанның беті көн шарық. Оқысаңыз білгір боласыз, оқымасаңыз ділгір боласыз. Бүгінде оқу мәдениетінен айырылып қалдық. Қоғамда қарапайым сауаттылықтың қарабайыр мәселеге айналуы осы ойға қазық байлауымызға мәжбүр қылып, беймаза күйде жүретінбіз. Ойдан ой боталайтын осы бір келеңсіз ахуалдан жол табудың нәзира үлгісін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрсетіп отыр.
Саясат • 19 Қыркүйек, 2019
Бәсекеге қабілеттілік – басым бағыт
Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі Жаһандық кеңестер федерациясының өкілдері елімізде бас қосты. Осы ретте Нұр-Сұлтан қаласындағы жаһандық инновациялық саммитке 16 елден 200-ден астам қатысушы, соның ішінде 50 халықаралық сарапшы жиналып отыр. Бұл биыл оныншы мәрте әрі Орталық Азияда тұңғыш рет өткізіліп отырған кездесу.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2019
Медициналық сақтандыру тұрғындардың шығындарын 2 есеге азайтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге ерекше көңіл бөлді. Бұл жүйе 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл ретте тегін медиицналық көмек әрбір қазақстандық үшін қолжетімді болады. Осыған орай денсаулық сақтау жүйесінде қандай өзгерістер болатыны туралы тиісті ведомствоның вице-министрі Лязат АқтаеваМЕН әңгімелескен едік.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Жергілікті кадрлар өнімге жете мән беруде
Қазақстанда британдық AVONProtection лицензиясы бойынша күләпара (капюшон) типті респираторлар өндіріле бастады. Лицензиар – негізінен мұнайгаз жобалары үшін жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жеткізумен айналысатын қазақстандық «QHSE-Akbarys» ЖШС компаниясы.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2019
Кәсіптік стандарттарды енгізудің маңызы зор
Нұр-Сұлтан қаласында Салалық және кәсіптік стандарттарды әзірлеу мәселелері бойынша біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті. Жиынға Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Тамара Дүйсенова және Ұлттық кеңеске мүше бірқатар ведомствоның вице-министрлері, «Атамекен» ҰКП-ның, қоғамдық бірлестіктер мен компаниялардың өкілдері қатысты.