Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
546 материал табылды

Аймақтар • 03 Мамыр, 2023

Отқа оранған саяжайлар

Шаһардағы саяжайлар бейқам­дықтың салдарынан жиі өртенуі қалыпты жағдайға айналды. Сәуір айында бес бірдей бау-бақша серіктестігінің аумағында ірі өрт шығып, тұр­ғындардың талай жыл мәпелеп өсір­ген жеміс ағаштары мен ерте көктемде сал­ған көшеттері күлге айналды. Тұр­ғындар мұны жергілікті орган­дардың қау­қарсыздығынан көреді.

Аймақтар • 03 Мамыр, 2023

Ленинсіз «Атамекен»

Ертіс-Баян өңірінің халқы биыл ономастика саласында жағым­ды жаңалықтар мол бола ма деп елеңдеп отыр. Облыс орталығының іргесіндегі Ленин кентінің атауын өзгерту туралы көпшіліктің ұсынысы алғашқы қоғамдық тыңдауда қабылданып, жергілікті қауым­дастықтың қолдауына ие болды. Бұдан былай қала қақпасы саналатын кент Ленин емес, «Атамекен» деп аталмақ.

Медицина • 02 Мамыр, 2023

Ауылда дәрігерлер тапшы

Ертістің Павлодар өңірінде арнайы дәрігерлердің жетіспеу­шілігі байқалады. Шалғай елді мекендердің тұрғындары денсаулығын тексерту үшін 200 шақырым жердегі облыс орталығына сабылуға мәжбүр.

Мәселе • 30 Сәуір, 2023

Табиғат – ояу, ағыс – баяу

Мәжілістегі бір топ павлодарлық депутат Шығыс Қазақстандағы су қоймаларынан Ертіс өзеніне босатылып жатқан судың баяулығына алаңдап отыр. Судың ағынын арттырмаса, Павлодар облысының өзен бойындағы жайыл­малары тіршілік нәріне дер уақытында қанықпай қалуы мүмкін. Халық қалаулылары Экология және табиғи ресурстар министрлігінен мәселені шұғыл түрде назарға алуды сұрап отыр.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2023

Екібастұз жұртына өтемақы төлене ме?

Екібастұздың халқы осы жылдың қаңтар, ақпан және наурыз айларында тұтынған электр энергиясы үшін «ОАЭК» АҚ-ның немесе қазына қаражатының есебінен өтемақы төленсін деген талап қойып отыр. Бұған дейін жазғанымыздай, көп пәтерлер қыста күні-түні жылытқыш қосқаны себепті ай сайын жарық үшін 25-30 мың теңге шығындануға мәжбүр болған еді.

Әдебиет • 27 Сәуір, 2023

«Олжабай есен болса, ел аман»

«Он сан Орта жүзге ұран болған» Ер Олжабайдың ерлігі Мәшһүр Жүсіп жазбалары мен Жаяу Мұсаның «Олжабай батыр» дас­таны арқылы халыққа жетсе, батырдың қайраткерлік қырына тарихи тұрғыдан баға берген ғалым Әлкей Марғұлан еді. Батыр бабасы жайында ғұмыр бойы жиған деректерін ғұлама өмірден өтер шағында ұрпағына аманаттап аттанды. Қатпарлы тарих қазынасы жуықта «Олжабай батыр» атты кітап болып басылып шықты.

Экология • 27 Сәуір, 2023

Ертістен бөлінетін су ағысының баяулығы алаңдатады

Павлодар облысынан Мәжіліске сайланған бір топ депутат Шығыс Қазақстандағы су қоймаларынан Ертіс өзеніне босатылып жатқан судың баяулығына алаңдап отыр. Судың екпінін арттырмаса, Павлодар облысының өзен бойындағы жайылмалары тіршілік нәріне дер уақытында қанықпай қалуы ғажап емес. Халық қалаулылары Экология және табиғи ресурстар министрлігінен мәселені шұғыл түрде назарға алуды сұрап отыр.

Ауыл • 26 Сәуір, 2023

Несібесінен айырылған ауыл

Ақкөл-Жайылма жұртының алаңдаушылығы үдеп барады. Өлеңті өзенінің жоғарғы ағысындағы бөгет қайта ашылмаса, көптің көңілі орнына түспейтіндей. Мәселеге қазір Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы, Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары кірісе бастады. Алайда бұл түйткілдің түйіні жақын уақытта шешіле қоятынына күмән мол.

Құқық • 26 Сәуір, 2023

Бәрі бақылаудың жоқтығынан ба?

Павлодар облысында қыл­мыс­­­тық әрекетке барған жас­өспірімдердің саны азаяр емес. Былтыр наурызда тіркелген қыл­мыстық оқиға саны 8 болса, биыл дәл осы кезеңде 5 қыл­мыстық іс есепке алынды.

Аймақтар • 25 Сәуір, 2023

Сарсаңға салған қасапхана

Малды санитарлық талап­тарға сәйкес сою қағидалары шалғай ауылдар үшін үлкен мәселеге айналып отыр. Мы­сал үшін, Баянауыл және Шарбақты аудандарының тұрғындарына жалғыз қойын сойса да 70-80 шақырым жер­дегі қасапханаға сандалуға тура келіп тұр. Тіп­ті межелі орынға жануарды жеткізу бағасы кейде оның құнынан да асып кетеді дейді мал иелері. Кейбір жерде бұ­рыннан істеп тұрған мал сою алаңдары жа­бы­лып қалса, енді бір аумақ­тарда ол тіпті атымен жоқ.