Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
107 материал табылды

Спорт • 09 Шілде, 2023

Отандық спорттың орталығы

Ел жүрегіне айналған еңселі елордамыздың ел спортында да алар орны ерекше. Кейінгі 25 жылдың ішінде еліміздің бас шаһарында жанкүйерлердің делебесін қоздырған талай дүбірлі додалар ұйымдастырылып, сәні мен сәулеті жарасқан, бірінен бірі өтетін ерекше дизайндағы спорт кешендері бой көтеріп, сол ғимараттарда атағы жер жарған әлемнің дүлдүл спортшылары жаһандық жарыстарда жеңімпаз болды. Яғни осы уақыт аралығында Астана отандық және әлемдік спорттың орталығына айналып үлгерді деп айтуға болатын сияқты.

Күрес • 05 Шілде, 2023

Балуандар Олимпиада жолдамасына таласады

Парижде алауы тұтанатын Жазғы Олимпия ойындарының басталуына да бір жылдан сәл аса уақыт қалды. Қазір Олимпиада бағдарламасына енген бірқатар спорт түрінен жолдамалар сарапқа салынып жатса, кей спорт түрінен лицен­зиялар енді таратыла бастайды. Мәселен, күні кеше Халықаралық күрес федерациясы (UWW) 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарап­қа салынатын белдесулер қай қалаларда өтетінін мәлімдеді. Яғни Олимпиа­даға дейінгі балуандар бәсекесінің іріктеуі үш кезеңге жалғасып, әлемнің үш қаласында ұйымдастырылады.

Бокс • 04 Шілде, 2023

Үздіктер іріктелген турнир

Астананың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған бокстан ерлер және қыздар арасындағы «Елорда кубогі» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Биыл екінші рет жалауы желбіреген байрақты бәсекеде еліміздің ерлер құрамасы 8 алтын, 9 күміс, 15 қола медаль, бұрымды боксшылар 8 алтын, 9 күміс, 13 қола жүлде олжалап, «Beeline Arena» спорт кешеніне жиналған барша бокс жанкүйерін қуанышқа бөледі.

Спорт • 03 Шілде, 2023

«Qazsport» телеарнасына – 10 жыл

2013 жылы ақпарат айдынына қосылып, сол уақыттан бері қазақ спортының жаршысына айналған «Qazsport» телеарнасына биыл 10 жыл толды. Осы мерейлі күнге орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы елордада Open Air форматында мерекелік іс-шара өткізді. Оған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Парламент депутаттары, федерация өкілдері мен спортшылар қатысты.

Футбол • 27 Маусым, 2023

ФИФА рейтингі қалай жасалады?

Өткен аптада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы келесі жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында ФИФА рейтингінде 62-орында тұрған Солтүстік Ирландия құрамасын жеңіп, сенсация жасаған болатын. Жерлестеріміздің осы бір маңызды жеңісінен соң еліміздегі футбол жанкүйерлері Магомед Адиев бастаған жігіттер әлемдік рейтингте ТОП-100 құраманың қатарына қосыла ала ма деген сұрақты кеңінен талқылап жатыр. Осы орайда оқырмандарымызға ФИФА рейтингі қалай жасалатыны, құрамаларға рейтингтік ұпай қалай берілетіні туралы аз-кем мәлімет бере кеткенді жөн көріп отырмыз.

Футбол • 22 Маусым, 2023

Алғашқы қарсыластары белгілі

Швейцарияның Ньон қа­ласында футболдан Чем­пиондар лигасы мен Кон­ференция лигасына қаты­сатын командалардың жеребесі тартылды. 2023-2024 жылғы Еуро­дода жарыстарында ел­ор­­даның «Астанасы» Чем­­­­пиондар лигасында, ал Ақ­төбенің «Ақтөбе», Шым­­­кенттің «Ордабасы» және Қостанайдың «То­былы» бірер жыл бұрын ғана тұсауы кесілген Кон­ференция лигасында бақ сынайды.

Ауыр атлетика • 21 Маусым, 2023

Допинг дауына іліккен атлеттер

Қайбір жылы әлеуметтік желіде бір әріптесіміз «қазір ауыр атлеттеріміз бір жарыстан жүлде жеңіп алса қуанбайтын жағдайға жеттік. Қайта сол медалін енді қашан қайтарып алады екен деп уайымдайтын болдық» деп әзілдеп пост жазғаны бар еді. Арада көп уақыт өтпей, сол әзілі бүгінде шындыққа айналды. Себебі күні кеше еліміздің Көк байрағын әлемдік аренада биікке көтеріп жүрген бірнеше ауыр атлетіміздің қанынан тыйым салынған препарат табылғаны анықталып, жүлдені қосымша «күшпен» жеңіп алғаны белгілі болды.

Футбол • 20 Маусым, 2023

Бұл да бір сенсация

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысып жатқан Қазақстан ұлттық құрамасы еліміздегі барша футбол жанкүйерін тағы да шаттық пен қуанышқа бөледі. Іріктеу сайыстарының төртінші турында Магомед Адиев шәкірттері сырт алаңда Солтүстік Ирландия құрамасымен тарихта алғаш рет кездесіп, футбол әлеміндегі тағы бір ірі тарихи жеңісіне қол жеткізді.

Спорт • 19 Маусым, 2023

61 медаль бұйырды

Елордада қоян-қолтық ұрыстан ересектер арасындағы VII әлем чемпио­на­ты өз мәресіне жетті. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында­ ұйымдастырылған дүбірлі додада жер-жаһанның 32 елінен келген 312 спортшы бақ сынады. Олардың қатарында әлем мойындаған майталман жерлестеріміздің де бар екенін айта кеткен жөн.

Кәсіпқой бокс • 15 Маусым, 2023

Головкин титулсыз қалды

Кәсіпқой бокстағы еліміздің даңқты боксшысы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) бүкіл алтын белбеуінен айырылды. Осыған дейін IBO чемпиондық белдігін иеленіп отырған отандасымыз бұл титулдан да бас тартты. Бұл туралы Халықаралық бокс ұйымы (IBO) мәлімдеді.