Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Хоккей • 15 Мамыр, 2023

Екінші ойында есе жіберді

Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қалаларында өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатының екінші күнінде еліміздің ұлттық құрамасы төрт дүркін жаһандық доданың жеңімпазы Чехия хоккейшілерімен шеберлік байқасып, ірі есеппен жеңіліп қалды.

Спорт • 15 Мамыр, 2023

Чемпиондар елге оралды

Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында атой салып, Көк туды биікте желбіреткен қазақтың батыр ұлдарын жанкүйер қауым елорда әуежайынан сый-құрмет көрсетіп күтіп алды. Жаһандық жарыста жасындай жарқылдаған жерлестеріміздің жеңісіне ортақтасқан дүйім жұртшылық спортшыларға ізгі тілектерін жолдады.

Спорт • 15 Мамыр, 2023

Үздіктерге қосыла алмады

Италия тас жолдарында өтіп жатқан «Джиро д’Италия» велокөпкүндігінің тоғызыншы кезеңі өз мәресіне жетті.

Спорт • 15 Мамыр, 2023

Жұптық сындағы жеңімпаз

Мажарстанның Сегед қаласында ұйымдастырылған байдарка мен каноэде ескек есуден Әлем кубогінде еліміздің спортшылары екі алтын медаль жеңіп алды.

Хоккей • 15 Мамыр, 2023

Әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қалаларында жалауы желбіреген әлем чемпионатын жігерлі жеңіспен бастады. В тобының алғашқы турында Норвегия құрамасымен шеберлік байқасқан Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері 2:0 есебімен жеңіліп жатқанына қарамастан, матч соңындағы буллит сериясында керемет камбэк жасап, қарсыластарынан жеңісті жұлып алды – 4:3.

Спорт • 14 Мамыр, 2023

Әлем кубогінде топ жарды

Мажарстанның Сегед қаласында мә­ресіне жеткен байдарка мен каноэде ескек есуден Әлем кубогінің алғаш­қы кезеңінде отандасымыз Мария Бров­кова алтын медаль жеңіп алды.

Ауыр атлетика • 14 Мамыр, 2023

Медальдің түр-түрі бар

Оңтүстік Кореяның Чинджу қала­сында өтіп жатқан ауыр атлетикадан ере­сектер арасындағы Азия чемпиона­тының кезекті күнінде ел қоржыны бірден үш медальмен толықты.

Өнер • 14 Мамыр, 2023

Мәсіге қойылған мүсін

Бүгінде тұпнұсқасы Лондондағы Британ му­зейінде сақтаулы тұрған ХХ ғасырға тиесілі қазақ мәсісінің көшірме нұсқасы елорданың Алматы ауданында орнатылды. Кезінде Жетісу жерінен ағылшын зерттеушілері тауып, өз еліне алып кеткен қазақ мәсісіне қойылған ерекше арт-нысан Астанадағы «Jetisu» тұрғын үй кешенінің ауласында бой көтерді.

Бокс • 12 Мамыр, 2023

Белеске беттеген бесеу

Жер-жаһандағы бокс жанкүйерлерінің назарын өзіне аудартқан Ташкенттегі әлем чемпионаты да өз мәресіне таяп қалды. Сәрсенбі күнге жоспарланған әлемдік доданың ширек финалында 104 былғары қолғап шебері жұдырықтасып, соның тең жартысы жартылай финалға жолдама алды. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының бес боксшысы да бар.

Бокс • 11 Мамыр, 2023

Жеті боксшы – ширек финалға шықты

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының іріктеу сайыстары өз мәресіне жетіп, жүлделі орындарға ие болған боксшылардың есімдері анықтала бастады. Кеше іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, мықтылығымен дараланған дүние жүзінің дүлдүл былғары қолғап шеберлері ширек финалдық жекпе-жектерін өткізіп, жартылай финалдың жолдамаларын сарапқа салды. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының жеті боксшысы да бар екенін айта кеткен жөн.