Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Хоккей • 31 Желтоқсан, 2020

Қапысыз қарсылас

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» тұрақты біріншіліктегі кезекті тур ойынын өз айдынында Сібірдің «Сибирь» клубымен өткізіп, жеңіске жете алмады.

Спорт • 31 Желтоқсан, 2020

2020: Жеңістер мен жеңілістер

Биылғы тышқан жылы өзге сала өкілдері сияқты спортшыларымызға да оңай соққан жоқ. Әлемді шарпыған індет салдарынан жылдың бірқатар маңызды жарысы мен талай додасы кейінге шегеріліп, тіпті кейбір бәсекелер өтпей де қалды. Егер Жер шарының тұрғындары қалыпты жағдайда өмір сүргенде, бәлкім, жаз мезгілінде Токио Олимпиадасында топ жарған өрендеріміздің тұғырлы жеңісін жарыса жазып, сол додада ерекше өнерімен дараланған жаңа қаһармандарға қол соғатын едік. 2020 жылға жоспарланған футболдан қарт құрлықтың жаңа чемпиондарын анықтап, допты ұршықша иірген таланттардың өнеріне тәнті болатын едік. Дегенмен қазақстандық өрендер пандемияға дейін де, вирустың таралуы бәсеңдеген уақытта да бірқатар маңызы зор жарысқа, құрлықтық деңгейдегі додаға және басқа да толып жатқан халықаралық турнирлерге қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Сонымен қатар жеңілістен жігеріміз жасып, көңіліміз құлазыған сәттер де аз болған жоқ.

Теннис • 28 Желтоқсан, 2020

Жеті отандасымыз бақ сынайды

Теннистен келесі жылдың ең алғашқы «Үлкен Дулыға» турнирі ақпанның 8-21 аралығында өтеді. Қазақстанның алты өкілі Аустралия ашық чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды.

Хоккей • 28 Желтоқсан, 2020

«Барыстың» кезекті жеңісі

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» тұрақты біріншіліктің өз айдынындағы матчтар сериясын жеңіспен бастады.

Туризм • 24 Желтоқсан, 2020

Бозжыра – Маңғыстаудың туристік «Меккесі»

Жуырда Egemen Qazaqstan га­зетінде Маңғыстаудың турис­тік мекендері туралы «Tour de Маң­ғыстау» («Egemen Qazaqstan», 3 желтоқсан) тақырыбымен кө­лемді материал жариялаған болатынбыз. Сол мақаланың жал­ғасы ретінде бүгін тұмса таби­ғат пен таңғажайып іздеген жан­ның қызығушылығын оятпай қой­майтын Бозжыра шатқалы туралы көргеніміз бен білгенімізді айт­сақ дейміз. Әрі бұл жер маң­ғаз Маңғыстаудағы ең көрікті ме­кен­дердің бірі ғана емес, Жер ша­рындағы теңдесі жоқ табиғи мекен саналады.

Кәсіпқой бокс • 20 Желтоқсан, 2020

Боксшылардың Тәуелсіздікке тартуы

Өткен мереке күндері бір топ қазақ­стандық боксшы Нұр-Сұлтанда және Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешін­де шаршы алаңға шығып, қазақ­стан­дық бокс жанкүйерлерін жігерлі жеңіс­терімен қуантты.

Кәсіпқой бокс • 20 Желтоқсан, 2020

Белбеу де қорғалды, рекорд та жаңарды

Кеше АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан Hard Rock Holly казино-қонақүйінде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қазақстанның мақтанышы Геннадий Головкин Польшаның мықтысы Камил Шереметаны мерзімінен бұрын жеңіп, орта салмақта IBF және IBО нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғады.

Спорт • 20 Желтоқсан, 2020

Ел чемпиондары анықталды

Бұл күндері Алматыда мәнерлеп сыр­ға­наудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Кезекті жарыс күнінде ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей жарыстың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Футбол • 20 Желтоқсан, 2020

Жыл үздіктері белгілі болды

Әйгілі France Football журналы биыл жылдың үздіктерін анықтайтын «Алтын доп» сыйлығын беруден бас тартқаны баршаға белгілі. Сөйтіп ФИФА жылдың мықтылары анықталмай қалмасын деп онлайн форматта The Best-2020 марапаттау рәсімін ұйымдастырды.

Футбол • 16 Желтоқсан, 2020

Отандық маманға сенім артамыз

Футболдан Қазақстан құрамасын қазақстандық танымал маман Талғат Байсуфинов жаттықтыратын болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.