• 29 Мамыр, 2018
Соңғы уақытта менингитке шалдығу оқиғасы жиілеп кетті. Әсіресе Алматы қаласында аурудың құрығына іліккендер көп. Жуырда Қазақ көлік және коммуникация академиясының 1 курс студенті осы аурудан көз жұмды. Жатақханада бір бөлмеде тұрған студенттер емдеу курсынан өтуде.
• 23 Мамыр, 2018
Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.
• 11 Сәуір, 2018
Балалар алдындағы жауапкершілік
Балалар кіршіксіз ақ парақ сияқты. Осы параққа саналы тәрбие әліппесін жазу, осы парақты от пен судан сақтау – парыз. Ата-анаға ғана емес, қоғамға да. Өйткені олар – өмірдің шуақ нұры.
Қаржы • 15 Ақпан, 2018
Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын салық жинау жүйесінде қолдануды құптаған болатын. Бұл – бүкіл әлемге сыйы мен сынын қоса әкеле жатқан төртінші өнеркәсіптік революцияның бір жаңалығы.
• 02 Ақпан, 2018
Жүргізушісіз көлік: пайдасын көреміз бе, зиян шегеміз бе?
Бүгінде жан-жағымызды түгел дерлік жасанды интеллект өнімдері қоршады. Қолыңыздағы смартфонның онлайн қосымшасымен такси қызметіне жүгіне аласыз, әуежай мен вокзалдардағы кассаларға жүгірмей-ақ ұшаққа, пойызға билетке тапсырыс бере аласыз, тіпті қоғамдық көлік немесе қалааралық қатынастардың да оңтайлы қызметін таңдауға мүмкіндігіңіз бар. Бәрі де уақыт әрі қаржы жағынан тиімді.
• 26 Қаңтар, 2018
Қаржы оқушы санына қарай беріледі
Биылғы Елбасы Жолдауында қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетіні айтылды. Бұл білім ошақтары арасындағы бәсекелестікті арттыруға, жеке капитал тартуға бағытталмақ. Өйткені әлемдегі қаржыландырудың басым бөлігі сұраныс негізінде жүргізіледі. Яғни мектептегі қаржыландыру көлемі оқушылар санына байланысты болады деген сөз.
• 16 Қаңтар, 2018
Ұжымдық рух ұлы жеңістерге қол жеткізеді. Қазақ айтады: «Үш адамның басы қосылса – қауым». Қауымдасқаннан бері адамзат сан түрлі қоғамдық құрылысты өткерді. Ал қазіргі нарықтық қоғамның кілті – табыс. Яғни биік мүдде жолында ұжымдасу және белгілі нәтижеге қол жеткізу.
• 29 Желтоқсан, 2017
Бірнеше жыл бұрын Алматыға сапарлап келген Жапонияның Сендай қаласында тұратын белгілі қазақ ғалымы Нұрбосын Жанпейісовпен әңгімелесудің сәті түскен еді. Тохоку университетінің профессоры, суперкомпьютер саласының маманы туған еліне ұзақ жылдан бері келіп тұрған беті екен. Сол уақта Күншығыс елінде алапат зілзала болып, артынша мұхиттан цунами келіп, Фукусима атом электр стансасы жарылып, аралдағы мемлекетке айтарлықтай шығын алып келсе де, жапон жұрты абыржымай, апат салдарымен ел болып күресіп, барлық қиындықты еңсеріп жатқаны, басқа да жапон құндылықтары туралы ағамыз шешіле сөйледі, біз де ынтамен тыңдадық.
• 04 Желтоқсан, 2017
Дәрі-дәрмектегі жаңа жүйе дәтке қуат па?
Кейінгі уақыт мұғдарында елімізде бес бірдей өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен дәрі-дәрмек саласындағы негізгі оператор саналатын «СК-Фармация» компаниясы жетекшісінің сыбайлас жемқорлықпен жауапкершілікке тартылуы ой-санамыздағы күмәнді қоюлата түсті. Таяуда Денсаулық сақтау министрінің есебін тыңдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Елжан Біртановқа аталған салаға қажетті бақылауды күшейту қажеттігін ескерткені белгілі. Мемлекет басшысы «Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуі шарттар жасасудағы заңнан тыс әрекеттер нәтижесінде орын алады», деген болатын.
• 07 Қараша, 2017
Қадір деген бұл болмыстың бір тегеурінді тұтқасы. Балаң күнімізден санамызға сіңген қадірлі ұғымдар бар. Ол – ата-ана, ағайын-бауыр, жасы үлкендер, жасы кішілер... Әр дүниенің жасқа да, асқа да қатысты қадір-қасиеті болады.