Дархан ҚЫДЫРӘЛІ
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
123 материал табылды

Қоғам • 11 Наурыз, 2020

Әже - ұлттық тәрбие ұйытқысы

Қазақ қашанда қыз сыйлаған халық, қыздарын төрге отырғызған ел. Қыздарды ерекше еркелетуге тырысқан атамыз «қыз өссе – елдің көркі» деп, олардың сән-салтанатына ерекше мән беріп қараған. Сондықтан қазақ қыздары қадым заманнан бері ел алдына шығып ән айтқан, аламан айтысқа қатысқан.

Руханият • 28 Ақпан, 2020

Зәки Уәлиди Тоған. «Естеліктер»

(Соңы. Басы 40-нөмірде)   Лениннің ахлақ (мораль) туралы түсінігі Башқұртстан мәселесін қа­ра­ған комис­сияның жұмысына кеңесу үшін мені де шақырып тұ­ра­тын. Мамыр айында комиссия бес баптан тұратын қарар алды. Бұл да Ленин мен Калининнің қол­дары қойылғаннан кейін Кеңес өкіметінің ресми қаулысы ре­тін­де күшіне енді. Қаулыда өлке­міз заң, халық ағарту ісі, ауыл шаруашылығы сияқты мәсе­ле­лерде тәуелсіз, алайда сырт­қы саясат, экономика, қаржы, байла­ныс торабы және жол істері бо­йынша РСФР-ге тәуелді болып, автономиялық мәртебе алды.

Таным • 27 Ақпан, 2020

Зәки Уәлиди Тоған. «Естеліктер»

Биыл башқұрт халқының даңқты перзенті, Башқұрт автономиясын жариялаған және басқарған қайраткер, ғалым Зәки Уәлиди Тоғанның 130 жылдығы. Патшалық Ресейдің қоластындағы түрк халықтарының бостандығы үшін күрескен З.Тоған Алаштың азаттығы, Түркістанның тұтастығы жолындағы ұлт қайраткерлерімен тізе қосқан болатын. Біз бүгін оның «Естеліктер» кітабынан Алашқа қатысты тұстарынан үзінді беруді жөн көріп отырмыз.

Елбасы • 26 Ақпан, 2020

Назарбаев лидерлігі: Ұлы даланың өрлеуі

Ұлы даланың жылнама-жадын жаңғыртып, оны сол күннің биігінен байыптап, болашаққа бағдар еткен, сөйтіп ұлттық код, киелі рәміз, қасиетті ұранға айналған тұлғалар болған. Тұғырлы тұлға ғұмырлы тарихты жасаса, тарих та тегеурінді тұлғаны тудырады. Мұны біз терең тарихымыздың тағылымынан жақсы білеміз. Әрбір дәуір тудырған дарабоз тұлға Ұлы дала тарихын жаңа белеске көтеріп отырды. Көшпелі қоғам өзінің көшбасшы жетекшілерінің соңынан ерді. Сол себепті түркі тарихын ілгері сүйреп, дәуір доңғалағын алға жылжытқан қадау-қадау тұлғаларсыз тұтас тарихты, елдік жүйені тану қиын. Ғұлама Абай «Единица кеткенде, не болады өңкей нөл? Берекеңді қашырма, ел тыныш болса, жақсы сол» дегенде Ұлы дала халықтарының талайғы тарлан тарихынан тағылым түйіп сөйлесе керек.

Руханият • 19 Ақпан, 2020

Абай және Маржани дүниетанымы

Абай және оның дүниетанымы туралы айтқанда ой-танымының, әсіресе шығыстық-діни терең толғамдарының қалыптасуына ықпал еткен тұлғалар туралы тоқталмай кету әсте мүмкін емес. Дала дәстүрі мен халық философиясын бала жастан бойына сіңіріп, кейін медреседе оқып, тіл үйреніп, өздігінше ізденген данышпанның Шығыс пен Батысты тел еміп, адамзаттық өреге көтерілуіне, әрине оқыған кітаптары мен тәлім алған ұстаздарының тигізген әсері орасан зор болғаны анық. Абайға әсер еткен сондай тұлғаның бірі де бірегейі татар халқының ұлы перзенті Шихабеддин Маржани (1818-1889) екені белгілі.

Қоғам • 17 Ақпан, 2020

Бетеге кетер, бел қалар...

Қордайдағы жанжал тез тұтанып, соңы қақтығысқа айналды. Бейбіт күнде оқ атылып, жазықсыз жандар опат болды. Әрине, қайғылы жағдай. Қайтыс болған отандастарымыздың отбасыларына көңіл айтамыз. Жаралылардың да тез сауығып кетуін тілейміз.

Руханият • 06 Ақпан, 2020

Қанағат, рахым ойлап қой...

Әмір Темір заманында ғұмыр кешкен әйгілі шығыс ойшылы Ибн Халдун деген оқымысты «Мұқаддима» атты еңбегінде өркениеттер мен мемлекеттердің де өмірге келгеннен кейін өсіп, өркендейтінін һәм уақыты келгенде өлетінін айта отырып, олардың өшуіне ынсапсыздық пен ысырапшылдықтың себеп болатынын жазған екен.

Руханият • 30 Қаңтар, 2020

Тоныкөк – даңғайыр жырау, данышпан білге, дарабоз қолбасшы

Тұранға толқындап жайылған түгел түркінің тұнық тілі мен дәстүрлі ділін, айшықты бітік-жазуы мен жазба әдебиетінің, жоралы жарғы-түзімі мен мемлекеттік биліктің жөн-жосығын жасап, бағзы бабалардың байрақты бірлігінің бастауында тұрған тұғырлы тұлғаның дала данышпаны, жорықшы жырау Білге Тоныкөк екені белгілі. Бұл тұрғыдан алғанда, біздің жазба әдебиетіміздің негізін қалаушы да алып абыз бабамыз болып шығады. Білге Тоныкөктің бәдіздеп тасқа қашап қалдырған мәңгілік ескерткішінің 1300 жылдығын Халықаралық Түркі академиясының бастамашылдығымен, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Моңғолия мемлекеттерінің ортақ ұсынысымен 2020 жылы ЮНЕСКО аясында атап өтуге ресми шешімнің қабылдануы – тамырлас жұрттың мерейі ғана емес, әлемдік мәдениеттегі елеулі жаңалыққа айналып отыр.

Қоғам • 23 Қаңтар, 2020

«Ақылға сәуле қонбаса...»

Интеллигент – интеллект иесі деген сөз. Абайша айтқанда «есті адам». «Интел­лигенция» сөзін әлемдік әдебиетке алғаш 1860 жылдары енгізген журналист Боборыкин бұл ұғымды «шығармашылық жұмыспен һәм ой еңбегімен айналысатындар» деген мағынада қолданған.

Руханият • 17 Қаңтар, 2020

«Әділет, шапқат кімде бар...»

Жастар жылы жемісін бере бастады. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік кадр резервіне іріктелген, електен өткен, жүзден жүйрік шыққан жігерлі жастарды Ақордаға арнайы шақырып, пікір­лесті. Бұл жүздесуден болашақта ел билі­гіне араласатын жастардың қанаттанып әрі жауап­кершілік жүгін арқалап шыққаны анық.