Отбасы • 22 Қазан, 2025
Ұрпаққа өнеге болған мерейлі отбасылар
Отбасы – мейірім мен мерейдің, ізгілік пен ілтипаттың ордасы.Әр шаңырақтың ынтымағы мен татулығы – елдің іргесін бекем ететін ең қымбат құндылық. Осы қасиетті ұстанымды ұлықтаған дәстүрлі «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауы биыл да елорда төрінде өз жалғасын тапты. Республика күні қарсаңында өткен марапаттау салтанатында еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген ең өнегелі 20 отбасы көпшіліктің құрметіне бөленіп, берекелі тіршілігі мен бірлігі арқылы жұртқа үлгі болды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 22 Қазан, 2025
Дивидендтер төлеу мөлшері туралы норма енгізілді
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың ұлттық компаниялардан мемлекеттік бюджетке түсетін дивидендтер көлемін қысқарту жөніндегі сауалына жауап берген Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Бюджет кодексінде бұл мәселеге нақты норма енгізілгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфляция • 22 Қазан, 2025
Үкімет пен Ұлттық банк инфляцияны тежеу жоспарын әзірлеп жатыр
Бүгін Мәжілісте Премьер-министр Олжас Бектенов пен Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен пленарлық отырыста 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет және жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң жобалары қаралды. Құжаттар Бюджет кодексінің талаптарына және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Қазан, 2025
Республикалық бюджеттің қамтамасыз етілуі 83,5%-ға дейін өседі
Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мемлекеттік қаржы параметрлерінің ағымдағы жағдайы мен алдағы жылдарға арналған болжамдарды таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 22 Қазан, 2025
Серік Жұманғарин: 2026 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 5,4% болады
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде алдағы үш жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Қазан, 2025
Германия үкіметі Газа секторында жараланған балаларды қабылдаудан бас тартты
Германия билігі Ганновер әкімшілігінің Газа секторы мен Израильден 20-ға дейін науқас және жарақат алған баланы емдеуге қабылдау туралы ұсынысын қабылдамады, деп хабарлайды Egemen.kz TACC агенттігіне сілтеме жасап.
Еңбек • 22 Қазан, 2025
Биыл ардагерлерге 12,6 млрд теңге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді
2025 жылғы 1 қазандағы деректер бойынша елімізде 79 313 ардагер тұрады. Мемлекет бұл азаматтарға ерекше қамқорлық көрсетіп, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төлеуді жалғастырып отыр. Биыл осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 17 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Қазан, 2025
Елімізде жыл соңына дейін тағы 92 мектеп ашылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында жүктелген міндеттерге сәйкес елімізде білім беру жүйесін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мемлекет мектепке дейінгі тәрбиеден бастап жоғары білім мен ғылымға дейінгі барлық буынның сапасын арттыруға бағытталған ауқымды реформаларды қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Қазан, 2025
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
Орталықта Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллектіні қолдану жетістіктерімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 21 Қазан, 2025
Анна Данилина жұптық сында қарсыластарын ойсырата ұтты
Қазақстанның жұптық сындағы үздігі, әлемнің 13-ракеткасы Анна Данилина Жапония астанасында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы Токио турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.