Білім • 07 Қыркүйек, 2022
Павлодар облысындағы қос бірдей ауылдық мектептің оқушылары Мәдениет үйі мен бастауышқа арналған аядай ғана ғимаратта білім алуға мәжбүр болып отыр. Оқу нысандары күрделі жөнделіп жатқанына байланысты жергілікті білім бөлімдері осындай шешім қабылдаған. Сондай-ақ Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Успен, Павлодар және Аққулы аудандарында жалпы саны 17 мектепте жөндеу жұмыстары әлі күнге аяқталмаған. Өңірдің білім беру басқармасы жөндеуді мерзімінде аяқтай алмаған мердігерлер бойынша сотқа 10 талап арыз беріпті. Тағы 12-сі дайындалу үстінде.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2022
Павлодарда футбол бапкері суға батып кетті
Қайғылы оқиға Кенжекөл ауылы маңындағы резиденцияның жанында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2022
Айтыс өтті Ертіс бойын дүбірлетіп...
Ашық аспан астындағы Ertis Promenade сахнасында республикалық ақындар айтысы өтті. От ауызды, орақ тілді сөз сүлейлері жергілікті жұрттың шөлін қандырып, рухани кеш сыйлап қана қойған жоқ, дода соңында алған жүлделерін толығымен Қостанайдағы алапат өрттен зардап шеккен ағайындарымызға аударды.
Экономика • 04 Қыркүйек, 2022
Транзиттік көліктер дизель отынын құйып әкетуде
Өңірдегі жанармай құю стансалары (ЖҚС) өкілдерінің айтуынша, бүгінде ішкі нарықта дизель отынына шамадан тыс жоғары сұраныс байқалады. Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекаралас аймақтарда трактор отынына сұраныс артып кеткен. Сұраныстың еселенуінен Қазақстанда жанар-жағармайды тұтыну көлемі өсуде. Бұл мәселе аталған мемлекеттерден транзитпен өтетін ауыр жүк көліктерінің дизельді көп мөлшерде құйып әкетуі салдарынан туындап отыр. Контрабандалық жолмен шығару фактілері де аз емес.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2022
Өтеусіз грант – өркендеуге жолдама
Жаңадан бизнес бастаған азаматтарды және жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында облыста қайтарымсыз грант беру ісі жалғаспақ. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолтығынан демеуде соңғы екі жылда бұл ұлттық жобаға жетері жоқ. Осы уақытқа дейін өңірде жалпы саны 28 азаматтың әрқайсысы 5 млн теңгеден алған.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2022
Түрікменстаннан Керекуге көш келді. Он бір отбасыдан тұратын қандастарымыз Ертіс-Баян өңіріне аман-есен жетіп, осында тұрақтап қалудың қамына кірісті. Атажұртын аңсап жеткен ағайынды жергілікті жұртшылық пойыздан салтанатпен қарсы алып, құрмет-қошеметін көрсетіп, дәм-тұзын ұсынды.
Ахмет Байтұрсынұлы • 31 Тамыз, 2022
Құран деп сақтап жүргені А.Байтұрсынұлының «Маса» кітабы болып шықты
Керекуде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» кітабының түпнұсқасы табылды. Төте жазумен теріліп басылған көне кітапты жуықта Аққулы ауданының тұрғыны Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейіне әкеліп тапсырған екен. Жәдігердің парақтары әбден сарғайғаны болмаса, жазулары айқын көрінеді. Жергілікті тарихшылар әзірше оның қай жылы шыққанын тап басып айта алмай отыр.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2022
Баянауылдағы «Тотия» тауы бүккен құпиялар мен Ақтоғай өңіріндегі тарихи тұлғалар – зерттелмей, көпшілікке мәлім болмай келе жатқан тың тақырыптар. Жергілікті өлкетанушылар аймақ ғалымдары осы бағыттарда ізденіп, еңбектер жазуын сұрап отыр. Өлкедегі петроглифтер мен жәдігерлер топтастырылған түрлі түсті кітап шығару, археологиялық зерттеулер жүргізу мақсат етілуде.
Медицина • 27 Тамыз, 2022
Керекудегі емдеу мекемелерінің қызметіне шағым айтушылардың саны өсіп келеді. Емделушілер стационарларға берілетін жолдаманы ұзақ күтетіндерін айтады. Жыл басынан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» өңірдегі филиалында тіркелген өтініштер саны былтырғымен салыстырғанда 62,2 пайызға ұлғайған.
Экономика • 26 Тамыз, 2022
Отын тапшылығы – дилерлердің қитұрқы әрекеті
Дизель отынын шектеулі көлемде және талонмен сату үрдісі Ертіс-Баян өңіріндегі жанар-жағармай стансаларының басым бөлігінде сақталып отыр. Тамыз айының басында Павлодар мұнай-химия зауытынан өңірдегі мұнай өнімдерін жеткізушілерге 24 мың тонна трактор отыны беріліпті. Ал облыстың айлық қажеттілігі 9 мың тоннадан аспайды. Жергілікті шенеуніктер қалған көлемнің қай жерде сақталып тұрғандығы немесе өзге өңірлерге сатылып кеткені жайлы ақпаратқа иелік ете алмаймыз дейді. Салдарынан шағын жанармай стансаларында іркілістер туындап, кейбір шалғай аудандарда көлік отынының аталған түрі қат болып тұр.