Ауыл • 19 Мамыр, 2023
Облыс орталығымен аттас ауылдың халқы жергілікті кәсіпорындар елді мекен маңайын заңсыз күл-қоқыс орындарына айналдырып, экожүйені бұзып отырғанына алаңдаулы. «Павлодар жолдары» фирмасы жуықта мұсылмандар зираты орналасқан аумақта көп көлемде битум төгіп, оған қаңғыбас иттер мен ұсақ жануарлар түсіп, қырылған. Бұдан бөлек құрамында сынап бар заттар тасталып жатқаны да тұрғындардың наразылығын тудырды.
Қоғам • 18 Мамыр, 2023
«Еңбек» бағдарламасын пайдаланып оңтүстіктен теріскейге көшіп келген «Алтын алқалы» ана, мектеп ұстазы Гүлжан Базарова қиын жағдайға қалып отырғанын айтып хабарласты. Мүгедек бала асырап отырған отбасына әу баста уәде етілген медициналық қызметтер көрсетілмеген.
Қоғам • 17 Мамыр, 2023
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Гагарин саябағында спортпен айналысу мүмкіндігі туып отыр. Жуықта мұнда бочча ойынына арналған алаң ашылды. Жергілікті жасөспірімдер үзбей жаттығу жүргізіп, Польша елінде өтетін халықаралық жарысқа дайындалып жатыр.
Жәдігер • 16 Мамыр, 2023
Ұлт асылдарының бірі Жүсіпбек Аймауытұлы заманында он саусағынан өнері тамған шебер болыпты. Өз қолымен жасаған ағаш сызғышы, сия сорғышы жергілікті музейде қаз-қалпында сақтаулы тұр.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2023
Керекудегі кең ауқымды жаңарту
Екібастұздың жылу жүйесі мен жылу-энерго орталығындағы жабдықтарды жаңғыртуға биыл 26,3 млрд теңге жұмсалмақ. Жергілікті бюджеттер мен Үкіметтің резервінен 19 млрд теңгеге жуық қаражат бөлініп отыр. «ОАЭК» АҚ және ERG компанияларымен жасалған меморандумдарға сәйкес биыл Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында жалпы ұзындығы 49 шақырым жылу құбырлары, энергия көздеріндегі 40-қа жуық қазандық жабдығы жаңарады.
Қоғам • 14 Мамыр, 2023
Әлеуметтік саланың түйткілді мәселелері талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің Павлодар облысына сапары барысында денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту, жастар саясаты мәселелері, сондай-ақ Президент бастамашылық еткен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы талқыланды.
Тарих • 10 Мамыр, 2023
Мәшһүр Жүсіппен суретке түскен Әбдіразақ кім?
Дәуірлер иірімінде қалыптасқан тарихты жасайтындар бар да, оған ықпал етіп, белгілі бір оқиғалар мен тұлғалар есімдерінің ел аузында сақталып қалуына себепкер болатындар да бар. Біз сөз еткелі отырған қазақтың арда азаматы Мәшһүр Жүсіптей әулие адам бейнесінің кейінгі ұрпаққа мұра ретінде сақталып қалуына себепші болған. Ғұламаның досы Әбдіразақ Дүржанұлының есімі Жүсіпбек Аймауытовтың хатында кездесетіні кездейсоқ емес екен.
Мереке • 10 Мамыр, 2023
Фашизмге қарсы соғыста жеңісті жақындата түсуге себепкер болған қазақтың хас батырларының бірі, керекулік Серікбай Мүткеновтің туғанына биыл 110 жыл толды. Небәрі 23 жылдық ғұмырында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарманның есімін жерлестері ұлықтап, Жеңіс күніне орай туған жерінде ұлан-асыр той өткізді.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2023
Қазақтың көрнекті ақыны Қабдыкәрім Ыдырысов елужылдық ғұмырында ұлттық әдебиеттің, поэзияның асқар биігіне көтерілді. Биыл туғанына 95 жыл толуына орай Павлодар өңірі ақынын ұлықтап жатыр. Оның өлеңдеріне жазылған танымал әндер сахна төрінде шырқалып, тамаша рухани кеш өтті.
Құрылыс • 04 Мамыр, 2023
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Павлодар қаласы үшін Ертіс өзенінің үстінен салынатын жаңа автомобиль көпірінің құрылысы өте маңызды. Себебі Астана бағытындағы ескі көпір құлағалы тұр. Бұл жол арқылы жеңіл машиналардан бөлек, Екібастұз бен Ақсу қалаларына да күнделікті үлкен автобустар қатынайды. Көлік ағыны бір толастамайтын стратегиялық нысан жаңарса, қаланы айналып өтіп жатқан жүк көліктерінің де жолы қысқара түспек.