
Ұлттық спорт • 07 Желтоқсан, 2024
Даңқты балуанды ұлықтаған дода
Семей қаласында белгілі балуан, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қуаныш Жұмабекұлы Салықбаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтті. Күрес өнерінің көрнекті тұлғасы атындағы сайыс биыл екінші мәрте жалауын желбіретті.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2024
Семейде балалар теміржолы ашылды
Семейдегі жаңартылған Бейбітшілік аралында балалар теміржолы пайдалануға берілді. Бұл облысымыздағы туризмді дамытуға ықпал ететіні айқын. Сонымен қатар аралда жаңа қоғамдық кеңістік және қала тұрғындары мен қонақтарынан арналған орындар салтанатты түрде ашылды. Қоғамдық кеңістікте балалар ойын алаңдары, футбол, волейбол, стритбол алаңдары мен воркаут аймағы бар. Барлық алаңдарда жаңа кәсіби тренажерлер орнатылған.
Өнер • 06 Желтоқсан, 2024
Семейде сан мыңдаған көрерменнің көңілінен орын, алып, қаншама таланттардың еңсе тіктеуіне зор үлес қосып келе жатқан облыстық Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры 90 жылдық мерейтойы аталып өтті. Қазақ театр тарихының бесігіне баланған бұл мекенде 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің жетекшілігімен Ойқұдық жайлауында «Еңлік-Кебек» пьесасы сахналанған болатын.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2024
Қуаныш Салықбаев атындағы турнир
Абай облысының орталығында Қазақ күресінен Азияның абсолютті чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Салықбаев Қуаныш Жұмабекұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өткізілді. Қазақтың теңдесі жоқ мұрасы, көнеден аманат болып жеткен бүгінгі қазақ күресінің көрнекті тұлғасына арналған байқау биыл екінші мәрте жалауын желбіретті.
Аймақтар • 30 Қараша, 2024
Семей қаласының автопарктері жаңа автобустармен толықты. Жылдар бойы қоғамдық көлік облыс орталығының басты проблемаларының бірі болып келді. Автобус пен жүргізуші жетіспеуіне, тасымалдау мәселесінің шешілмеуіне қатысты жұртшылық жиі шағымданатын еді.
Аймақтар • 29 Қараша, 2024
Семейде жаңадан ашылған, ангиограф аппараты орнатылған рентгенэндоваскулярлық операция бөлмесі – медицина мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланатын орындардың бірі. Бұл аппаратты қолдану арқылы кардиологиялық, аритмологиялық, ангиохирургиялық, кардиохирургиялық, жүйке жүйесі, жалпы қан айналымы жүйесі ауруларын емдеуге, гибридті технологияларды дамытуға жағдай жасалған.
Аймақтар • 28 Қараша, 2024
Семей қаласында мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуына арналған облыстық форум өткізілді. Іс-шараға 450-ден аса қатысушы жиналды. Олардың қатарында Парламент Сенатының депутаттары Қайрат Тастекеев пен Айнұр Арғынбекова, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» төрағасы Төлеубек Мұқашев, сондай-ақ ардагерлер мен барлық деңгейдегі депутаттар бар.
Аймақтар • 28 Қараша, 2024
Қауіпсіздік мәселесі пысықталды
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, елді мекендерді инженерлік қорғау жоспарын жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның жоспардан тыс отырысында мәлім етілді. Басқосуда 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі талқыланды.
Форум • 27 Қараша, 2024
Абай облысында «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» және «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясында жас мұғалімдерге арналған форум өтті. Мақсаты – жас педагогтерге кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін көрсетіп, педагогикалық тәжірибесін жетілдіруге бағыт-бағдар сілтеу.
Аймақтар • 27 Қараша, 2024
Абай облысындағы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы қорытындыланып, алдағы жылдардың жоба-жоспарлары нақтыланды. Жиында облыс басшысы ауыл шаруашылығы қызметкерлері еңбегінің арқасында өңірдің экономикалық тұрақтылығы мен әл-ауқаты артып келе жатқанын атап өтті.