Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
424 материал табылды

Театр • 30 Мамыр, 2023

«Ұрылар» күлкіге қарық қылды

Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры биыл­ғы маусымдағы соңғы премьерасын ұсынды. Жергілікті көрермен керекулік театрдан көптен бері бұлайша күлкіге қарық болып қайтпапты. «Ұрылар» комедиясы бір сәтке күйбең тіршілікті ұмыттырып, әзіл әлеміне кенелтті.

Мәселе • 30 Мамыр, 2023

Сәтбаев су арнасының жағдайы мүшкіл

Еліміздің орталық бөлігі мен елорда халқын тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған Қ.Сәтбаев атындағы су арнасының жағдайы жыл санап кері кетіп барады. «Қазсушар» РМК құрамына енгелі мекеме қызметкерлерінің кадрлық және әлеуметтік әлеуеті төмендеп қана қоймай, стратегиялық нысанның технологиясын жаңартуда елеулі кемшіліктер пайда болған. Мәжіліс депутаттары мекемеге дербес заңды тұлға мәртебесін қайтарып беруді сұрап отыр.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2023

Өрт сөндіруші батырдың бейнесі

Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қойма­сында отпен арпалысып қаза тап­қан өрт сөндіруші, Халық Қаһарманы Мейір­­­­жан Аймановтың Пав­­­лодарда муралы салын­ды. Керекулік өрт сөн­дірушілер батыр әріп­­­тесін еске алып, ру­хы­­на құрмет көрсетті.

Құрылыс • 28 Мамыр, 2023

Бақылау жоқ, былық көп

Керекудегі құрылыс саласында жүйесіздік шашетектен. Бақылау­сыз­дықтың салдарынан заңсыз салынған тұрғын үйлер көбейген. Көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары үсті-үстіне тарылып, балалар ойнайтын, көлік қоятын бос орын қалмай барады. Құрылыс компания­лары аулалар мен көше қалтарыстарында тұрған сүйемдей бос жер көрсе, сүлікше жабысып, құрылыс құжатын алуға асығады.

Аймақтар • 24 Мамыр, 2023

Қара шіркей қаптаса, инелікпен жылап көрісесің

Керекуде сары масаны жоюға бағытталған биологиялық және химиялық өңдеу шаралары нәтижесін бергені байқалады. Биыл айтарлықтай дүрбелең жоқ. Мамыр айының әдеттегіден салқын болып тұрғаны әрі Ертіс өзені жайылмаларына судың аз жайылғаны да өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігердің «айын оңынан тудырып» тұрған сыңайлы.

Музей • 23 Мамыр, 2023

Қор сақтаушы

Көне тарихтың шырақшысы болу оңай шаруа емес. Жергілікті жердің мәдениеті мен руханиятын қолайы келген жерде паш етіп, көпшілікке тарих қойнауындағы жақұттарымыздан там-тұмдап болса да пайдалы ақпарат жеткізе білсе, музей қызметкері үшін сол – бақыт. Кез келген музейде көрмеге жарқыратып қойған жәдігерлерден бөлек, қордағы заттарды, ескі қолжазбалар мен бұйым­дарды сақтаудың машақаты мол екенін былайғы жұрт қайдан білсін.

Кәсіпкер • 21 Мамыр, 2023

Жас кәсіпкерлерді жарылқайды

Биыл өңірде 157 жас кәсіпкер төмен пайызбен несие алып, өздерінің бизнес идеяларын іске асырудың мүмкіндігін иеленіп отыр. Пайызы төмен несие отыз бес жасқа дейінгі кәсіпкерлерге жеті жыл мерзімге берілмек.

Мектеп • 21 Мамыр, 2023

Ұшақ пен кеме жасаған

Керекудегі балалар техникалық мектебі – еліміз бойынша ұзақ жылдар үзбей жұмыс істеп тұрған қосымша білім беру ұйы­мының бірі. Құрылғанына биыл 63 жыл толған оқу мекемесі оқушы­ларды техникалық бағытта дайындап, болашақ маман­дығын ерте бастан айқындауға мүмкіндік беріп отыр.

Ауыл • 19 Мамыр, 2023

Битумге бөккен ауыл

Облыс орталығымен аттас ауылдың халқы жергілікті кәсіпорындар елді мекен маңайын заңсыз күл-қоқыс орындарына айналдырып, экожүйені бұзып отырғанына алаңдаулы. «Павлодар жолдары» фирмасы жуықта мұсылмандар зираты орналасқан аумақта көп көлемде битум төгіп, оған қаңғыбас иттер мен ұсақ жануарлар түсіп, қырылған. Бұдан бөлек құрамында сынап бар заттар тасталып жатқаны да тұрғындардың наразылығын тудырды.

Қоғам • 18 Мамыр, 2023

Тығырыққа тірелген ана

«Еңбек» бағдарламасын пайдаланып оңтүстіктен теріскейге көшіп келген «Алтын алқалы» ана, мектеп ұстазы Гүлжан Базарова қиын жағдайға қалып отырғанын айтып хабарласты. Мүгедек бала асырап отырған отбасына әу баста уәде етілген медициналық қызметтер көрсетілмеген.