Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Туризм • 20 Қыркүйек, 2023

Инфрақұрылым түзелмей, туризм дамымайды

«Қазақстан туризімін қалай дамы­тамыз?» Дәл осы сұрақ аясында отандық және шетелдік туризм мамандары Ақтауда ұйым­дас­тырылған халықаралық туризм форумында бас қосып, отан­дық туризмді дамытудың жаңа бағыт­тарын, сала трендтері мен перс­пективаларын талқылап, елі­мізге ин­весторлар мен жаңа серік­тес­тер­ді тарту мәселесіне кеңінен тоқталды.

Футбол • 18 Қыркүйек, 2023

Іріктеуді сәтті бастады

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына жолдама беретін соңғы іріктеу кезеңін сәтті бастады. Сырт алаңда Нидерланд құра­масымен шеберлік байқасқан жерлестеріміз алаң иелерінен 2:0 есебімен басым түсті.

Ауыр атлетика • 17 Қыркүйек, 2023

Зілтеміршілер жүлдесіз оралды

Сауд Арабиясының бас шаһары – Эр-Риядта ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы кезекті әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жер-жаһан­ның әр қиырынан Араб түбегіне жиналған 700-ге жуық зілтемірші әлемдік доданың бас жүлдесінен бөлек, келесі жылы Парижде алау­ы тұта­натын Олимпия ойындарының жолдамаларын да сарапқа салды. Өкінішке қарай, әлемдік додада өнер көрсеткен жерлестеріміздің бірде-біреуі жүлде­герлер қатарынан көріне алмай, елге құралақан оралды.

Спорт • 13 Қыркүйек, 2023

Әлем чемпионатындағы «тосын сый»

5-12 қыркүйек күндері Польшаның Быдгощ қаласында ұйымдастырылған шахматтан әйелдер арасындағы ІХ командалық әлем чемпио­на­тында тарихи нәтиже тіркеп, күміс медаль жеңіп алған Қазақстан құра­масының шахматшылары елге оралды.

Теннис • 29 Тамыз, 2023

Тайландта топ жарды

Теннисші Григорий Ломакин Тайланд­тың Накхонситхаммаратта қаласында ұйымдастырылған ITF санатындағы турнирдің чемпионы атанды.

Спорт • 29 Тамыз, 2023

Азиадаға барады

Санаулы күндерден кейін Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойын­дарының алауы тұтанады. Азияның Олимпиадасына айналған дүбірлі дода жақындаған сайын Сары құрлық сайысында ел намысын қорғайтын спорт­шылардың есімдері белгілі бола бастады.

Спорт • 29 Тамыз, 2023

Қос жүлдеге қол жеткізді

Бұл күндері Әзербайжанның бас ша­һары – Бакуде нысана көздеуден 53-әлем чемпионаты өтіп жатқаны белгілі. Байрақты доданың кезекті жарыс күнінде жерлестеріміз үздік нәтиже көрсетіп, әлем чемпионатындағы тарихи жүлдеге қол жеткізді.

Хоккей • 28 Тамыз, 2023

«Блинов кубогінде» топ жарды

Елорданың «Барыс» хоккей клубы Ресейдің Омбы қаласында ұйым­дас­тырылған «Блинов кубогінде» жеңіске жетті.

Теннис • 28 Тамыз, 2023

«Үлкен дулығада» бақ сынайды

Теннистен еліміздің ерлер арасында­ғы екінші, әлемнің 128-ракеткасы Тимофей Скатов өз карьерасында алғаш рет «Үлкен дулыға» санатында­ғы АҚШ ашық біріншілігінің негізгі кезеңіне жолдама алды.

Спорт • 23 Тамыз, 2023

Әмір Омарханов Мысырдағы ірі турнирде топ жарды

Теннистен Мысырдың Дакахлия қаласында ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы ең беделді ITF Juniors J100 Dakahlia турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.