Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
409 материал табылды

Таным • 22 Ақпан, 2024

Түсініксіздік теоремасы

Испан философы Хосе Ортега Гассет «Өнердің дегеманизиялануы» еңбегінде өнердің ХХ ғасырға дейін ғана жалпыға түсінікті болғанын айта келіп, кейінгі жүзжылдықта оның этика және эстетикалық сипатынан ажырай бастағанын баяндайды. Бұрынғы заманда аса қатты бағаланатын сұлулық, ізгілік секілді адами қасиеттер жаңа дәуірдің талғам таразысында мүлдем салмағы болмай шықты. Классикалық өнер иелерінің адам эмоциясымен ойнау тәсілін модернистер әйнек бетін қасақана қырнағанда автоматты түрде туатын тітіркенуге ғана балап, оны барып тұрған әділетсіздікке балады. Осы арқылы олар өз туындыларын ойын ретінде ғана қабылдап, онда ешбір адами сезімді, тіпті адамның өзін көрсетпеуді мақсат тұтты. Ал Х.Гассеттің «Адамшылық аяқталған жерден ақындық басталады» деген пікірі санаңызды тіптен сапырып түсуі мүмкін. Енді ойланып көрейікші. Қазіргі қазақ әдебиетінде де белең алып жатқан осы үдеріс адамзат санасының жаңа дағдарысына әкеліп соқпай ма екен?

Өнер • 22 Ақпан, 2024

Караваджоның кереметі

Иуданың белгі беруі қалды. Жендеттер сол сәтте тап бермекші. Міне, ол оны сүйді. Қас қаққанша жендеттің біреуі жағасынан шап беріп үлгерді. Қазір оны тұтқындайды. Адамзаттың алапат қайғыға душар болғанын ұққан Иоанн шыңғырып сала берді. Иса Мәсіхті өлім жазасына кеспекші...Осы оқиға әйгілі итальян суретшісі Микеланджело Караваджоның «Иуданың сүйісі» картинасында көрініс табады. Кескіндеме өнерінің жауһарына айналған картина несімен ерекшеленеді? Суретшінің жасырған жұмбағы неде?

Қоғам • 21 Ақпан, 2024

Қайырымдылық аукционы

Өткен аптада Астанада халықаралық мейірім күні аталып өтті. Мерекенің мақсаты – адамдар арасында ізгілік, мейірім-махаббатты насихаттау және қайырымдылыққа тарту. Бұл күні түрлі игілікті шаралар ұйымдастырылып, адамдар бір-біріне сыйлық тарту етеді. Осы күнге орай елордада «Asyl niet» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық аукционын өткізді.

Елорда • 21 Ақпан, 2024

Қар күреп, қарттарға көмектесті

Елордада қалың қар жауып, коммуналдық қызметтер күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты колледж студенттері қарт кісілердің ауласын қардан тазалап беріп, «Игі істер марафоны» дәстүрлі акциясын өткізді.

Қоғам • 12 Ақпан, 2024

Тарих пен тұлғаларды жырлаған

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бiрлестiгiнде ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлымен кездесу кеші өтті.

Ұлттық спорт • 08 Ақпан, 2024

Көшпелілер ойындарына дайындық қалай?

Әңгіменің әлқиссасы Түркиядағы IV Дүниежүзілік көшпелілер ойындарынан басталды. Екі жыл бұрын көрікті Изник шаһарының қақ төрінде, дәлірек айтсақ, 2022 жылдың 3 қазанында Түркияның Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоглу дүбірлі доданы қорытындылап тұрып, 102 мемлекет өкілдері алдында «ендігі V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын өткізу құрметіне бауырлас қазақ жұрты ие болды», деп салтанатты түрде жариялаған еді. Ақжолтай хабар бір демде Алаш даласын аралап кетті. Со­нымен, міне, ойдағы жоспардың орындалар күні де жақындап қалды. Абыройымен қатар жауап­кершілігі де зор аламанды өткізуге дайындығымыз қалай? 4 мыңға жуық спортшымен сынға түсетін ұлттық құрамамыз қалай жасақ­талып жатыр?

Қысқы спорт • 31 Қаңтар, 2024

Қысқы ойынның қарқыны

Қазақ спорты жылдан-жылға дамып келе жатыр. Әйтсе де күрмеуі шешілмеген мәселелер әлі де көп. Жазғы Олимпия ойындарында жақсы нәтиже көрсетсек те, қысқы спорт додаларында қынжылып қалатынымыз рас. Қаржыны бөлгенмен, қоржыны толмай қайтатын спортшыларымыз үмітті неліктен ақтай алмай жатыр? Мемлекеттің ең бағалы капиталы дені сау ұрпақ болса, кәсіби спортпен шұғылдану үшін балаларға барлық жағдай жасалған ба?

Руханият • 23 Қаңтар, 2024

Мағжан мен Мансұр Халлаж

Шығыс поэзиясының танымдық тамырына үңілсек, Жаратушымен болмыс бірлігіне ұмтылған лирикалық «менді» байқаймыз. От пен көбелек, гүл мен бұлбұл секілді канондық образдар ақын жанының абсолютті ақиқатқа талпынысын бейнелейді. Осы жолда күллі руханият сатыларын бағындырған кісі «кәмали инсан» немесе «толық адам» деп аталады. Дәл осы сатыда ол үшін пенделіктің пердесі аяқталып, адам – Құдай арасындағы шекара жойылады да, екі болмыс бір бүтінге айналады. Абайдың «әрбір хақиқатқа тырысып, иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айырылма» деген концептуалды идеясы да осы ойды қуаттайды. Нәтижесінде ақиқатпен тұтасқан кемел рух енді тәңірлік диапазоннан үн қата бастайды. Қысқаша айтсақ, Құдайдың атынан сөйлейді. Енді аталған доктринаның ақын шығармашылығынан қалай көрініс табатынына тоқталайық. Заманында «Мен – Хақпын» деген әйгілі ұстанымы үшін опат болған мистик шайыр Мансұр Халлаж бен «Өзіме өзім табынам» деп жырлаған Мағжан Жұмабаев арасындағы рухани үндестік таңғалдырмай қоймайды.

Қысқы спорт • 23 Қаңтар, 2024

Керлингтің кереметі

«Мұз үстіндегі шахмат» аталып кеткен бұл ойынның денсаулыққа пайдасы көп. Әсіресе зерде мен зейіннің жақсы жұмыс атқаруына оң ықпал етеді екен. Көрер көзге жеңіл көрінгенмен, олимпиадалық ойын біраз еңбекті талап етеді. Қуа­ныш­тысы, елімізде керлинг спортына қызығушы­лар­дың қатары күннен-күнге артып келеді.